Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Барлық мүдделі Сатып алушыларға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ресурстарынан мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау жөнінде келесіні хабарлаймыз.
2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы дизель отынын, бензинді және авиациялық отынды қоса алғанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салуды енгізді.
Интернетте ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының атынан жалған коммерциялық ұсыныстар мен келісімшарттардың таралуына назар аударуыңызды сұраймыз, онда өздерін компанияның лауазымды адамдары ретінде көрсететін немесе олар компанияны білдіреді деп жалған мәлімдейтін тұлғалар көрсетілген.

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ішкі нарыққа өткізу тәртібі

Бұл бөлім Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу барысында барлық контрагенттер ескеруге және орындауға міндетті барлық қажетті ақпаратты қамтиды. Өткізу тәртібі 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданылады және 2024 жылғы наурыздан бастап жеткізілетін өнім көлеміне қолданылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Электрондық шарттық іс жүргізу жүйесі енгізілгенін, осыған байланысты мұнай өнімдерін өткізу бойынша контрагенттермен барлық өзара іс-қимыл аталған жүйеге көшірілгенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, мұнай өнімдерін сатып алу ниеті бар барлық контрагенттер төменде көрсетілген сілтеме бойынша аталған Электрондық шарттық іс жүргізу жүйесіне тіркелуі қажет.

Мұнай өнімдеріне қол жеткізу тәртібі туралы

Мұнай өнімдеріне қол жеткізу тәртібі Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларымен реттеледі

Толығырақ

Алдағы жеткізу айына арналған мұнай өнімдерінің бағасы (ҚҚС-сыз)

Жүктеп алу

Өткен айдағы нақты жеткізілім көлемі туралы ақпарат

Жүктеп алу

Жеткізу айының алдындағы айдың 1-і мен 20-сы аралығында өтінімдерді қабылдау кестесі (бұдан әрі – Өтінімдер кестесі) аясында алдағы айда өткізуге қолжетімді мұнай өнімдерінің көлемі туралы ақпарат

Жүктеп алу

Өтінімдерді қабылдау кестесінен тыс осы айда өткізуге болатын бос мұнай өнімдерінің көлемі туралы ақпарат

Жүктеп алу