Есептің маңызды тақырыптарын айқындау

Есепте маңызды тақырыптарды бағалау және ашу үшін сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) деректері талданды. Жүргізілген рәсімдердің нәтижелері бойынша әлеуетті тақырыптар тізімінің 24 тақырыбының ішінен маңыздылық матрицасы жасалды.

Маңызды тақырыптарды бағалау құрылымында таразыларды бөлу

Маңыздылық матрицасын салу үшін тиісінше көлденең және тік осьтерде ішкі және сыртқы көрсеткіштердің нәтижелері пайдаланылды. Матрицада қолданылатын бағалау шкаласы 1-ден 5 балға дейінгі диапазонды құрайды.

Мүдделі тараптар үшін онлайн сауалнама Google Forms платформасының базасында дайындалды. Сауалнамаға акционерлердің, ҚМГ КО, ЕТҰ, өнім берушілердің, қауымдастықтардың, жергілікті мемлекеттік органдардың, банктердің, серіктестер мен клиенттердің өкілдері қатысты. Тұрақты дамудың әрбір тақырыбын маңыздылық дәрежесі бойынша 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалау ұсынылды, мұнда 1 – «маңызды емес», 2 – «маңыздылықтың болмашы дәрежесін», 3 – «маңыздылықтың орташа дәрежесін», 4 – «маңыздылықтың салыстырмалы жоғары дәрежесін», 5 – «маңыздылықтың ең жоғары немесе сыни дәрежесін» білдіреді.

Төменде 24 тақырыптың маңыздылық матрицасы берілген.

Осы матрица төменде берілгендей сол немесе өзге де тақырыптардың маңыздылық деңгейі бойынша 4 шартты аймаққа (квадрантқа) бөлінген.

  • 4-квадрант – өте маңызды тақырыптар (2,5 астам сыртқы және ішкі стейкхолдерлерді бағалау);
  • 3-квадрант – сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды емес тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлерді бағалау 2,5 артық және ішкі стейкхолдерлерді бағалау 2,5 кем);
  • 2-квадрант – ішкі стейкхолдерлер үшін маңызды, бірақ сыртқы стейкхолдерлер үшін маңызы аз тақырыптар (сыртқы стейкхолдерлерді бағалау кемінде 2 және ішкі стейкхолдерлерді бағалау 2,5-тен астам);
  • 1-квадрант – маңызы аз тақырыптар (кемінде 1 сыртқы және ішкі стейкхолдерлерді бағалау 2,5 кем).

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

Экономикалық тақырыптар

1

GRI-201

Экономикалық нәтижелілік

2

GRI-202

Нарықтарға қатысуы

3

GRI-203

Тікелей емес экономикалық әсерлер

4

GRI-204

Сатып алу практикасы

5

GRI-205

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

6

GRI-207

Салықтар

Экологиялық тақырыптар

1

GRI-302

Энергия

2

GRI-303

Су және ағынды сулар

3

GRI-304

Биоәртүрлілік

4

GRI-305

Шығарындылар

5

GRI-306

Қалдықтар

6

GRI-307

Экологиялық сәйкестік

7

GRI-308

Жеткізушілерді экологиялық бағалау

Әлеуметтік тақырыптар

1

GRI-401

Жұмыспен қамту

2

GRI-402

Еңбек қарым-қатынастары

3

GRI-403

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

4

GRI-404

Қызметкерлерді оқыту

5

GRI-405

Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер

6

GRI-406

Кемсітушілікке жол бермеу

7

GRI-407

Қауымдастықтар бостандығы және ұжымдық шарттар

8

GRI-410 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету практикасы

9

GRI-413

Жергілікті қауымдастықтар

10

GRI-414

Өнім берушілерді әлеуметтік бағалау

11

GRI-417

Маркетинг және өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттандыру