Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару жүйесі - ҚМГ қызметін басқару мен бақылауды, сондай-ақ акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.

ҚМГ-нің корпоративтік басқару практикасын құру және оны жақсарту Корпоративтік басқару кодексі құжатына негізделеді
2022 жылғы негізгі көрсеткіштер
  • 1317
    Пайда,
    млрд теңге
  • 1176
    Салықтар және бюджетке
    төленетін басқа да міндетті
    төлемдер, млрд теңге
  • 1700
    Сатып алу,
    млрд теңге
  • 82
    %
    Сатып алудағы
    жергілікті қамту үлесі
Корпоративтік басқару рейтингі

2021 жылы жүргізілген тәуелсіз диагностиканың нәтижелері бойынша ҚМГ-ге "ВВВ" деңгейінде корпоративтік басқару рейтингі берілді. Бұл рейтинг корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетінін және жүйенің тиімді жұмыс істейтінін растайды.

ҚМГ корпоративтік басқару құрылымы
stru-corp-upr
Акционерлер

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл - ауқат қоры» акционерлік қоғамы - 67,42%, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 9,58%, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 20%, миноритарлық акционерлер ) – 3%.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акциялар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында.

Толығырақ

Директорлар кеңесі

ҚМГ-нің жалпы қызметіне басшылық етеді, Компания қызметінің басым бағыттарын, даму стратегиясын белгілейді.

Толығырақ

Басқарма

Басқарма компанияның ағымдағы қызметіне басшылық ететін ҚМГ-нің алқалы атқарушы органы.

Толығырақ
Корпоратив хатшысы

ҚМГ мен акционерлер, акционерлер мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, омбудсмен, Басқарма мен ҚМГ-нің өзге де органдары арасындағы жүйелі коммуникацияларды қолдайды.

Толығырақ
special-card

Омбудсмен

Еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Толығырақ
special-card

Комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша міндетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ
Ішкі аудит қызметі

ҚМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды жүзеге асырады.

Толығырақ
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін қауіпті оқиғалардың алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді.

Толығырақ
ҚМГ компаниялар тобының құрылымы

ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ге тиесілі 110 компания кіреді, оның 56-сы ҚР аумағында орналасқан.

Толығырақ
Корпоративті құжаттар
Толығырақ