Біздің қауымдастықтар

ҚМГ еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарында өндірістік қатысу өңірлерін дамытуға және халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге айтарлықтай ақша қаражатын бөлу көзделген, сондай-ақ облыстардың әкімдіктерімен жасалған келісімдер мен меморандумдар негізінде ҚМГ ЕТҰ қаражатты жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктерін негізге ала отырып, қаражатты бөлетін жергілікті атқарушы органдарға аударады. Бұдан басқа, ҚМГ Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына (бұдан әрі – ДКЖ) сәйкес өз міндеттемелерін уақтылы орындайды. 2021 жылы осы мақсаттарға ҚМГ тобы бойынша 5 млрд астам теңге бөлінді, оның ішінде:

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 900 млн теңге бөлді.

«Ембімұнайгаз» АҚ «Тасшағыл» ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына 200 млн теңге көлемінде; «Махамбет» ауылында 160 орындық спорт кешенінің құрылысына 132 млн теңгеден астам сомаға; «Асан» ауылында медициналық пункттің құрылысына 83 млн теңгеден астам сомаға қаржы бөлді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысының әкімдігімен қол қойылған Келісім шеңберінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға 300 млн теңге сомасында көмек көрсетті. Бұдан басқа, өңірдегі жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарынан бордақыланған малды сатып алу жолымен өңір халқын қолжетімді төмен нарықтық бағамен қолжетімді етпен қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қуаңшылыққа байланысты облыстың ауыл шаруашылығына көмек көрсету мақсатында малға азық дайындау үшін көлік шығындарын өтеуге 100 тонна көлемінде дизель отынын бөлу жолымен 60 млн теңгеге жуық бөлінді.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның Қызылорда облысының инфрақұрылымына шамамен 145 млн теңге көлемінде қаржы бөлді.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысының әкімдігімен қол қойылған келісім негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 230 млн теңге аударды.

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ға 45 млн теңге, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-ға 100 млн теңге бөлінді.

ДКЖ-да қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» МКК коммуналдық шаруашылық объектілерін ұстау бойынша қызметін кеңейту (350 жұмыс орнына дейін) бойынша шаралар қабылдау, Жаңаөзен қаласы жастары арасынан шыққан жұмысқа орналасқан азаматтар үшін Ақтау қаласының жатақханаларында тұрғаны үшін жалдау ақысын қаржыландыру, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» МКК қызметін кеңейту бойынша шаралар қабылдау, Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік осал топтарын көшіру үшін кейіннен коммуналдық тұрғын үй қорына берумен Ақтау қаласында тұрғын үй сатып алу, жалпы сомасы 3 млрд теңге мөлшерінде осы кешендерді жобалауды ескере отырып, Жаңаөзен қаласында әмбебап спорт кешендерін салуға арналған шығыстарды қаржыландыру.

2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қордың қайырымдылық саясаты және Қордың қайырымдылық бағдарламасы бекітілді, осыған сәйкес ҚМГ мен оның еншілес кәсіпорындары демеушілік және қайырымдылық көмекті дербес жоспарлай және көрсете алмайды.

Қайырымдылық саясатына сәйкес Қор компаниялары тобының барлық қайырымдылық қызметін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Қор қызметінің басым бағыттары:

  • әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдарға, қауымдастықтарға көмектесу;
  • медиа, мәдени қауымдастықты дамыту, адам әлеуетін дамыту;
  • қоғамның орнықты дамуындағы еңбек қатынастарын, ұлтаралық қатынастарды, инвестицияларды нығайту;
  • Қор тобы бар өңірлерде әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру;
  • Қордың және/немесе Қор тобының беделін нығайту және имиджін ілгерілету.

2021 жылы ