Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
ҚМГ-де жобаларды басқару жүйесін енгізу (PMS)

Жобалау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, рентабельді емес жобаларды алып тастау, инвестициялық органдардың өкілеттіктерін қайта бөлу, Инвестициялық шешімдердің негіздемесін сапалы түрде пысықтау, жобаларды іске асыру үшін нақты жауапкершілікті белгілеу және жобалау қызметіне қатысушылардың біліктілігін арттыру есебінен ҚМГ тобында Stage Gate Process қолдана отырып жобаларды іске асыру сапасын арттыру.

ҚМГ-де жобаларды басқару жүйесін енгізу (PMS)
Орналасқан жері
Астана, Атырау, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау облысы, Орал, Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент
Іске асыру мерзімдері
2019-2022
Қатысушылар
ҚМГ, ЕМГ, ӨМГ, ПМХЗ, АМӨЗ, ҚТО, Өріктау Оперейтинг, ҚазГӨЗ, «Орал Ойл энд Газ», ММГ, ҚБМ, ПҚОП, KLPE, KPI, ҚТКФ, «Магистралдық су құбыры», ҚМГИ, ҚТМ, ҚОА, ҚГМ
Ағымдағы жағдайы
Іске асырылуда
Негізгі көрсеткіштер
  • 3
    ҚМГ тобының жобалық басқару саласындағы жетілу деңгейі
  • 1500
    ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлері жобалық басқаруға оқытылды
  • 17
    қызметкер IPMA сертификаттауынан өтті
ҚМГ жобаларын басқару жүйесі 5 компоненттен тұрады:
- Жобаны іске асырудың кезеңдік процесі жобаның өмірлік циклінің әрбір кезеңінің мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелері мен құжаттарын айқындайды;
- Шешім қабылдау жүйесі шешім түрлерін, жобаны басқару аясында шешім қабылдауға жауап беретін басқару органдарын, сондай-ақ олардың өзара байланысын анықтайды;
- Кешенді техникалық-экономикалық бағалау жобаның өмірлік циклінің келесі кезеңіне өтуге дайын болу мәніне сараптамалық бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;
- Ұйымдастырушылық қабілеттер жобалау қызметіне қатысушылардың құрылымын, негізгі рөлдері мен функцияларын белгілейді;
- Нормативтік-әдістемелік құжаттама және құжаттардың құрылымы мен құрамына қойылатын талаптарды белгілейтін жобалық басқару құралдары, жобалық басқару құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықтар.
- Инвестициялық қызмет және жобалық басқару бойынша негізгі әдіснамалық құжаттар бекітілді, жобалық басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін нормативтік база құрылды.
- Негізгі жобаларда жобалау командалары қалыптастырылып, ынталандыру жүйесі енгізілді.
- Жобаларды кешенді техникалық-экономикалық бағалау процесі енгізілді, ол тек экономикалық орындылыққа ғана емес, сонымен қатар техникалық шешімдердің сапасына, жұмыстарды жоспарлау сапасына, келісімшарттық стратегияға, құнның дұрыстығына, тәуекелдерді бағалауға және т. б. негізделген.
- Жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасы енгізілді. Қазіргі уақытта оны жаңғырту жүзеге асырылуда. ЖБАЖ жобалар бойынша деректерді шоғырландыруды, күнтізбелік-желілік жоспарлауды, жұмыстардың орындалуын жоспар-фактілік талдауды, Power BI-де бизнес-талдауды қамтамасыз етеді.
Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар