Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Акциялар

Компанияның акцияларын қалай сатып алуға болады?
2022 жылы 8 желтоқсаннан бастап Компанияның акциялары KASE және AIX жергілікті биржа алаңдарында сатылады. Оларды тиісті биржаға рұқсаты бар аккредиттелген брокерлік ұйым арқылы сатып алуға болады. Аккредиттелген брокерлік компаниялардың тізімі KASE және AIX биржаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайттарында жарияланған.
Компания акцияларының қазіргі құны қандай?
Акция бағасы әр сауда күні сайын өзгеріп тұрады. Компания акцияларының бағасы KASE және AIX ресми сайттарында KMGZ мен KMG стикерлерімен көрсетіледі.
Жеке тұлғалар акцияларын сатқанда құн өсіміне кіріс ретінде жеке табыс салығы салына ма?
ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сату күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiндегі бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен сату кезінде құн өсiмiнен түсетiн кірістер жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 6-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар сату күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен 01.01.2066 жылға дейін босатылады.
Акциялар бойынша дивидендтер түрінде алынған жеке тұлғалардың кірістеріне жеке табыс салығы салына ма?

ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар кіріс түрлерi алып тасталады (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды):

  • бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 млн. теңгені құрайды;
  • бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда 50-ден аз мәмілені құрайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңы 6-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар осындай дивидендтерді есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер түрінде кіріс бойынша жеке табыс салығын төлеуден 01.01.2066 ж. дейін босатылады; мынадай өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылатын:

  • бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 млн. теңгені құрайды;
  • бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда 50-ден аз мәмілені құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өлшемшарттарды сақтамаған кезде  ҚР Салық кодексі 321-бабының 10) тармағына сәйкес дивидендтер түріндегі кіріс жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізіледі және ҚР Салық кодексі 320-бабының 1-тармағына сәйкес Салық төлеушінің кірістеріне 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Тізілімнен маған тиесілі акциялар саны туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Анықтаманы алу үшін Сіз шарт жасасқан брокерлік ұйымға, не «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ бағалы қағаздарға меншік құқықтарын есепке алудың бірыңғай орталығы ретінде қатысады және оның ішінде депозитарлық, тіркеу және ақпараттық қызметтерді ұсынады.

Акционерлердің жалпы жиналысы және акционерлердің құқықтары

Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне не кіреді?
ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысы – компанияның жоғары басқару органы. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне компанияның жарғысына өзгерістер енгізу, қайта ұйымдастыру немесе тарату, директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, дивидендтер төлемдерінің мөлшері мен тәртібін бекіту және көптеген басқа неғұрлым маңызды мәселелер жатады. Акционерлердің жалпы жиналысы құзыреттерінің толық тізбесі ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында және Компания Жарғысында көрсетілген.
Акционерлердің қандай құқықтары бар?
Акциялар иесінің заңнамада және (немесе Компания жарғысында белгіленген тәртіппен Компанияның басқармасына қатысу, дивидендтер алу, Компания қызметі туралы ақпарат алу және өзге құқықтары бар. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңынан, Компанияның Жарғысынан, сондай-ақ Компанияның ресми сайтында «Инвесторлар» бөлімінің «IPO материалдары» ішкі бөліміндегі акцияларды шығару проспектісінен толығырақ ақпарат алуға болады ( «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы (kmg.kz) )
«ҚазМұнайГаз» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына қалай қатысады?
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жиналысты өткізу күніне Компанияның акционері болуы және жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжатты, атап айтқанда брокерлік ұйым берген дербес шоттан анықтаманы көрсету қажет. Жалпы жиналыстар белгіленген орында, сырттай немесе аралас тәртіппен өткізілуі мүмкін. Өткізу және дауыс беру күні, тәртібі, сондай-ақ жиналыстың басқа да бөліктері Акционерлердің жалпы жиналыстары туралы хабарламаларда көрсетіледі. Хабарламалар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында, KASE және AIX қор биржаларында және Компанияның ресми сайтында  «Инвесторларға» бөліміндегі  «Инвесторлардың жалпы жиналысы» бөлімшесінде жарияланады (Акционерлердің жалпы жиналысы (kmg.kz))
Акционерлердің жалпы жиналысында ілеспе аударманы қалай алуға болады?
Акционерлердің жалпы жиналысында ілеспе аударманы қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде алу үшін акционердің өзімен бірге Zoom қосымшасы бар смартфоны және тиісті гарнитуры (құлаққабы) болуы қажет.

