Әдеп және адалдық

Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары

Корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету Компания жұмысының маңызды қағидаты болып табылады. Корпоративтік жауапкершілік орнықты дамуға үлес қосатын және заңнамамен және халықаралық мінез-құлық нормаларымен келісетін ашық және этикалық мінез-құлықты көздейді. Компанияның бұл саладағы қызметі жүйелі сипатқа ие, осыған байланысты этикалық мінез – құлық стандарттарына және бизнесті адал жүргізу мақсатында ҚМГ-де этика мәселелері бойынша қолданыстағы құжатты жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді – Іскерлік этика кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Бекітілген Кодекске сәйкес ҚМГ қызметі мынадай корпоративтік құндылықтарға негізделген:

  • Әділеттілік
  • Бейілділік
  • Дамыту
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік

ҚМГ-нің акционерлермен,қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, әріптестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік өзара қарым-қатынастарының негізінде іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да мүдделердің үйлесімді үйлесуі, тараптардың әрқайсысының өзара құрметі, сенімі, жауапкершілігі және құқықтары мен міндеттерін сақтауы жатыр, Компания осы Кодекстің ережелерін бұлжытпай ұстанады.

Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскерлік серіктестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Сондай-ақ ол Компанияның сайтындағы «Корпоративтік құжаттар» бөліміне орналастырылған.

Әдепке жатпайтын мінез-құлық туралы кеңестерге жүгіну тетіктері

Қызметкерлердің құқықтарын сақтаудың алдын алу мақсатында қызметкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылған.

Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге тұлғалардың іс-қимылының заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына және комплаенс қызметіне хабарлай алады.

Осы хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін:

  • ҚМГ ақпараттық сенім жүйесіне doverie@kmg.kz электрондық пошта арқылы немесе сенім телефоны бойынша 8-(7172)-78-65-65;
  • Омбудсменге (іскерлік этика, кемсітушілік, еңбек даулары және өзге де еңбек мәселелері және т. б. мәселелер бойынша) ombudsman@kmg.kz электрондық поштасына немесе телефон арқылы 8-(7172)-78-65-60, 78-65-61;
  • тәуелсіз оператор KPMG компаниясы қызмет көрсететін, «Самұрық-Қазына» АҚ әкімшілендіретін бірыңғай орталықтандырылған «жедел байланыс желісі» арқылы Комплаенс қызметіне (сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық фактілері туралы күдік туындаған немесе қолда бар ақпарат болған жағдайда):
  • мына телефон арқылы тегін қоңырау: 8 (800) 080 47 47;
  • WhatsApp: 8 (771) 191 88 16;
  • мына интернет-портал арқылы: mail@sk-hotline.kz;
  • мына интернет-портал арқылы: www.sk-hotline.kz

«Жедел байланыс желісі» байланыстары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған. Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.

Барлық, оның ішінде анонимді хабарламалардыоператорлар қабылдайды және өңдейді, бұдан әрі олардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ комплаенс қызметіне беріледі. Комплаенс қызметі тоқсан сайынғы негізде ҚМГ Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты жеткізеді. 2021 жылы Жедел байланыс желісіне 76 шағым мен өтініш келіп түсті, 2020 жылмен салыстырғанда өтініштер санының төмендеуі 36%-ды құрады, бұл Жедел байланыс желісі операторының ауысуына, Жедел байланыс желісі операторының релеванттық емес өтініштерді қабылдауын қоспағанда, ҚМГ құрамынан кейбір ЕТҰ-ның шығарылуына байланысты.

Жедел байланыс желісі

Сіз Этика кодексін бұзу жағдайлары туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз қылық фактілері және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз

Біз кепілдік береміз

  • Құпиялық және анонимдік
  • Хабарламалардың 100% өңделуі

Жедел байлыныс желісі: 8 800 080 47 47

WhatsApp номері: 8 771 191 88 16

Интернет-порталы: www.sk-hotline.kz

Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz

Жедел желіге тәуелсіз оператор, KPMG компаниясы қызмет көрсетеді

«Нысана» жедел байланыс желісі

Телефон: 8 800 080 30 30

WhatssApp номері: 8 702 075 30 30

Интернет-порталы: nysana.cscc.kz

Электрондық пошта: nysana@cscc.kz

«Нысана» колл-орталығы барлық әлеуметтік-еңбек бұзушылықтар бойынша тегін қоңырау шалу 24/7 қабылданады.

Жедел байланыс желісіне келіп түскен өтініштердің арқасында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылға тікелей байланысты емес мәселелерді де реттеуге мүмкіндік туды. Мәселен, Жедел байланыс желісіне іскерлік мінез-құлықты бұзумен, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланумен байланысты өтініштер келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен және мерзімде, болашақта осындай жағдайлардың қайталану ықтималдығын төмендететін тиісті шараларды қабылдай және қарау нәтижелері туралы өтініш берушілерге хабарлай отырып, қаралды.

