Бастамалар және мүшелік

Бастамалар

Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасы

ҚМГ 2015 жылы аталған бастаманы қолдады. Ол үкіметті, мұнай компанияларын және 2030 жылдан кешіктірмей ілеспе мұнай газын (ІМГ) тұрақты жалындатып жағу тәжірибесін тоқтату үшін ынтымақтасуға келіскен даму ұйымдарын біріктіреді. Біздің мақсатымыз – ІМГ тиімді пайдалану және кәдеге жарату деңгейін арттыру, ең аз дегенде жалындатып жағу мәліметі. Біз Дүниежүзілік банкке қол жеткізген прогресс туралы жыл сайын есеп береміз.

Жаһандық метан бастамасы

ҚМГ Есептіліктің жаһандық бастамасын (ЖМБ) қолдайды және Тұрақты даму туралы есеп шеңберінде барлық мүдделі тараптарға өзінің экологиялық қызметі туралы ақпаратты ұдайы жариялайды. 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту бойынша ҚМГ қызметі шеңберінде ЖМБ жобалық желісіне қосылды, ол метан шығарындыларын азайту бойынша, сондай-ақ метанды қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жобаларға мүдделі жеке сектор субъектілерінің, қаржы мекемелері мен басқа да үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өсіп келе жатқан қоғамдастығын білдіреді.

CDP климаттық бағдарламасы

2021 жылы ҚМГ алғаш рет Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша есепті жариялады. Алғаш рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша CDP су қауіпсіздігі бойынша сауалнама жарияланды.

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілік рейтингі

Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша, сондай-ақ осы саладағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ҚМГ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), Creon Group және АКРА рейтингтік агенттігінің тәуелсіз сарапшыларының бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпараттарының ашықтығы рейтингінде бесінші жыл қатарынан бірінші орын алып отыр. Компания бизнестің экологиялық жауапты жолымен жүруді жалғастыруда, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытады, аталған мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізеді, сол арқылы Компанияның Экологиялық саясатында көрсетілген өз міндеттемелерін орындайды.

Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі бастама («CEPI» Caspian Environmental Protection Initiative)

2020 жылдың қыркүйегінде Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron AS және TOTAL E&P Absheron B. V арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі бастаманы құруды көздейді. Бастаманың негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау және өңірде жұмыс істейтін халықаралық мұнай компанияларын бірлесіп зерттеу үшін алғашқы платформа құру болып жарияланды. Қатысушы компаниялардың қызметі Каспий өңірінің экологиялық орнықтылығына қатер төндіретін климаттың өзгеруі проблемасын шешу және қоршаған ортаға парниктік газдар мен зиянды заттар шығарындыларының алдын алу мақсатында бірлескен белсенді күш-жігерге бағытталатын болады. 2021 жылы ҚМГ CEPI бастамасына қатысушылардың бірқатар кеңестеріне қатысты.

Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама/Oil Spill Preparedness Regional Initiative(OSPRI)

Бастаманың мақсаты мұнай өнеркәсібіне және аймақ үкіметтеріне мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі танылған, сенімді, интеграцияланған және орнықты ұлттық, өңірлік және халықаралық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін бірлескен жұмысқа жәрдемдесу және қолдау болып табылады. Бастама экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша мұнай-газ өнеркәсібінің Дүниежүзілік қауымдастығы IPIECA арқылы (www. ipieca.org). (www.ipieca.org). OSPRI / РИГЛАРН IPIECA үшін халықаралық теңіз ұйымымен (IMO – www. imo.org) және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта мұнайдың төгілуіне әзірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша халықаралық күш-жігерлерін іске асырудың өңірлік құралы болып табылады.

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен («МГКА» РҚБ) өзара әрекеттесу бастамасы

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» миссиясы – саладағы ардагерлердің интерактивті қарым-қатынасы үшін жағдайлар жасау, мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға, өндірістік салада олардың әлеуеті мен тәжірибесін пайдалануға бағытталған олардың кәсіби және әуесқой қызығушылықтарын қанағаттандыру, қоғамның өміріне белсене қатысу, мұнайшылардың жас ұрпағына өмірлік және кәсіби тәжірибесін беру.

2021 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында мұнай-газ кешені ардагерлерінің практикалық тәжірибесін, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін пайдалану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ саласы ардагерлерінің Сараптамалық кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады: мұнай-газ саласын технологиялық және цифрлық дамыту саласында ҚМГ стратегиялық бағдарламаларын іске асыру, мұнай-газ саласын дамытуға байланысты қоғамдық бастамаларды талқылау, мұнай-газ саласын нормативтік-құқықтық реттеу үшін сараптамалық ұсынымдар әзірлеуге қатысу, ҚМГ өндірістік қызметіне елеулі түрде ықпал ететін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлеу, ҚМГ өндірістік қызметін жүзеге асыруға талдамалық, сараптамалық, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету болып табылады.

