«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлама
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Қоғамның Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, 1-т.е.ж, осы хабарлама арқылы өз акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің (2025 жылғы 29 қараша – 1 желтоқсандағы шешім №20/2025 хаттамасы, №2 мәселе) бойынша бетпе-бет дауыс беру нысанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – АКЖЖ) өткізетіні туралы хабардар етеді.
АКЖЖ өткізілетін күні: 2025 жылғы 31 желтоқсан.
Уақыты: 15:00 (Астана қаласының уақыты бойынша).
Өтетін орны: Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, т.е.б. 1, 2-қабат, конференц-зал.
АКЖЖ ұсынып отырған күн тәртібі:
- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
- Жаңа редакциядағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеге бекіту туралы.
АКЖЖ-ның күн тәртібіне Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
АКЖЖ-ға қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 1 қаңтардағы 00 сағат 00 минуттағы (Астана қаласының уақыты бойынша) жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасайды.
Кворум болмаған жағдайда, қайта АКЖЖ 2025 жылғы 1 қаңтарда жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жоғарыда көрсетілген күн тәртібі шеңберінде сағат 15:00 (Астана қаласының уақыты бойынша) өтеді.
Материалдармен танысу тәртібі
АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің қарауына АКЖЖ өткізілетін күнге дейін 10 (он) күнтізбелік күнінен кешіктірмей келесі мекенжай бойынша қолжетімді болады:
Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, т.е.б. 1, 11-қабат, №1107 кабинет
Жұмыс күндері 08:00–17:30 (Астана уақыты бойынша).
Сонымен қатар, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылатын болады.
Қоғам акционерінің сұрауы болған кезде, материалдар сұрауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сол акционерге жіберіледі, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және жеткізу шығыстарын акционердің өзі көтереді.
Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.
- ҚАЗМҰНАЙГАЗ ҰҚ АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
- «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ
Байланыс мәліметтері
Материалдар және АКЖЖ өткізу мәселелері бойынша:
+7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде)
+7 (7172) 78-65-25, +7 (7172) 78-61-86 (орыс және ағылшын тілдерінде)
Жазбаша сұрау: Қоғамның нақты мекенжайына жолданады.
Инвесторлармен өзара әрекеттесу бойынша:
Телефон: +7 (7172) 78-64-34
E-mail: ir@kmg.kz
БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша:
Телефон: +7 (7172) 78-91-49
E-mail: press@kmg.kz
АКЖЖ өткізу тәртібі
АКЖЖ өткізу тәртібі
АКЖЖ-ға қатысу үшін Қоғам акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу 2025 жылғы 31 желтоқсанда (ауыстырылған жағдайда 1 қаңтарда) жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүргізілетін болады.
АКЖЖ-ға қатысуға тіркелу үшін акционерде өзімен бірге келесі құжаттар болуы қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- АКЖЖ-ға қатысуға және дауыс беруге арналған сенімхат (сенімді тұлғалар үшін);
- акцияларды иелену құқығын растайтын құжат — дербес шоттан үзінді көшірме.
Егер АКЖЖ-ға қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, АКЖЖ-ға қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады.
АКЖЖ Қоғамның офисінде, акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, кейбір қызметкерлердің, Қоғамның Басқарма мен Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Акционерлер АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін АКЖЖ қорытындылары шығарылады, содан кейін олар белгіленген тәртіппен жарияланады.
АКЖЖ-да ілеспе аударманы қазақ / орыс / ағылшын тілдерінде алу үшін Қоғам акционері (акционердің өкілі) өзімен бірге Zoom қосымшасы бар смартфон және құлаққаптар алып келуі қажет.
АКЖЖ 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35–52-баптарына сәйкес өткізіледі.