Персоналды дамыту

ҚМГ тобында бекітілген кадр саясатына сәйкес персоналды оқыту мен дамытудың бірыңғай процесі енгізілді. Басшы қызметкерлерді, әкімшілік-басқару және инженерлік-техникалық персоналды оқытуға деген қажеттілік персоналдың тиімділігін тұрақты кешенді бағалау нәтижелері бойынша жасалған Жеке даму жоспарлары және құрылымдық бөлімшенің мақсаттарына сүйене отырып, қызметкерлердің тікелей басшылары мәлімдеген қажеттіліктер негізінде қалыптастырылады. .

Өндірістік персоналды оқыту бизнестің кәсіби білімін, дағдылары мен қажеттіліктерін бағалау негізінде қалыптасады. Осылайша, қызметкерлерді оқытуды жоспарлау нақты реттелген және бизнестің нақты мақсаттары мен міндеттерімен өзара байланысты.

ҚМГ жыл сайынғы негізде персоналды оқытуды және дамытуды қамтамасыз етіп отырады, ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерін дамытудың жаңа тәсілдемелері мен бағдарламаларын қалыптастырады.

2021 жылы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт-техникалық минимум бойынша міндетті оқу «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында өтеді.

Компанияның құрылу тарихы мен құндылықтары, сондай-ақ орнықты даму мәселелері бойынша ақпаратты қамтитын бейімдеу курсы әзірленді. Бейімдеу курсы жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №23 қаулысының 2-тармағына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Осы іс-шаралар жоспары аясында тестілеу нәтижелерін ескере отырып, ҚМГ қызметкерлері үшін үздіксіз қазақ тілі курстары ұйымдастырылды.

ҚМГ-де ISO халықаралық стандарттарына сәйкес төрт менеджмент жүйесі жұмыс істейді: сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001); экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001); денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ISO 45001) және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі (ISO 27001).

Көрсетілген менеджмент жүйелері сертификаттаудан өтті, осылайша ҚМГ өзінің мүдделі тараптарына көрсетілетін қызметтердің сапасы, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері басқарылатын жағдайларда, ұйымның бақылауында болатыны туралы мәлімдейді.

ҚМГ-нің әрбір құрылымдық бөлімшесінде менеджмент жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау үшін, сондай-ақ ИБЖ және АҚМЖ мәселелері бойынша жауапты қызметкерлер анықталды. 46 қызметкер қатысты.

Комплаенс тәуекелдерді барынша азайту, сондай-ақ Компания мен оның қызметкерлерінің комплаенс саласындағы заңнамалық және этикалық нормаларды сақтау сапасын жүйелі бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде корпоративтік орталықтың «Комплаенс-бақылау жүйесін ұйымдастыру және комплаенс тәуекелдерді басқару» тақырыбында оқыту ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы мыналарды қамтиды: комплаенс бақылау жүйесіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қысқаша кіріспе (ҚР Заңы, UKBA, FCPA, Sapin II); мүдделер қақтығысы (декларациялау, реттеу); мемлекеттік органдармен және саяси маңызды тұлғалармен өзара іс-қимыл; іскерлік беделін жоғалту тәуекелі; комплаенс тәуекелдер және бақылау бизнес-процестерде (сатып алу, HR, m&A, маркетинг, т. б.)); Компаниядағы «Жедел байланыс желісі» және басқалары.

ЕТҰ және КО жоғары және орта буын басшылары үшін тиімді ойлау техникасы бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Модуль талдамалық құралдарды, тұжырымдамалық карталарды және ең бастысы стратегиялық менеджменттің практикалық құралдарын ашып көрсетеді.

Бағдарламаның кіші тақырыптары:

  • Басқарушылық қызметтегі сыни ойлау;
  • Стратегиялық менеджмент;
  • Операциялық менеджмент;
  • Интеллект карталар.

Инновациялық технологияларды өндіріске енгізу ҚМГ-нің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі күні ҚМГ тобының өндірістік кәсіпорындары базасында өндірістік циклге цифрлық трансформацияны енгізудің бірыңғай тәсілдемесі қалыптастырылды және белсенді іске асырылуда.

