Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазға қарасты мұнай сервис ұйымдарында «Сапарларды басқару» цифрлық жобасы іске асырылуда

10.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтау қаласында еншілес мұнай сервис ұйымдары — «Oil Services Company» ЖШС (ОSC) және «Oil Construction Company» ЖШС-де (ОСС) «Сапарларды басқару» цифрлық жобасын іске асыру бойынша жиын өткізді.

Бастаманың мақсаты — операциялық жұмысты жеңілдету және қағаз құжат айналымының көлемін азайту. Жоба көлікті басқару процестері (көлікке сұраныс, жол парағы, қозғалыс қауіпсіздігіне онлайн мониторинг жасау) бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізу арқылы көлік қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге бағытталған. Маусым айының соңында мынадай жұмыстар атқарылды:

ОЅС және ОСС мекемелерінде көлікке сұраныс бойынша 31 мыңнан астам өтінім электронды форматта орындалды;

қағаз түріндегі құжат қайталанбас үшін тиісті деректер 1С есепке алу жүйесімен интеграцияланды;

қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін онлайн хабарлама жолдау жүйесі енгізілді.   Бұл жоба сондай-ақ «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-де енгізіліп жатыр.

 Бұған дейін тәжірибе алмасу үшін мұнай сервисі ұйымдарының 57 қызметкері «Ембімұнайгаз» АҚ-да тағылымдамадан өтті. Аталған компанияда осындай жүйе іске қосылып, өзінің тиімділігін дәлелдеген болатын.

Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов мұнай сервис компаниялардың басшыларына жұмыс процестерін жақсарту мақсатында цифрландыруды жалғастыруды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>