Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің 2023 жылы 30 мамырда өтетін жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»), атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-құрылыс, осы арқылы өзінің акционерлерін мынадай күн тәртібімен сырттай нысанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – АЖЖЖ) өткізілетіні туралы хабарлайды:

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
  2. 2022 жылғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивидендтің мөлшері туралы.
  4. 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылына акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
  5. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
  6. Жаңа редакцияда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы.
  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы» мәселесі бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін тұлғаның 2022 жылғы 20 қаңтардағышешіміне (№05/22 хаттама) өзгеріс енгізу туралы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ АЖЖЖ шақырудың бастамашысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (2023 жылғы 28 сәуірдегі №8/2023 хаттама).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталу күні - 2023 жылғы 22 мамыр.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні - 2023 жылғы 29 мамыр, сағат 18.00 минутқа дейін (Астана қаласының уақытымен).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні - 2023 жылғы 30 мамыр, сағат 18.00 минутқа дейін (Астана қаласының уақытымен).

АЖЖЖ-ға қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты – 2023 жылғы 29 сәуірде сағат 00.00 минут (Астана қаласының уақытымен).

Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы, 11-қабат, № 1107 кабинет мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен) АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін АЖЖЖ өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей дайын және қолжетімді болады. Қоғам акционерінің сұрауы болған кезде АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұраныстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.

АЖЖЖ «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Қазақстан Республикасы Заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Алдағы АЖЖЖЖ туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес Қоғамның Интернет-ресурсында қолжетімді болады.


Дауыс беруді жүргізу тәртібі


Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Акционер жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ акцияларды илену құқығын растайтын құжаттың көшірмесін, атап айтқанда, брокерлік ұйым берген дербес шоттан үзінді көшірмесін де беруі тиіс.

Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс. Акционер – заңды тұлғаның басшысы сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, акционер – заңды тұлғаның бірінші басшысын сайлау немесе лауазымға тағайындау туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер – заңды тұлғаның өкілі қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер – заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сенімхаттың немесе акционер өкілінің өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.

Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының тек біреуі белгіленуі тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесіне 2023 жылғы 29 мамырда сағат 18.00 минутқа дейін (Астана қ. уақыты бойынша) поштамен жіберілуі немесе қолма-қол берілуі тиіс.

Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.

АЖЖЖ, егер барлық бюллетеньдер берілген күні не бюллетеньдер беру мерзімі аяқталған күні оған қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізіміне енгізілген, Қоғамның дауыс беретін акцияларының жиынтығында елу және одан да көп пайызына иелік ететін акционерлер (акционерлердің өкілдері) белгіленген тәртіппен осындай бюллетеньдерді берген болса, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қарауға және шешімдер қабылдауға құқылы.

АЖЖЖ-ға қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімін Қоғамның акциялары ұстаушыларының тізілімі жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасайды.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

Қоғам акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға құқығы бар.

Материалдар бойынша, сондай-ақ АЖЖЖ өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде), +7 (7172) 78-65-25 (орыс және немесе Қоғамның атына жазбаша сұрау жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Өзге сұрақтар бойынша Сіз Қоғам веб-сайтындағы «Байланыс деректері» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратына сәйкес Қоғамға хабарласа аласыз, оның ішінде:

  • инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

    Телефон: +7 7172 78 64 34
    E-mail: ir@kmg.kz

  • БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау сұрақтары бойынша:

    Телефон: +7 (7172) 78 91 49
    E-mail: press@kmg.kz