Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің
2023 жылы 27 маусымда өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»), атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, осы арқылы өзінің акционерлерін 2023 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де (жергілікті уақыты), Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, 2 қабат, мәжіліс залы мекенжайында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жеке жалпы жиналысының (бұдан әрі – АКЖЖ) өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамның ірі акционері – меншік құқығында Қоғамның 533 395 161 жай акцияларына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі Қоғамның сенімгерлік басқару құқығындағы 58 420 748 жай акцияларына иеленген «Самұрық-Қазына» АҚ - АКЖЖ шақырудың бастамашысы болып табылады.

АКЖЖ ұсынылатын күн тәртібі:

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

АКЖЖ өткізу күні – 2023 жылғы 27 маусым.

АКЖЖ өткізу күні уақыты – 11 сағат 00 минут, жергілікті уақыты бойынша.

АКЖЖ өткізу жері – Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 ғимарат, 2 қабат, мәжіліс залы.

АКЖЖ қатысу үшін акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 27 маусымда (егер кейінге қалдырылған болса, 28 маусымда)  жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден жергілікті уақыты бойынша 10:30-ға дейін жүргізіледі.

АКЖЖ-ға қатысуды тіркеу үшін акционерлер өздерімен бірге жеке куәлік, дауыс беру құқығымен (сенімді тұлғаларға) АКЖЖ-ға қатысуға сенімхат және акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты, атап айтқанда брокерлік ұйым берген жеке шоттан үзінді көшірмені алып жүруі керек.

АКЖЖ-ға қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылдың 27 мамырда жасалады.

Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы, 11-қабат, № 1107 кабинет мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен) АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін АКЖЖ-сы өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) күннен кешіктірмей дайын және қолжетімді болады. Сондай-ақ, құпия ақпаратты қорғауды ескере отырып, АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылады. Материалдар бойынша, сондай-ақ АКЖЖ-сын өткізу бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде), +7 (7172) 78-65-25 (орыс және ағылшын тілінде) немесе Қоғамның атына жазбаша сұрау жіберу арқылы жүзеге асырылады. Қоғам акционерінің сұрауы болған кезде АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұраныстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.

Кворум болмаған жағдайда қайта АКЖЖ 2023 жылғы 28 маусымда жергілікті уақыты бойынша сағат 11:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

АКЖЖ-ның күн тәртібіне Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

АКЖЖ Қоғамның кеңсесінде акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ Қоғамның кейбір қызметкерлері және Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен бетпе-бет жиналыс нысанында өткізіледі. АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер дауыс беру арқылы қабылданады. АКЖЖ-ның қорытындысы акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдағаннан кейін шығарылады және белгіленген тәртіпте жарияланады.

АКЖЖ  «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Қазақстан Республикасы Заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

2023 жылғы 27 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаға қосымша

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ»), атқарушы органның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05Н9Е8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2023 жылғы 27 маусымда Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, 2-қабат, конференц-зал (бұдан әрі – «АКЖЖ») мекенжайы бойынша жергілікті уақытпен сағат 11:00-де өткізу туралы бұрын жарияланған хабарламаға қосымша, осымен мыналар туралы хабарлайды.

АКЖЖ-ға қатысу үшін акционерлерде АКЖЖ үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) өтуін қамтамасыз ету үшін ZOOM қосымшасы бар смартфон және құлаққап болуы керек.

Басқа сұрақтар бойынша Қоғамның веб-сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпараты бойынша хабарласуға болады, соның ішінде:

  • инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

    Телефон: +7 7172 78 64 34
    E-mail: ir@kmg.kz

  • БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау сұрақтары бойынша:

    Телефон: +7 (7172) 78 91 49
    E-mail: press@kmg.kz