«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Қоғамның атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, 1-т.е.ж, осы хабарлама арқылы өз акционерлерін Қоғамның ірі акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бастамасымен және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі (2025 жылғы 10 қыркүйекте №15/2025 хаттамасы, №6 мәселе) бойынша бетпе-бет дауыс беру нысанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – АКЖЖ) өткізетіні туралы хабардар етеді.
АКЖЖ өткізілетін күні: 2025 жылғы 13 қазанда.
АКЖЖ өткізілетін уақыты: сағат 15.00 (Астана қаласының уақыты бойынша).
АКЖЖ өткізілетін орны: Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, т.е.б. 1, 2-қабат, конференц-зал.
АКЖЖ ұсынып отырған күн тәртібі:
1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.
3. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
АКЖЖ-ның күн тәртібіне Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
АКЖЖ-ға қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 13 қыркүйектегі 00 сағат 00 минуттағы (Астана қаласының уақыты бойынша) жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасайды.
Кворум болмаған жағдайда, қайта АКЖЖ 2025 жылғы 14 қазанда жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жоғарыда көрсетілген күн тәртібі шеңберінде сағат 15:00 минутта (Астана қаласының уақыты бойынша) өтеді.
АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің қарауына АКЖЖ өткізілетін күнге дейін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) 10 (он) күнтізбелік күнінен кешіктірмей, Қоғам ғимаратында келесі мекенжай бойынша дайын және қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, т.е.б. 1, 11-қабат, №1107 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сонымен қатар, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып, АКЖЖ-тың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылатын болады.
Қоғам акционерінің сұрауы болған кезде, АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сол акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын сол акционер көтереді.
Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.
- ҚАЗМҰНАЙГАЗ ҰҚ АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
- «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Материалдар бойынша, сондай-ақ АКЖЖ өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін келесі телефондар арқылы алуға болады:
+7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде),
+7 (7172) 78-65-25, +7 (7172) 78-61-86 (орыс және ағылшын тілдерінде),
немесе Қоғамның атына жазбаша сұрау жіберу арқылы алуға болады.
Өзге мәселелер бойынша акционерлер Қоғам корпоративтік веб-сайтының «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратына сәйкес, оның ішінде:
инвесторлармен өзара әрекеттесуге байланысты мәселелер бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-64-34
е-mail: ir@kmg.kz
БАҚ-пен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-91-49
е-mail: press@kmg.kz
АКЖЖ өткізу тәртібі
АКЖЖ-ға қатысу үшін акционерлерді тіркеу 2025 жылғы 13 қазанда (ауыстырылған жағдайда 14 қазанда) жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-ден бастап жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін жүргізілетін болады.
АКЖЖ-ға қатысуға тіркелу үшін акционерде өзімен бірге жеке куәлігі, дауыс беру құқығы бар (сенімді тұлғаларға) АКЖЖ-ға қатысуға сенімхат, сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжат, атап айтқанда, дербес шоттан үзінді көшірмесі болуы қажет.
Егер АКЖЖ қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, АКЖЖ-ға қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады.
АКЖЖ Қоғамның офисінде, акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ кейбір қызметкерлердің және Қоғамның Басқарма мен (немесе) Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін АКЖЖ қорытындылары шығарылады, содан кейін олар белгіленген тәртіппен жарияланады.
АКЖЖ-да ілеспе аударманы қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде алу үшін акционерлерде өзімен бірге Zoom қосымшасы бар смартфоны және құлаққаптары болуы қажет.
АКЖЖ 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.