Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы - өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін ҚМГ қызметкері.

Корпоратив хатшысы ҚМГ мен акционерлер, ҚМГ акционерлері мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Басқармасы мен өзге де органдары арасындағы, ҚМГ мен оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы жүйелі коммуникацияны орнатады.

Корпоратив хатшысының негізгі міндеттері:

• Директорлар кеңесі, акционерлер тарапынан корпоративтік шешімдердің дер кезінде және сапалы қабылдануына қолдау білдіру;

• Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің барлық мәселелері және ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолдану арқылы кеңесші рөлін орындау;

• ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің іске асырылуына мониторинг жүргізу;

• ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Қызмет Корпоративтік хатшы туралы ережемен реттеледі.

Шәріпов Дамир Валерьевич
Корпоративтік хатшы
sharipov
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1980 жылы 22 қаңтар

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы – «Халықаралық құқық». Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA), мамандығы – «Менеджмент». Сертификатталған корпоративтік хатшы. Корпоративтік хатшыларға арналған корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған жаттықтырушы. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» ЖМ жаттықтырушысы.

Жұмыс тәжірибесі: 2001-2007 жылдар аралығында Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007-2012 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-та түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-та әртүрлі қызмет атқарды. 2015 жылы 5 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоратив хатшысы қызметін атқарады.
Байланыс ақпараты
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к-сі, 8, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы
Телефон: +7 (7172) 78 65 25
Электрондық пошта: d.sharipov@kmg.kz