Мүшелік

«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы

ҚМГ басшылығы Қауымдастықтың бірнеше комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады. KAZENERGY экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне төрағалық ету ҚМГ үшін Қазақстанның мұнай-газ саласындағы орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге мүмкіндік болып табылады.

ҚМГ мен «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум ҚР заңнамасын жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу; юриспруденция саласындағы актуалды мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т. б. өткізу сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында бірлескен қызметті көздейді.

«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҚМГ мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісім тараптардың заңнаманы жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, төреліктегі коммерциялық дауларды шешуді кеңейту және т. б. сияқты құқықтық қызметтің осындай маңызды бағыттарында өзара іс-қимылды көздейді.

БҰҰ Жаһандық шарты

Біздің орнықты даму қағидаттарына бейілділігімізді көрсету БҰҰ Жаһандық шартына мүшелік, сондай-ақ Жаһандық шарт қағидаттарын ілгерілету бойынша ҚМГ-нің қол жеткізген прогресі және орнықты даму саласындағы 17 жаһандық мақсаттар туралы хабарлама ретінде БҰҰ ЖШ сайтында орнықты даму саласындағы есепті жыл сайын орналастыру болып табылады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

ҚМГ ESG-АҚПАРАТТЫ АШУ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША PWC KAZAKHSTAN РЕЙТИНГІСІНІҢ ТОП-50-ДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ екінші жыл қатарынан корпоративтік есептердегі қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша үздік 50 компания рейтингісінде бірінші орын алып отыр. Рейтингті 96 ұйым арасында PwC Kazakhstan компаниясы өткізді. Зерттеу шеңберінде жылдық есептерде және 2021 жылы жарияланған қазақстандық компаниялардың тұрақты дамуы туралы есептерде ESG-ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі бағаланды. Рейтингтің мақсаты: қазақстандық компаниялардың ESGақпаратты қалай ашатынын бағалау, үздік тәжірибелерді анықтау және одан әрі дамыту үшін ұсынымдар беру. Рейтинг әдістемесі 76 өлшемшарттан тұрады. Әрбір өлшемшартқа баға беріледі (1-ден 10-ға дейін). Бағалау өлшемшарттары тұрақты дамуды басқару, әлеуметтік саясат, экологиялық әсер ету және корпоративтік басқару сияқты ашылу бойынша блоктарды қамтыды. Сонымен қатар, ақпараттың презентациясының анықтығы мен сапасы үшін қосымша ұпайлар берілді. «Қазақстандық компаниялардың есептерінде ESG-ақпаратты ашу сапасы өсіп келеді. Ашу сапасының ең елеулі өсуі «Тұрақты дамуды басқару» блогы бойынша байқалады, онда ESG-саясатының сипаттамасы, тұрақты даму саласындағы тәсілдер мен стратегиялардың ашылуы бағаланды. Компаниялар көбінесе халықаралық бастамаларды ұстанады. Көптеген компаниялар БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттарын қолдайтындықтарын мәлімдеді (2020 жылдың қорытындысы бойынша 46%, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 30%)», – делінген PwC Kazakhstan есебінде.

Рейтингпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.pwc.com/kz/en/assets/pdf/top-50.pdf

IOGPМұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығы

2018 жылдан бастап ҚМГ IOGP мұнай мен газдың халықаралық өндірушілер қауымдастығының толық құқықты мүшесі болды. Біздің еңбекті қорғау және ҚОҚ бойынша статистикамыз жалпыға қолжетімді болып табылады және біздің көрсеткіштеріміз бүкіл әлем бойынша 75-тен астам мұнай-газ компанияларының көрсеткіштерімен салыстырылатын болады. Біздің мақсатымыз – осы Топ 20 үздік компаниялар тізіміне кіру

«Ecojer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы

ҚМГ-нің бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдары 2021 жылдың соңында «Ecojer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығына кірді. Қауымдастықтың мақсаты мемлекеттік саясаттың бағыттары, мүдделі жұртшылық арасындағы теңгерімді тәсілдемені және экономикалық әлеуетті дамыту қажеттілігін ескере отырып, ортақ мүдделерді білдіру және қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке жәрдемдесу үшін кәсіпкерлік қоғамдастық пен азаматтық қоғамды шоғырландыру болып табылады.

Oil Spill Response Limited (OSRL) мұнайдың авариялық төгілуін жоюды қамтамасыз етуге арналған халықаралық қауымдастық

Oil Spill Response Limited (OSRL) – 1985 жылы құрылған, мұнай төгілімдерін жоюға маманданған және бүкіл әлем бойынша өз қызметтерін ұсынатын британдық компания. Жүзден астам әлемдік компаниялар OSRL мүшелері болып табылады. Компания тек ашық теңіз бен жағалау суларында ғана емес, мұнай ластануының алдын алуға және жоюға баса назар аударады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

KASE 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 15 наурызында 2020 жылға арналған жылдық есеп беру конкурсының қорытындысы бойынша ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді. «2020 жылғы тұрақты даму туралы үздік есеп» номинациясы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ жеңімпаз атанды.

https://kase.kz/ru/news/show/1478877/