«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Қоғам Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, 1-т.е.ж., осы хабарлама арқылы өз акционерлеріне Қоғамның ірі акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бастамасы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (2026 жылғы 13 қарашадағы №18/2026 хаттама, №4 мәселе) шақырылатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – АКЖЖ) бетпе-бет дауыс беру нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
АКЖЖ өткізілетін күн: 2026 жылғы 24 желтоқсан.
АКЖЖ өткізілетін уақыт: сағат 14:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).
АКЖЖ өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, 1-тұрғын емес үй-жай, 2-қабат, «Мәжіліс» конференц-залы.
АКЖЖ-ның ұсынылатын күн тәртібі:
1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтыруды бекіту туралы.
АКЖЖ-ның күн тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
АКЖЖ-ға қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде 2026 жылғы 24 қарашада сағат 00:00-дегі жағдай бойынша (Астана қаласының уақыты бойынша) жасайды.
2026 жылғы 24 желтоқсанға белгіленген АКЖЖ-да кворум болмаған жағдайда, қайталама АКЖЖ 2026 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) жоғарыда көрсетілген мекенжайда және сол күн тәртібі шеңберінде өткізіледі.
АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АКЖЖ өткізілетін күнге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын дайындалып, Қоғам акционерлерінің танысуы үшін Қоғамның ғимаратында мына мекенжай бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, 1-тұрғын емес үй-жай, 11-қабат, №1107 кабинет, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сонымен қатар, АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылады.
Қоғам акционерінен тиісті сұрау салу келіп түскен жағдайда, АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сол акционерге жіберіледі. Бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындауға және оларды жеткізуге жұмсалатын шығыстарды сұрау салған акционер көтереді.
Қоғам акционерлерінің сұрау салулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның орналасқан жері бойынша, сондай-ақ төменде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы қабылданады.
АКЖЖ материалдарына, сондай-ақ оны өткізуге қатысты сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
+7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде);
+7 (7172) 78-65-25, +7 (7172) 78-61-86 (орыс және ағылшын тілдерінде).
Сондай-ақ Қоғамға, оның ішінде o.nechaeva@kmg.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы жазбаша сұрау салу жолдауға болады.
Өзге мәселелер бойынша Қоғам акционерлері Қоғамның корпоративтік веб-сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген байланыс деректері арқылы Қоғамға хабарласа алады, оның ішінде:
инвесторлармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-64-34;
электрондық пошта: ir@kmg.kz;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-91-49;
электрондық пошта: press@kmg.kz.
АКЖЖ өткізу тәртібі
Қоғам акционерлерін (акционерлердің өкілдерін) АКЖЖ-ға қатысу үшін тіркеу 2026 жылғы 24 желтоқсанда (қайталама АКЖЖ өткізілген жағдайда – 2026 жылғы 25 желтоқсанда) сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүргізіледі.
АКЖЖ-ға қатысу және тіркеуден өту үшін акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, АКЖЖ-ға дауыс беру құқығымен қатысуға берілген сенімхаты (Қоғам акционерлерінің өкілдері үшін), басшының өкілеттігін растайтын құжаты (заңды тұлғалар болып табылатын Қоғам акционерлерінің басшылары үшін), сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжаты, атап айтқанда, дербес шоттан үзінді көшірмесі болуы қажет.
Егер АКЖЖ-ға қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі Қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, АКЖЖ-ға қатысу құқығы Қоғамның жаңа акционеріне өтеді.
АКЖЖ Қоғамның кеңсесінде Қоғам акционерлерінің немесе олардың өкілдерінің, кейбір қызметкерлердің, сондай-ақ Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің немесе олардың кейбірінің қатысуымен өткізіледі.
Қоғам акционері (заңды тұлға болып табылатын Қоғам акционерінің басшысы) Zoom қосымшасын пайдалана отырып, АКЖЖ-ға қашықтан қатысуға құқылы.
Ол үшін тіркеу уақыты аяқталғанға дейін o.nechaeva@kmg.kz электрондық пошта мекенжайына жеке басын куәландыратын құжаттың және дербес шоттан үзінді көшірменің көшірмелерін қоса тіркеп, жазбаша өтінім жіберу, сондай-ақ жеке басын сәйкестендіруге қажетті техникалық мүмкіндікті қамтамасыз ету қажет (өзінің бет-бейнесін және жеке басын куәландыратын құжатын бейнебайланыс арқылы көрсету).
Конференцияға қосылуға арналған шақыру сілтемесі АКЖЖ басталғанға дейін жіберіледі.
АКЖЖ-ға қашықтан қатысатын Қоғам акционері (заңды тұлға болып табылатын Қоғам акционерінің басшысы) күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы, алайда кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Қоғам акционерлері АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін АКЖЖ қорытындылары шығарылып, кейіннен белгіленген тәртіппен жарияланады.
АКЖЖ барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне синхронды аударманы тыңдау үшін Қоғам акционері (акционердің өкілі) өзімен бірге Zoom қосымшасы орнатылған смартфон мен құлаққап алып келуге тиіс.
АКЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру өткізілмейді.
АКЖЖ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңының 35–52-баптарына сәйкес өткізіледі.