Сенім болмаған жерде табыс жоқ

Адам құқықтарын мүлтіксіз және жан-жақты сақтау мен қорғау «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің сенімге, адалдық пен ашықтыққа негізделген түбегейлі қағидаты болып табылады. Бұл ретте осы нормалардың қолданылуы тек қызметкерлерге ғана емес, серіктестермен, өнім берушілермен, мердігерлермен және өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынастарға да қолданылады.

Компания қызметкерінің құқықтарын қорғаудың нормативтік-құқықтық базасы Директорлар кеңесінің 13.02.2020 жылғы шешімімен бекітілген ҚМГ Құпия ақпарат саясатында, №1/2020 хаттама (бұдан әрі – Саясат) және ҚМГ Басқармасының 30.07.2020 жылғы шешімімен бекітілген ҚМГ экономикалық қауіпсіздік регламентінде, №31 хаттама (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген.

Аталған құжаттарға сәйкес құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алудың тиімділігін арттыру, Компания қызметкерлерімен, үшінші тараптармен (заңды және жеке тұлғалармен) өзара іс-қимылды жетілдіру және кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін ҚМГ мен ЕТҰ-да қолжетімді, тәулік бойы (24/7 режим), құпиялылықты қамтамасыз ететін байланыс арналары мен құралдары: «Жедел байланыс желісі», «Сенім» телефоны мен электрондық поштасы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарының бұзушылықтары туралы өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі ҚМГ төрағасының 18.04.2018 жылғы №129 бұйрығымен бекітілген ҚМГ ақпараттық сенім жүйесінің (бұдан әрі – АСЖ) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс нұсқаулығымен регламенттелген.

Осыған ұқсас құжаттарды ЕТҰ бекітті.

Бұл ретте көрсетілген құралдар Компанияның ашықтығын, өтініштерді берудің қолжетімділігін, оларды қараудың тиімділігі мен сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа, қызметкерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын себептерді анықтауға және жоюға ықпал етеді.

Өтініштердің арқасында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылмен ғана емес, сонымен қатар іскерлік мінез-құлықты бұзумен, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланумен, сондай-ақ әлеуметтік және жалпы бағыттылықпен және т.б. байланысты мәселелерді шешуге болады.

2021 жылы ҚМГ компаниялар тобының ИСД желісі бойынша 6518 арыз бен өтініш түсті (2020 жылы – 210, 2019 жылы – 185), алынған өтініштер қызметкерлердің еңбек құқықтары, жалақы деңгейі, еңбек қауіпсіздігі жағдайлары туралы, тендерлер өткізу кезіндегі бұзушылықтар және сатып алудың өзге де рәсімдері туралы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және кәсіпорын басшыларының бейәдеп қылығы туралы мәселелермен байланысты.

18 ҚТГ деректері жоқ ақпарат

Әлиасқаров Тұрысбек Жүнісбайұлы, ҚМГ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің директоры:

«Біздің Компания қызметінің маңызды және негізін қалаушы қағидаттары: қызметкерлерге және басқа да мүдделі тұлғаларға заңдылықты бұзудың кез келген фактілері бойынша, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кедергісіз жүгінуге мүмкіндік беретін тиімді құралдардың болуымен қол жеткізілетін сенім, адалдық және ашықтық болып табылады. Бұл ретте қажетті көмек пен қолдау алу қажет».

Өтініштер электрондық пошта, телефон байланысы арқылы, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері түрінде келіп түседі.

Әртүрлі байланыс арналарынан алынған барлық өтініштер бойынша есепке алу жолға қойылып, жан-жақты талдау жасалады.

Өтініштер мен шағымдар, оның ішінде анонимді түрлері өтініш иелеріне шараларды қабылдай және кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралды.

Өз тиімділігін ескере отырып, жедел желіні, телефон мен электрондық сенім поштасын дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

2021 жылы, алдыңғы жылдардағыдай, ұлттық, жыныстық белгілері, діни нанымдары мен саяси көзқарастары бойынша кемсіту фактілеріне қатысты шағымдар түскен жоқ. Мәжбүрлі және міндетті еңбекті пайдалану, сондай-ақ осындай бұзушылықтарға байланысты сот талқылаулары мен қылмыстық қудалау фактілері тіркелмеген.

ҚМГ компаниялар тобында корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлер мен өзге де тұлғалар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Бұл ретте олар Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық нормативтік актілерді, сондай-ақ Қордың, ҚМГ мен ЕТҰ-ның жалпы корпоративтік және ішкі құжаттарын қатаң басшылыққа алады.

2021 жылы саясатты сақтау және құқықтарды қамтамасыз ету рәсімдері мәселелері бойынша оқудан Компания тобының корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлерінің 5,1%–ы өтті (2020 жылы – 7,5%).

Жалпы, ҚМГ және ЕТҰ басшылығы адам құқықтарын сақтау мәселелеріне көп көңіл бөледі, қызметтің осы бағытын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – Компания) өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарында құрады. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді қабылдайды, мінсіз беделге қамқорлық жасайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге тырысады.

ҚМГ-де Комплаенс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жұмыс істейді. Қызметтің жауапкершілік аймағына қызметкерлердің еңбек қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігімен байланысты барлық тәуекелдерді жою кіреді. Компания қызметінің дербес бағыты болып қала отырып, Қызмет Компанияның барлық бизнес бөлімшелерімен біріктірілген.

