Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Бизнес-бағыттар
ҚМГ қосылған құнды құру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланып, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық көшбасшы болып табылады

2021 жылғы негізгі көрсеткіштер

  • 645
    көмірсутектер қоры (2P), млн тонна мұнай баламасы
  • 21.7
    мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн тонна
  • 74.6
    тасымалдау көлемі, млн тонна
  • 18.9
    өңдеу көлемі, млн тонна
  • 1609
    EBITDA, млрд теңге
  • 669
    еркін ақша ағымы, млрд теңге
  • 414
    есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар, млрд теңге
Активтер географиясы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ӨНДІРУШІ АКТИВТЕР
МЕГАЖОБАЛАР
МАС, Мұнай айдау станциясы
БМАС, Бас мұнай айдау станциясы
БАРЛЫҒЫН КӨРСЕТУ
ӨНДІРУ
ӨҢДЕУ
ТАСЫМАЛДАУ
МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
Мұнай-сервистер
БАРЛАУ
ӨНДІРУ

ҚМГ Қазақстандағы мұнай мен конденсаттың 25%-ін және газдың 15%-ін өндіреді. ҚМГ-нің 9 операциялық активі өндіреді, сондай-ақ Сhevron Corp, Exxon Mobil Corp, Royal Dutch Shell PLC, Eni SpA, TOTAL SA, Inpex Corp, CNPC, ЛУКОЙЛ компанияларымен серіктестікте 3 мегажоба жүзеге асырылып жатыр. 

2021 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жалпы көлемі 21,6 млн тоннаны немесе тәулігіне 444 мың баррельді құрады. Операциялық және мегажобалардың өндіру бойынша үлесі, тиісінше, 64% (14 млн тонна) бен 36%-ды (7,7 

ҚМГ 2031 жылға дейін жиынтық өндіру көлемін 240 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Операциялық активтер Аймақ Сайт
«Өзенмұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 100%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 5 332 мың тонна
Маңғыстау облысы
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 50%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 2 944 мың тонна
Маңғыстау облысы
«Ембімұнайгаз» АҚ
ҚМГ үлесі – 100%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 2 522 мың тонна
Атырау облысы
«Қаражанбасмұнай» АҚ
ҚМГ үлесі – 50%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 1 048 мың тонна
Маңғыстау облысы
«Қазгермұнай» БК» ЖШС
ҚМГ үлесі – 50%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 727 мың тонна
Қызылорда облысы
«ПетроҚазақстан Инк.» АҚ
ҚМГ үлесі – 33%
акционерлері «CNPC E&D» (67%) мен «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ (33%) болып табылатын компаниялар тобы
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 600 мың тонна
Қызылорда облысы
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 434 мың тонна
Ақтөбе облысы
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
ҚМГ үлесі – 50%
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) тепе-тең негізде Компанияның қатысушылары болып табылады
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 298 мың тонна
Ақтөбе облысы
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 47 мың тонна
Ақтөбе облысы
Операциялық емес активтер (мегажобалар) Аймақ Сайт
«Теңізшевройл» ЖШС
ҚМГ үлесі – 20%
2021 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру – 26 553 мың тонна
Атырау облысы
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»
ҚМГ үлесі – 8,44%
«КМГ Қашаған Б.В.» (16,88%), Eni (16,81%), Exxon Mobil (16,81%), Shell (16,81%), TOTAL SA (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX North Caspian Sea (7,56%)
2021 жылы мұнай мен конденсат өндіру – 16 236 мың тонна
ҚМГ үлесіне мұнай мен конденсат өндіру (8,44%) – 1 344 мың тонна
Атырау облысы
«Қарашағынақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»
ҚМГ үлесі – 10%
2021 жылы сұйық көмірсутектер өндіру – 10 338 мың тонна
Батыс Қазақстан облысы
ӨҢДЕУ
ҚМГ компаниялар тобында Қазақстанда төрт ірі мұнай өңдеу зауыты және Румынияда екі мұнай өңдеу зауыты бар. 2021 жылы жалпы өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаға жетті. ҚМГ 2031 жылға дейін қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігін 89%-ке дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Қазақстан Аймақ Сайт
Caspi Bitum
Жобалық өңдеу қуаты – 0,9 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – CITIC компаниясымен бірлесіп 50,00%
Маңғыстау облысы
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Жобалық өңдеу қуаты – 6,0 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – 49,72%, CNPC компаниясымен бірлескен
Түркістан облысы
Павлодар мұнай-химия зауыты
Жобалық өңдеу қуаты – 6,0 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – 100%
Павлодар облысы
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Жобалық өңдеу қуаты –5,5 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі –99,53%
Атырау облысы
Румыния Аймақ Сайт
Вега
Жобалық өңдеу қуаты – 0,3 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – Румыния Үкіметімен бірлесіп 54,63%
Плоешть ауданы, Плоешть қаласы
Петромидия
Жобалық өңдеу қуаты – 4,6 млн тонна
ҚМГ иелік ету үлесі – Румыния Үкіметімен бірлесіп 54,63%
Констанца ауданы, Наводарь қаласы
ТАСЫМАЛДАУ
ҚМГ-де мұнай тасымалының екі түрі бар – магистраль құбырларымен және теңіз флотымен тасымалдау. 2021 жылы ҚМГ үлесіне магистраль құбырларымен мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 64 710 мың тоннаны құрады. 2021 жылы мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі 9 855 мың тонна болды.
Магистральдық құбырлармен тасымалдау Аймақ Сайт
«Каспий құбыр консорциумы»
Негізгі бағыттар: Еуропаға экспорт
Қуаты – жылына 67 млн тонна
ҚМГ үлесі – 20,75%
Атырау облысы
«МұнайТас» СБТК» ЖШС
Негізгі бағыттар: Қытайға экспорт, ішкі нарық
Қуаты – жылына 20 млн тонна
ҚТО үлесі – 51%
Алматы
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС
Негізгі бағыттар: Қытайға экспорт, ішкі нарық
Қуаты – жылына 20 млн тонна
ҚТО үлесі – 50%
Алматы
«ҚазТрансОйл» АҚ
Негізгі бағыттар: Еуропа мен
Қытайға экспорт, ішкі нарық
«Атырау-Самара» учаскесінің қуаты – жылына 17,52 млн тонна
Ақтау портының қуаты – жылына 5,2 млн тонна
ҚМГ үлесі 90%, акцияларының 10%-і «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде оларды сатып алған миноритарлық акционерлерге тиесілі.
Астана
Теңіз флотымен тасымалдау Аймақ Сайт
«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылады.
Мұнайды теңізбен тасымалдаудың негізгі маршруттары:
• Каспий теңізінің су айдынындағы маршруттар;
• Қара және Жерорта теңіздерінің су айдындарындағы маршруттар.
ҚМГ үлесі – 100%.
Маңғыстау облысы
МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
ҚМГ отандық мұнай-газ химиясы саласындамытуды қолға алды, бұл ұлттық компанияның дамуындағы жаңа кезең деуге болады. 2022 жылы полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сонымен қатар, ҚМГ халықаралық мұнай-газ компанияларымен бірлесіп, бутадиен мен полиэтилен өндірісі бойынша жобаларды іске асыруға кіріседі.
Аймақ Сайт
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI)
ҚМГ үлесі: 49,5%
Қуаты: жылына 500 мың тонна полипропилен
Атырау облысы
Мұнай-сервистер
ҚМГ ағымдағы өндіріс деңгейін сақтау, жаңа жобаларды дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы сервистік бағыттарды үйлестіреді, сондай-ақ қызметін жүзеге асырып жатқан өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда өзінің жетекші ролін ескереді.
Аймақ Сайт
«KMG Systems and Services» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
• Солтүстік-Каспий мұнайдың төгілуіне ден қоюдың экологиялық базасы мен теңіз мұнай операцияларын қолдау инфрақұрылымының басқа да объектілерін пайдалануға беру, пайдалану, басқару және оларға сервистік қызмет көрсету;
• теңіз мұнай операцияларын қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру;
• мұнай төгілуінің алдын алу және теңіз бен құрлықта оларға ден қою жұмыстары;
• мұнай-газ жабдығы өндірісі мен оған сервистік қызмет көрсету жобаларына қатысу
Астана
«KMG Drilling&Services» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
Теңіз мұнай ұңғымаларын бұрғылау және салу.
Астана
«Oil Services Company» ЖШС
ҚМГ үлесі – 100%
Қызметтер:
• мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау және игеру;
• ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу;
• мұнай өндірудің технологиялық процестерін химиялау;
• лицензияның негізінде тасымалдау қызметтерін көрсету және қызметтің басқа да түрлерін орындау.
Ақтау
БАРЛАУ
Қорларды толтыру үшін ҚМГ 14 геологиялық-барлау жобасын (6 құрлықта және 8 теңізде) іске асырады және өндіруші активтерде барлауды жүзеге асырып жатыр.

DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған аудитке сәйкес, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2Р) 645 тонна м.б. (4 983 млн барр. м.б.) құрады.
Аймақ
«Құрманғазы» жобасы
Жоба қатысушылары:
• «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ – ӨБК-дегі үлестің 50%-і;
• «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ
(«Роснефть» КАҚ 100%-тік еншілес ұйымы) – ӨБК-дегі үлестің 50%-і.
Жарғылық капиталындағы үлесінің 100%-і «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі «Құрманғазы Петролеум» ЖШС жобаның операторы болып табылады.
Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ тепе-тең негізде – шығыстардың 50%-і бойынша жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Центральная» жобасы
Жоба қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50%;
• «ЦентрКаспмұнайгаз» ЖШҚ (бірлескен кәсіпорын (Байқаушы кеңес) 50/50% «ЛУКОЙЛ» КАҚ пен «Газпром» КАҚ) – 50%.
Ресей Федерациясында тіркелген «Нефтегазовая компания Центральная» ЖШҚ оператор және жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Хвалынское» жобасы
2005 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» КАҚ 50%/50% бірлескен кәсіпорын – «Каспийская нефтегазовая компания» ЖШҚ-ны құрды, Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін, оған жер қойнауын пайдалану құқығы ресімделетін болады.
Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» КАҚ
тепе-тең негізде проценттік қарыздар беру арқылы жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Торғай-Палеозой» ЖШС
Жоба қатысушысы:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 100%.
Осы кезеңде «Торғай» жобасы ҚМГ-нің өз күшімен және ҚМГ-нің жеке қаражаты есебінен көзделіп отыр.
Қызылорда облысы
«Шығыс Бектұрлы» жобасы
Жоба қатысушысы:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і;
• «Көкел Мұнай» ЖШС – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і.
Жобаның оператор Beсturly Energy Operating ЖШС болып табылады.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «Көкел Мұнай» ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Абай» жобасы
Жоба қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і;
• «Эни Исатай Б.В.» – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і.
Жобаның операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС болып табылады.
Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «Эни Исатай Б. В.» компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады.
Атырау облысы
«Исатай» жобасы
Жоба қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і;
• «Эни Исатай Б.В.» – жер қойнауын пайдалану құқығының 50%-і.
Жобаның операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС болып табылады.
Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «Эни Исатай Б. В.» компаниясы кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады.
Атырау облысы
«Жеңіс» жобасы
Жоба қатысушылары:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқықтарының 50%-і;
• «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС
жер қойнауын пайдалану құқықтарының 50%-і.
«Жеңіс Оперейтинг» ЖШС жобаның операторы болып табылады.
Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидатымен жоба бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде жүзеге асырады.
Маңғыстау облысы
«Әл-Фараби» жобасы
Мыналардың қатысуымен «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табылады:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 50,1%;
• «ЛУКОЙЛ» КАҚ — 49,99%.
Кен орнын барлаудан бастап игеру жобасы бекітілгенге дейінгі кезеңде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ» КАҚ кэрри-қаржыландыру қағидатымен жобасы бойынша шығыстардың 100%-і мөлшерінде және «Эни Исатай Б.В.» компаниясы жүзеге асырады
Маңғыстау облысы