Топ-менеджментті цифрлық трансформациялау тақырыбына ену мақсатында ҚМГ «SKOLKOVO» Мәскеу басқару мектебімен бірлесіп, Сибур, Северсталь, Газпром сияқты ірі ресейлік өндірістік компанияларды цифрландыру бағытының басшылары қатарынан спикерлерді тарта отырып, «Цифрлық трансформацияны басқару» оқыту бағдарламасын іске асырды.

Оқыту қорытындысы бойынша Бағдарламаның келесі мақсаттарына қол жеткізілді:

  • Цифрлық трансформация тақырыбына ену (қажеттілік пен құндылықты түсіну);
  • Цифрландыруға байланысты сала алдында тұрған негізгі сын-тегеуріндерді, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау;
  • Озық бенчмарк-компаниялардың практикасын және цифрлық трансформацияның маңызды құралдарын зерделеу.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының Көп функционалды жалпы қызмет көрсету орталығын құру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының көпфункционалды жалпы қызмет көрсету орталығын құру» жобасының жол картасы аясында «Жалпы қызмет көрсету орталықтары» тақырыбында халықаралық практикалық конференцияларға қатысу ұйымдастырылды.

Оқыту қорытындысы бойынша Бағдарламаның келесі мақсаттарына қол жеткізілді:

  • Process Mining сіздің автоматтандыру бағдарламаңызды қалай жақсарта алады.
  • Болашақ кадрлар үшін адами капиталды дамытудың тұтас бағдарламасын әзірлеу.
  • «РЖД» ААҚ Әлеуметтік-кадр орталығын цифрлық трансформациялау. Практикалық кейстер.
  • Қысқа мерзімде ЖҚО құру.
  • ЖҚО құру және дамыту кезіндегі өзгерістерді басқару.

Жаңа қаржы орталығын толығымен виртуалды режимде теңшеу. Кейс Trivium Packaging BSC.

  • Таланттар нарығы. HR үшін ИИ, персоналды трансформациялаудың сәтті бағдарламасы, тұрақты кері байланыс және өнімділікті басқару.
  • ЖҚО трансформациясы: Біз неге «клиентке бағдарланған» сөзін ұнатпаймыз.
  • «Аутсорсинг қызметтерін жеткізушілер нарығына ЖҚО шығару: мүмкіндіктер мен қатерлер, қолдағандар мен қарсылар» тақырыбындағы панельдік пікірталас
  • «Жөндеулерді сүйемелдеу – ЖҚО-дағы сараптамалық және техникалық функциялар».
  • ЖҚО қызметтеріне арналған Бірыңғай АТ-платформасы
  • HR Zero-ның алғышарты ретінде HR ЖҚO.
  • Қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында қызметкерлерді материалдық емес ынталандыру және команданы біріктіру жүйесін дамыту үшін геймификацияны енгізу
  • «Жаңадан бастаушыларға кеңестер: ЖҚО құру алдында қандай қадамдар жасау керек» тақырыбындағы панельдік пікірталас.

САНАТТАР БОЙЫНША БІР ҚЫЗМЕТКЕРГЕ САҒАТТАРДЫҢ ОРТАША ЖЫЛДЫҚ САНЫСАҒАТ

Бір қызметкерге академиялық сағаттың орташа жылдық саны 16,7 сағатты16 (2020 жылы 14,7 сағат, 2019 жылы 17,6 сағат), оның ішінде бір ер адамға – 16,4 сағатты (2020 жылы 14,6 сағат, 2019 жылы 18,0 сағат), бір әйелге – 18,6 сағатты (2020 жылы 16,0 сағат, 15,1 сағат, 2019 ж.) құрайды.

Сонымен бірге қызметкерлерді оқыту және дамыту жыныс белгісіне және атқаратын лауазымына қарамастан жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетеміз.

