Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай саммиті: «ҚазМұнайГаз» басшысы компания дамуының негізгі бағыттары туралы айтты

11.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Альметьевск қаласында (Татарстан Республикасы) «Татнефть» компаниясының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған Мұнай саммитіне қатысты.

ҚМГ басшысы форумның панельдік пікірталас алаңында сөз сөйлеп, компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясы туралы айтып берді. Ол ҚазМұнайГаз  жаһандық сын-қатерлер жағдайында  мұнай-газ саласындағы көшбасшы ұлттық компания ретінде қазіргі ахуалға бейімделіп, инновациялық тәсілдерді енгізіп жатқанын атап өтті. 

Бүгінгі таңда ҚМГ ұстанған негізгі стратегиялық бағыт — дәстүрлі мұнай өндіру, мұнай-газ химиясын дамыту және «жасыл» жобаларды іске асыру арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Басты басымдықтардың бірі — геологиялық барлау саласын ілгерілету. Бұл шикізат базасын нығайтып, халықаралық серіктестерді тартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазіргі кезде ҚазМұнайГаз «Татнефть» компаниясымен бірлесіп, «Қаратон Подсолевой» барлау жобасын іске асырып жатыр. 

Компания мұнай-газ химиясын дамуға серпін беретін стратегиялық сала ретінде қарастырады. Бұдан бөлек бизнес-процестердің барлық деңгейінде тиімділікті арттыруға ерекше мән берілуде. Үдерістерді оңтайландыру, цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу өндірістік операциялардың сенімділігі мен сапасын арттыра отырып, шығын көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл — бәсекелі нарық жағдайында өте маңызды.

А.Хасенов ҚМГ-ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын таныстырып, жаңартылатын энергия көздері саласында ENI мен Total Energies компанияларымен бірге іске асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Сондай-ақ ол жаңа технологияларды әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша халықаралық ынтымақтастық бастамаларын жеке атап өтті. 

Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз Жапония мен Германияның ғылыми мекемелері, инженерлік компаниялары және университеттерімен бірлесіп, сирек кездесетін металдар мен сутегі энергетикасы саласында зерттеулер жүргізіп жатыр. Мамандарды, соның ішінде жастарды оқыту және өзара тәжірибе алмасу бағытында қарым-қатынас нығайып келеді.

— Халықаралық ынтымақтастық — озық технологияларға қол жеткізуге, жаңа құзыреттерді қалыптастыруға, энергетика саласындағы жаһандық мақсаттарға сай келетін ортақ шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, — деп түйіндеді А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>