Этикалық мінез-құлық стандарттарына және бизнесті адал жүргізу мақсатында ҚМГ комплаенс мәселелері бойынша қолданыстағы ішкі құжаттарды жаңарту және жаңаларын әзірлеу бойынша жұмыс атқарылды. 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатқа және Құпия ақпарат беру саясатына түзетулер енгізілді. Өзгерістер сыйлықтар алуға, жақын туыстарының бірлесіп жұмыс істеуіне, сондай-ақ «Жедел байланыс желісі» операторының ауысуына тыйым салу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулерге қатысты болды. ҚМГ компаниялар тобы контрагенттерінің сенімділігін тексеру жөніндегі саясат қосымша бекітілді. Осыған ұқсас саясат компанияның 35 ЕТҰ-да бекітілді.

Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін негізге ала отырып, компания тұрақты негізде қолданыстағы корпоративтік стандарттарды жақсартуға ұмтылады. Сонымен, Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және мұндай ақпаратты инсайдерлердің заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі бақылау қағидалары» бекітілген болатын.

ЕТҰ-мен атқарылатын жұмысқа қатысты Компания жергілікті жерлерде функцияларды енгізе отырып және кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып, комплаенс-бағдарламалар қалыптастыра отырып, кәсіпорындарды корпоративтік мәдениетке ықпалдастыру процестерін жеделдетуге ұмтылып отыр. Осылайша, 14 кәсіпорында (ҚМГ, Өзенмұнаймаз, Ембімұнайгаз, Павлодар мұнай-химия зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазТрансОйл, Қазақтеңізкөлікфлоты, ҚМГ-Инжиниринг, ӨзенМұнайСервис, Oil Service Company, KLPE, KPI, Қазақойл Ақтөбе, ҚМГ-Құмкөл) комплаенс тәуекелдеріне бағалау жүргізілді. Тәуекелдерді талдау және бағалау қорытындылары бойынша тәуекелдерді мейлінше азайту жөніндегі іс-шаралар қалыптастырылды. Бұған қоса, бухгалтерлік операцияларға тестілеу; туыстық байланыстарды талдау; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ және комплаенс саласындағы саясаттарды орындау мониторингі өткізілді.

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ сақталуы жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды айқындау шеңберінде 2020 жылдан бастап Компанияда ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі.

Көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттің мақсатын қолдай отырып, 2021 жылы жалпыға бірдей салықтық декларациялау рәсімі енгізілді. Жалпыға бірдей салықтық декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде ҚМГ мен оның ЕТҰ-ның 303 қызметкері салық декларацияларын ұсынды.

«Жедел байланыс желісін» насихаттау шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ-пен бірлесіп, Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен және Ақтау қаласындағы мердігерлік ұйымдармен кездесулер өткізілді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «Исатай Оперейтинг» ЖШС әкімшілік-басқару қызметкерлерімен комплаенс мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Комплаенс саласында үздік әлемдік тәжірибені енгізу мақсатында ЕТҰ комплаенс офицерлері үшін Теңізшевройл қатысуымен воркшоп-сессия ұйымдастырылды.

Жоғары этикалық нормаларға бейілділігі тиісті корпоративтік басқарудың негізі және Компания мүдделерінің жеке мүдделерін қорғау мен қамтамасыз етудегі кепілгер болып табылады. Бизнес жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ілгерілету және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін қабылдамау шеңберінде 2021 жылы ҚМГ қызметкерлері үшін комплаенс бақылау мәселелері бойынша үш күндік онлайн-оқыту өтті.

ҚМГ комплаенс қызметі және оның ЕТҰ қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Компанияның бақылауларын күшейту және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылы ҚМГ компаниялар тобының комплаенс мамандарын келесі бағыттар бойынша оқыту жүргізілді:

  • контрагенттердің сенімділігін тексеру;
  • мүдделер қақтығысын анықтау және басқару;
  • сұхбат жүргізу;
  • Компания қызметкерлерін тексеру;
  • тергеулерді жоспарлау және жүргізу;
  • тергеу жүргізу нәтижелері бойынша есеп дайындау.

Бұл оқыту халықаралық аудиторлық ұйымның форензик саласындағы сарапшыларының қатысуымен өткізілді.

Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобы мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуды және біліктілігін арттыруды қолдайды. Бүгінгі таңда комплаенс командаларында Association of Certified Fraud Examiners (ACFE) және International Compliance Association (ICA) мамандандырылған халықаралық беделді сертификаттары бар мамандар бар және олардың саны үнемі өсіп келеді.

2022 жылы Компания комплаенс-жүйені одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Жұмыстың негізгі бағыттары мыналарды қамтитын болады:

  • контрагенттерді тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып тексеру;
  • кәсіпорындарда комплаенс-жүйесін дамыту;
  • Жеке АТ шешімдері негізінде мүдделер қақтығысын декларациялау бойынша комплаенс-рәсімін автоматтандыру;
  • комплаенс-бағдарлама бойынша оқыту және коммуникациялық материалдарды әзірлеу.