166 ҚТГ 10 ай ішінде – 8,6 сағат, бір ер адамға есептегенде – 7,9 сағат, бір әйелге есептегенде – 12,8 сағат
Іске асырылатын Оқыту бағдарламаларының негізгі тақырыптары және қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Жеке тұлғалық-іскерлік оқыту
Персоналды басқару
Ішкі бақылау және аудит
Экология, ЕҚжҚТ, МҚжТЖ
Сатып алу қызметі
Экономика және қаржы
Корпоративтік басқару. Жобаларды басқару
Құжаттамалық қамтамасыз ету
Ақпараттық технологиялар
Тілдік оқыту
Медиация, келіссөз процесі бағдарламалары бойынша оқыту
Өндірістік бағыттар бойынша оқыту
Жұмыс кәсіптеріне оқыту
Магистрлық бағдарламалар, шағын МВА
Тағылымдама
«МАНСАП» негізгі ұстанымдарына сабақтастық жоспарын қалыптастыру жобасы бойынша ақпарат

2020 жылы ҚМГ адами ресурстарды басқару департаменті ҚМГ Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша сабақтастық жоспарын қалыптастыру әдіснамасын әзірлеп, ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінде қарады.

Осы әдіснамаға сәйкес ҚМГ компаниялар тобының негізгі ұстанымдарына сабақтастық жоспарын қалыптастыру бойынша «МАНСАП» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жоба бағалау рәсімдерінің қорытындылары бойынша лауазымдардың үш деңгейіне мұрагерлер пулын қалыптастыруды көздейді:

«А» пулы – ҚМГ Басқармасы мүшелері мен ЕТҰ Бас директорының сабақтастық жоспары;

«B» пулы – ҚМГ/ЕТҰ басқарушы қызметкерлерінің сабақтастық жоспары;

«С» пулы – ҚМГ/ЕТҰ бөлімшелері басшыларының сабақтастық жоспары.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, осы жоба шеңберінде:

  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің (2021 жылғы 9 ақпандағы №1/2021 хаттама) шешімімен «А» пулы позициясында мұрагерлер пулы бекітілді;
  • «А» пулының мұрагерлері үшін СКОЛКОВО МШУ-мен бірлесіп «Көшбасшылық білім беру бағдарламасын» дамыту бағдарламасы бекітілді және іске қосылды;
  • ҚМГ Басқармасының (2021 жылғы 16 қыркүйектегі №31 хаттама) шешімімен «Б» пулының позициясында мұрагерлер пулы бекітілді;
  • «С» пулының позициясында Сабақтастық жоспарын қалыптастыру үшін іріктеу рәсімдері өткізілді.

Резервті қалыптастыру ашық іріктеу негізінде басқару тиімділігін арттыруға және басшылардың құзыреттер деңгейін арттыруға бағытталған.

ҚМГ компаниялар тобында жобаларды басқаруды оқыту

Жобалық басқаруды енгізу аясында 2020 жылдан бастап жобалық персоналдың құзыреттерін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Базалық курсты, жобалық басқарудың пәндік салаларын, жобаларды сараптауға, қызметкерлерді PMI мен IPMA халықаралық талаптары бойынша сертификаттауды оқытуды Компанияның орталықтандырылған корпоративтік орталығы жүзеге асырады, бұл ретте курстардың көпшілігін компанияның жеке жаттықтырушылары жүргізеді.

Жалпы, өткен екі жылда ҚМГ мен ЕТҰ-ның 1 500-ден астам қызметкері, оның ішінде 2021 жылы – 400-ден астам қызметкер оқытылды. Сондай-ақ 2021 жылы ҚМГ мен ЕТҰ-ның 70-тен астам басшы қызметкерлері үшін жобаларды табысты іске асырудағы топ-менеджменттің рөлі туралы курс өткізілді.

Компания бірінші кезекте оқыту арқылы жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне және жобаларда нәтижелілікке қол жеткізуге болады деп санайды.

2021 жылы «Жаңару» жобасы аясында ҚМГ жоғары және орта буын басшыларын жобалық басқаруға корпоративтік оқыту ұйымдастырылды. Аталған оқытудың мақсаты ҚМГ жобалау мамандарының пулын қалыптастыру, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру және қызметкерлерді тек нақты қажеттілік (өндірістік қажеттілік) негізінде іріктеу және жіберу есебінен оқытудың тиімділігін арттыру болып табылады. Іске асыру кезеңінде КО-ның 17 қызметкері және ЕТҰ-ның 10 қызметкері білім алды.

Студенттермен және жас мамандармен жұмыс

КМГ принял 27 студентов разных вузов Казахстана для прохождения производственной и преддипломной практики, которые были заявлены в I квартале 2020 года. После введения ограничений, связанных с COVID-19, принятие студентов на практику было приостановлено.

