«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Қоғамның атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8‑ғимарат, т.е.б. 1, осы арқылы өз акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің (2025 жылғы 10-11 сәуірдегі №7/2024 хаттамасы) бастамасы бойынша аралас (күндізгі және сырттай) дауыс беру нысанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – АЖЖЖ) өткізетіні туралы хабардар етеді.
АЖЖЖ өткізілетін күні: 2025 жылғы 29 мамыр.
АЖЖЖ өткізілетін уақыты: сағат 15.00 минут (Астана қаласының уақыты бойынша).
АКЖЖ өткізілетін орны: Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, т.е.б. 1, 2-қабат, конференц-зал.
АЖЖЖ ұсынып отырған күн тәртібі:
1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2024 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы.
3. Акционерлердің 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарына жазған өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
4. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген тәртіппен аралас (күндізгі және сырттай) дауыс беру нысанында АЖЖЖ өткізілуіне байланысты АЖЖ күн тәртібі өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
АЖЖЖ-ға қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 29 сәуірдегі (Астана қаласының уақыты бойынша) 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасалынады.
Кворум болмаған жағдайда, қайта АЖЖЖ 2025 жылғы 30 мамырда жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жоғарыда көрсетілген күн тәртібі шеңберінде сағат 15. 00 минутта (Астана қаласының уақыты бойынша) өтеді.
АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлермен танысу үшін АЖЖЖ өткізілетін күнге дейін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, Қоғам ғимаратында мынадай: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-ғимарат, т.е.б. 1, 11-қабат, № 1107 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) мекенжайы бойынша дайын және қолжетімді болады.
Сонымен қатар, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып, АЖЖЖ-тың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылатын болады.
Қоғам акционерінің сұрауы болған кезде АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын сол акционер көтереді.
Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.
- «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ» АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ СЫРТТАЙ ДАУЫС БЕРУ БЮЛЛЕТЕНІ
- «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ» АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
Материалдар бойынша, сондай-ақ АЖЖЖ өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде),
+7 (7172) 78-65-25, +7 (7172) 78-61-86 (орыс және ағылшын тілдерінде),
немесе Қоғамның атына жазбаша сұрауды жіберу арқылы.
Өзге мәселелер бойынша акционерлер Қоғам корпоративтік веб-сайтының «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратына сәйкес, оның ішінде:
инвесторлармен өзара әрекеттесуге байланысты мәселелер бойынша Қоғаммен хабарласа алады:
телефон: +7 (7172) 78-64-34
е-mail: ir@kmg.kz
БАҚ-пен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша:
телефон: +7 (7172) 78-91-49
е-mail: press@kmg.kz
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі
АЖЖЖ-ға қатысу үшін акционерлерді тіркеу 2025 жылғы 29 мамырда (ауыстырылған жағдайда - 30 мамырда) (Астана уақыты бойынша) сағат 11.00-ден (Астана уақыты бойынша) сағат 13.00-ге дейін жүргізілетін болады.
АЖЖЖ-ға қатысуды тіркеу үшін өзімен бірге жеке куәлігі, дауыс беру құқығы бар (сенімді тұлғаларға) АЖЖЖ-ға қатысуға сенімхат, сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжат, атап айтқанда, дербес шоттан үзінді көшірмесі болуы қажет.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, АЖЖЖ-ға қатысу құқығы жаңа акционерге
АЖЖЖ Қоғамның офисінде, акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ кейбір қызметкерлердің және Қоғамның Басқарма мен Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен өтеді.
АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау Қоғам акционерлерінің Қоғамды басқаруға қатысу құқықтарын кедергісіз іске асыру мүмкіндігі мақсатында аралас (күндізгі және сырттай) дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.
Акционерлер АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін АЖЖЖ қорытындылары шығарылады, содан кейін олар белгіленген тәртіппен жарияланады.
АЖЖЖ-да ілеспе аударманы қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде алу үшін акционерлер өзімен бірге Zoom қосымшасы бар смартфоны және құлаққаптары болуы қажет.
Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі
1. Алдағы АЖЖЖ туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетен қоғамның интернет-ресурсында және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қолжетімді (www.dfo.kz).
2. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2025 жылғы 19 мамыр.
3. Осы Хабарламаның Сырттай дауыс беруін өткізу тәртібінің 18-тармағында сипатталған жағдайда сырттай дауыс беру нәтижелерін санау үшін бюллетендерді берудің басталу күні 2025 жылғы 29 мамыр болып табылады.
4. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2025 жылғы 29 мамыр сағат 13.00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
5. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2024 жылғы 28 мамыр сағат 13.00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдің түпнұсқасы пошта арқылы жіберілуі немесе қолма-қол ұсынылуы тиіс, 2025 жылғы 29 мамыр (Астана қаласының уақыты бойынша) сағат 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, т.е.б. 1, мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесінде қабылдануы керек.
7. Осы Хабарламаның 18-тармағында сипатталған жағдайда сырттай дауыс беру бюллетенінің түпнұсқасы жалпы жиналыстың есеп комиссиясына Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы мекенжай бойынша 2025 жылғы 29 мамыр сағат 13:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) ұсынылуы тиіс.
8. Акционер жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін де, сондай-ақ акцияларды иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесін, атап айтқанда, жеке шоттан үзінді көшірмені ұсынуы тиіс.
9. Заңды тұлға-акционердің басшысы сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда ‑заңды тұлға-акционердің бірінші басшысын сайлау немесе лауазымға тағайындау туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай‑ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет.
10. Заңды тұлға-акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
11. Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
12. Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер онда тегін, атын, әкесінің атын / заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуге және күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нұсқаларының біреуін ғана таңдауға тиіс.
13. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға-‑акционер (жеке тұлға-акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс.
14. Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
15. Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
16. Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескерілетін болады.
17. Егер бұрын дауыс беру үшін бюллетень жіберген акционер АЖЖЖ-ға қатысу және дауыс беру үшін келсе, оның бұрын жіберілген бюллетені АЖЖЖ кворумын айқындау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
18. АЖЖЖ-ты өткізуге арналған үй-жайдағы орындардың санына сәйкес келетін акционерлерінің саны тіркелгеннен кейін, АЖЖЖ-қа қатысуға үшін және дауыс беруге келген акционерлерге АЖЖЖ-тың Есеп комиссиясы сырттай дауыс беру бюллетеньдерін береді, олар толтырылуы және осы Хабарламаның Сырттай дауыс беруін өткізу тәртібінің 7‑тармағында белгіленген мерзімде АЖЖЖ-тың Есеп комиссиясына қайтарылуы қажет.
19. АЖЖЖ «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415‑II Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.