Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Жобалар
Бүгінгі таңда ҚМГ көмірсутектерді барлау және өндіру, тасымалдау, сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласында 60-тан астам инвестициялық жобаны іске асыруда.
Компаниядағы жобалық басқару

Ірі жобаларды тиімді жоспарлау және іске асыру құнды құруда шешуші рөл атқарады және Компанияның болашақ қаржылық нәтижелерін айқындайды. Компания Stage Gate Process (жобаларды кезең-кезеңмен іске асыру процесі) қолдана отырып, үздік әлемдік стандарттар мен практикаларға сәйкес жобаларды басқаруда жоғары жетілу деңгейіне жетуге ұмтылады.

Шешім қабылдау моделі инвестициялық комитет пен негізгі бизнес-бағыттар арасында өкілеттіктер бөлуді қарастырады. Барлық жобалар бойынша ішкі сараптама мен кешенді техникалық-экономикалық бағалау жүргізіледі. Іске асыруды бақылау және мониторингін жүргізу орталықтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады.

Заманауи әдіснамалық база енгізілді, сондай-ақ жобалау персоналының құзыреттерін орталықтандырылған және үздіксіз жетілдіру процесі жолға қойылды.

Толығырақ