Жаңа ESG рейтингі

Біз Компанияның қызметіне тұрақты даму көрсеткіштерін басқару жүйесін жетілдіру және негізгі ESG-тәуекелдер мен мүмкіндіктерді түсіну үшін қажетті шарт болып табылатын ESG өлшемшарттарын біріктіруді жалғастырдық.

Sustainalytics халықаралық агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрақты даму саласындағы рейтингісінің тәуекел көрсеткішін 34,5-тен 28,4 балға дейін жақсартты, бұл ҚМГ-нің халықаралық мұнай-газ нарығындағы ESG елеулі тәуекелдерін басқарудағы күшті позицияларын көрсетеді.

ҚМГ-нің ESG-рейтингісі ықтимал 100 балдың ішінен 69-дан 72 балға дейін көтерілді. ESG-рейтингісінің құрамдас бөліктері бойынша ҚМГ мынадай бағаларға ие болды: экологиялық құрамдас бөлік 69-дан 74-ке дейін, әлеуметтік құрамдас бөлік 70-тен 72-ге дейін, корпоративтік басқару – 67-ден 72-ге дейін көтерілді. Бұл компанияның мұнай-газ компаниялары арасында әлемдегі тұрақты даму саласындағы іңайтарлықтай жоғары екенін көрсетеді.

Sustainalytics ESG компанияларына экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару саласындағы тәуекелдерін, сондай-ақ бәсекелестермен салыстырғанда осы тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалау арқылы рейтинг береді. Sustainalytics рейтингісі туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді:  https://www.sustainalytics.com/esg-rating/kazmunaygas-nc-jsc/1028382256

"Sustainalytics" халықаралық рейтинг агенттігі (Амстердам, Нидерланды)

Sustainalytics – бұл экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәуелсіз зерттеу компаниясы, бүкіл әлемдегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық компания.

Біз Sustainalytics беделді агенттігі ҚазМұнайГаз-ды тұрақты даму саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде бағалағанына көңіліміз толады. Біз өз қызметімізге ESG-принциптерді енгізуге кешенді және жүйелі түрде жақындап келеміз: Компанияның Экологиялық саясаты бекітілді, ҚМГ-нің декарбонизация саласындағы өз тәсілдерін әзірлеу мақсатында Төмен көміртекті даму жөніндегі жобалық кеңсе құрылып, ол кейіннен Компанияның Даму стратегиясына біріктірілді, Компанияның Төмен көміртекті даму бағдарламасы әзірленді.

Біздің алдымызда тұрақты даму саласындағы жоғары стандарттарды қолдау бойынша үлкен сын-қатер тұр. Бизнесті жүргізуге жауапты тәсілді таңдай отырып, ҚМГ жаһандық ESG-мақсаттарға қол жеткізудегі өзінің ниетін растайды.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ

ESG-рейтинг (Environmental, social and Governance) – бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай-ақ Компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау.

ESG рейтингісі инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар үшін стратегиялық құрал болып табылады және компанияның ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақтылығын анықтау үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.