Дивидендтер

Дивидендтік саясат және дивидендтер мөлшерлері туралы ақпаратты қайдан білуге болады?
Компанияның ресми сайтында  «Инвесторларға» бөліміндегі  «Дивидендтер» бөлімшесінен (Дивидендтер (kmg.kz)) дивидендтер төлемі тарихымен, дивидендтік саясатпен және Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерімен танысуға болады.
Акцияларды сатып алған кезде маған дивидендтер есептеле ме?
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшерін бекіту туралы шешім Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Жалпы жиналыстың шешімімен дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні, дивидендтерді төлеудің басталған күні белгіленеді және жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібі айқындалады. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу дивиденд алуға құқығы бар тұлғалар тізімін жасау күніне Компанияның тізілімінде тіркелген барлық акцияларға жүргізіледі. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес дивидендтер алу құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталған күннің алдындағы күнге жасалуы тиіс.
Егер тиесілі дивидендтер шотқа түспесе, не істеу керек?
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес  акционердің актуалды жеке деректері өзгерген жағдайда, тиесілі дивидендтер «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ есепке алу жүйесінде  талап етілмеген ақшаға арналған арнайы шотына аударылатын болады. Тиісінше, Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2018 жыл 29 қарашадағы №307 қаулысы) акционер «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға өтініш жасап, өз дивидендтерін кез келген уақытта осы шоттан шеше алады.
Осындай жағдай болмауы үшін акционерлер соңғы ақпаратын жаңартып, өззге де жеке деректерін алдын ала ұсынып отыруы қажет.
Жай акциялар бойынша дивидендтер қандай мерзім ішінде төленеді?
ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23-бабына сәйкес дивидендтер Акционерлердің жалпы жиналысында компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімі қабылдағаннан кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Дивидендтер туралы есеп пен төлемдерге қатысты анықтаманы қалай алуға болады?
Дивидендтерді есептеу және төлеу туралы анықтаманы алу бойынша бағалы қағаздар сатып алынған брокерлік ұйымға өтініш білдіру қажет.

Есептіліктер

Инвесторлар үшін пайдалы ақпаратты қайдан таба аламын?
Инвесторлар үшін пайдалы ақпаратты компанияның ресми сайтынан «Инвесторларға» бөлімінен таба аласыз (Инвесторларға (kmg.kz)).
Әлеуметтік желілерде жоғары табыс әкелетін «ҚазМұнайГаз» АҚ акциялары туралы жарнамалар жиі кездеседі, бұл қаншалықты шын?

Қазіргі кезде бейне және басқа жарнамалық науқандар арқылы алдауға тырысатын алаяқ әрекеттер жиілеп кетті. Онда алаяқтар компанияның атынан қазақстандықтарға компанияның акциясына немесе инвестициялық жобаларына инвестиция құюды ұсынады. Алаяқтар есесіне мұнай мен газды сатудан жылдам пайда табуға болатынына уәде береді.

«ҚазМұнайГаз» АҚ әлеуметтік желілерде мұндай жарнамаларды жарияламайды, компания туралы барлық ресми ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланады. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаз» АҚ бағалы қағаздарын тек лицензиясы бар брокерлік ұйым арқылы сатып алу керек екенін еске сақтаңыздар. Брокерлік ұйымның лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтынан тексеруге болады (GOV.KZ (www.gov.kz)).