Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Дивидендтер

2022 жылғы дивидендтер мөлшері

  • 491.71
    теңге, жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері
  • 300
    млрд теңге, төленген дивидендтердің барлығы

Дивидендтер серпіні
есепті жылдың нәтижелері бойынша

2022 2021 2020 2019 2018 2017
Жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері, теңге 491,71 327,80 81,95 133,97 60,64 59,45
Төленген дивидендтердің барлығы, млрд теңге 300 200 50 82 37 36
Акционерлер жалпы жиналыста қабылдаған шешімдер

2023 жылғы 30 мамырда ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысы дивидендтерді төлеуге 300 001 855 903,03 теңге жіберу туралы шешім қабылдады.

Толығырақ
Дивиденд жөніндегі саясат

Дивиденд жөніндегі саясаттың міндеттері – барлық мүдделі тараптардың құқықтарын өзара сақтай отырып, акционерлердің, кредиторлар мен Компанияның мүдделерін оңтайлы үйлестіру, сондай-ақ Компанияның құны мен оның инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.

Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына өткен қаржы кезеңі үшін шоғырландырылған еркін ақша ағымы негізінде есептелген ҚМГ-нің шоғырландырылған таза кірісін бөлу тәртібі және Компанияның бір жай акциясына шаққанда дивидендтер мөлшері туралы ұсыныс береді.

Директорлар кеңесі дивидендтердің ұсынылатын мөлшерін белгілеу кезінде ол қажет деп санайтын кез келген факторларды, оқиғаларды және іс-әрекеттерді, оның ішінде, бірақ олармен ғана шектелмей, мыналарды ескеруге құқылы:

  • компанияның болашақта күрделі салымдар мен инвестициялық жобалар шығындарын қаржыландыру қажеттілігі;
  • қарызға қызмет көрсету қажеттілігі;
  • қаржы орнықтылығы мен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерді сақтау үшін ақша қаражатының жеткілікті деңгейін ұстап тұру қажеттілігі;
  • басқа да маңызды факторлар.
Дивиденд жөніндегі саясаттың толық мәтіні