  1. Өсіп келе жатқан жаһандану және өнеркәсіптегі үздіксіз өзгерістер аясында түлектерге қойылатын біліктілік талаптары тұрақты негізде кеңеюде. ҚМГ компаниялар тобы бойынша жаңа жас буын мамандарын даярлауға және білім алушылардың кәсіби қасиеттерін ашуға практикаға бағдарланған тәсілдемені дамыту және танымал ету мақсатында оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

    Дуальды оқыту бағдарламасы іске асырылуда – кәсіпорындар мен оқу орындарының тығыз өзара іс-қимылы негізінде білікті қызметкерлерді даярлау: оқушылар жұмыс орнында мамандық алуда. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде бағдарламаға оқу орындарының 244 оқушысы қатысты, олардың 98-і ҚМГ өндірістік кәсіпорындарында («Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу

  2. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасын және Атырау облысында екі мұнайгаз-химия ауқымды зауытын іске қосуды назарға ала отырып, мұнай-химия бойынша заманауи білім беру кластрын «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет) базасында құру жөніндегі ісшараларды белсенді түрде іске асыруда. «Атырау МӨЗ» ЖШС басшылығымен университеттің бұрынғы «Химия және химиялық технология» кафедрасының материалдық-техникалық базасы толық жаңғыртылды, дәрістік аудиториялар мен химиялық зертханалардың толық жаңартылуы, оларды жиһазбен және жабдықтармен жабдықтау, қолдау бөлмелерін жайластыру және жарақтандыру. Университет базасында мұнай-химия инженериясы және экология институты ашылды. Университет базасында студенттердің мұнай, газ және оларды қайта өңдеу өнімдерін зерттеу процестерінде аспаптық физика-химиялық талдау әдістерін қолдануда практикалық дағдыларды игеру үшін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған 12 жаңа зертхана орналасқан.
  3. Жас Өркен және Цифрлы жаз жобалары

    2017 жылы «Самұрық-Қазына» қорының бастамасы бойынша кәсіби ой-өрісі кең жаңа буын басқарушыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында «Жас Өркен« бағдарламасы және жас мамандарды Қор тобын цифрландыру жобаларына тарту мақсатында құрылған «Цифрлық жаз» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламалардың басты артықшылығы – компанияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан тәлімгерлердің басшылығымен жедел даму. «Жас Өркен» бағдарламасы кезінде жас мамандар Қордың бүкіл Қазақстан бойынша 4 түрлі кәсіпорнында алмастырудан өтеді.

    Бағдарламаларды іске асыру кезеңінде ҚМГ тобы бойынша «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша ротациядан 61 жас маман өтті, оның 15-і жұмысқа орналастырылды, «Цифрлық жаз» бағдарламасы бойынша 18 жас маман, оның ішінде жұмыс істеп жүрген студенттер, бағдарламаның 3 түлегі жұмысқа орналастырылды.

Персоналды экологиялық менеджмент мәселелері бойынша оқыту

ҚМГ компаниялар тобында ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін оқытудағы қажеттілік сұранысқа ие болып қалып отыр. Осыған байланысты персоналды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру басым болып табылады.

2021 жылдан бастап «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша ҚМГ КО қызметкерлерін міндетті оқыту жүргізілуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оқыту қолда бар меншікті оқу-курстық комбинаттар / орталықтар базасында «70/20/10» «жұмыс орнында / ішкі/сыртқы» оқыту моделі бойынша жүргізіледі. Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік және ішкі жаттықтырушылық жөніндегі бағдарламалар іске асырылып жатыр, озық қызметкерлер арасында мастер-класстар мен тренингтер, түрлі конкурстар өткізілуде, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіруге және персоналды өз мамандығы бойынша үздік болуға ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-та (Жаңаөзен қ.), «ҚазТрансОйл» АҚ-та (Ақтау қ.), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да (Павлодар қ.) және Oil Services Company ЖШС-да (Ақтау қ.) меншікті оқу-курстық комбинаттары/орталықтары бар.

Қызметкерлерге арналған қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оқыту сессиялары, семинарлар мерзімді негізде өткізіледі. Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінде ҚМГ ЕТҰ бас директорларының HSE форумында ҚМГ Директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның және кодексті әзірлеушілердің қатысуымен ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптары бойынша жеке оқыту сессиясы өткізілді.