Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Жетібай» мұнай айдау станциясында резервуар паркін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда

14.07.2025

«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Жетібай» мұнай айдау станциясы аумағында резервуар паркін реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында әрқайсының көлемі 10 000 м³ болатын екі понтоны бар тік болат резервуар салу және нысанның өрт сөндіру жүйесін қайта құру жоспарланған.

 Бүгінде №1 понтоны бар тік болат резервуар құрастырылып, гидросынақтан сәтті өтті.

№2 резервуар бойынша қызмет көрсету алаңдары, жолақтар, көбік пен су бүрку құбырлары сияқты қосалқы құрылымдардың монтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

Сондай-ақ әрқайсысының көлемі 1900 м³ болатын темірбетоннан жасалған өртке қарсы су қорының 2 резервуары құрастырылды.

Кәріздік сорғы станциялары – №4 (КНС-4) және №5 (КНС-5) – орнатылып, жеке сынақтан өткізілді. Сонымен қатар 0,4 кВ №4 қуат басқару қалқаны орнатылып, іске қосылды.

Бүкіл резервуар паркіне арналған өрт қауіпсіздігі құбырлары (көбікті және суды жеткізетін) толықтай орнатылып, сынақ жұмыстары жүргізілді. Ендігі модульдік өрт сөндіру сорғы станциясы жеткізілмек.

Жоба аясында электрмен жабдықтау, автоматтандыру, өрт дабылы және технологиялық байланыс желілерін тарту және монтаждау да қарастырылған.

Аталған жобаны іске асыру резервуар паркінің жалпы сыйымдылығын арттырып, «Жетібай» мұнай айдау станциясы нысандарының сенімділігі мен өрт қауіпсіздігін едәуір жақсартады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>