«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Қоғамның Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, 1-т.е.ж, осы хабарлама арқылы өз акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің (2026 жылғы 28 сәуірдегі №7/2026 хаттамасы, №2 мәселе) бойынша бетпе-бет дауыс беру нысанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – АЖЖЖ) өткізетіні туралы хабардар етеді.
АЖЖЖ өткізілетін күні: 2026 жылғы 29 мамырында.
АЖЖЖ өткізілетін уақыты: сағат 15.00 (Астана қаласының уақыты бойынша).
АЖЖЖ өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, 1-т.е.ж, 2-қабат, «Атамекен» конференц-зал.
АЖЖЖ ұсынып отырған күн тәртібі:
-
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
-
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2025 жылға арналған таза кірісін бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері туралы.
-
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлердің 2025 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері туралы өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
-
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы
АЖЖЖ-ға қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы 2026 жылғы 29 сәуірдегі 00 сағат 00 минуттағы (Астана қаласының уақыты бойынша) жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасайды.
Кворум болмаған жағдайда, қайта АЖЖЖ 2026 жылғы 30 мамырында жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жоғарыда көрсетілген күн тәртібі шеңберінде сағат 15:00 (Астана қаласының уақыты бойынша) өтеді.
АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің қарауына АЖЖЖ өткізілетін күнге дейін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) 10 (он) күнтізбелік күнінен кешіктірмей, Қоғам ғимаратында келесі мекенжай бойынша дайын және қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, 1-т.е.ж, 11-қабат, №1107 кабинет, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сонымен қатар, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып, АЖЖЖ-тың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылатын болады.
Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.
Материалдар бойынша, сондай-ақ АЖЖЖ өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін келесі телефондар арқылы алуға болады:
+7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде),
+7 (7172) 78-65-25, +7 (7172) 78-61-86 (орыс және ағылшын тілдерінде), немесе Қоғамның атына жазбаша сұрау жіберу арқылы алуға болады.
Өзге мәселелер бойынша акционерлер Қоғам корпоративтік веб-сайтының «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратына сәйкес, оның ішінде:
инвесторлармен өзара әрекеттесуге байланысты мәселелер бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-64-34
е-mail: ir@kmg.kz
бұқаралық ақпарат құралдарыпен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-91-49
е-mail: press@kmg.kz
АЖЖЖ өткізу тәртібі
АЖЖЖ-ға қатысу үшін Қоғам акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу 2026 жылғы 29 мамырда (ауыстырылған жағдайда 2026 жылғы 30 мамырда) жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-ден (Астана қаласының уақыты бойынша) бастап бойынша сағат 14.55-ке (Астана қаласының уақыты бойынша) дейін жүргізілетін болады.
АЖЖЖ-ға қатысуға тіркелу үшін акционерде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, дауыс беру құқығы бар (сенімді тұлғаларға) АЖЖЖ-ға қатысуға сенімхат, сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжат, атап айтқанда, дербес шоттан үзінді көшірмесі болуы қажет.
Егер АЖЖЖ қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, АЖЖЖ-ға қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады.
АЖЖЖ Қоғамның офисінде, акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, кейбір қызметкерлердің, Қоғамның Басқарма мен Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Акционерлер АЖЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін АЖЖЖ қорытындылары шығарылады, содан кейін олар белгіленген тәртіппен жарияланады.
АЖЖЖ-да ілеспе аударманы қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде алу үшін Қоғамның акционердің (акционердің өкілі) өзімен бірге Zoom қосымшасы бар смартфоны және құлаққаптары болуы қажет.
АЖЖЖ 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.