Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өндірістік қауіпсіздік

ҚМГ өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келуге ұмтылады және өндірісті тиімді басқарудың негізгі элементі ретінде өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін үнемі жетілдіруге бағытталған.

ҚМГ-де өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін іске асыру және қолдау үшін бірыңғай талаптар мен тиімді тәсілдерді белгілейтін Корпоративтік стандарт қолданылады.
Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару
ҚМГ-де ірі технологиялық инциденттердің алдын алуға бағытталған инженерлік және басқарушылық шешімдердің жиынтығы болып табылатын өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесі (Process Safety Management) кезең-кезеңімен енгізілуде, оның ішінде:
  • активтер мен технологиялық жабдықтың тұтастығын сақтау;
  • өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару саласындағы (IOGP, OSHA) заңнамалық талаптарға және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес қауіпсіз операциялық қағидаларды, нормалар мен рәсімдерді белгілеу;
  • технологиялық тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу шараларын қолдану;
  • қызметкерлер мен халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, қаржылық және құқықтық салдарға, мүлік пен беделге байланысты шығындарға жол бермеу.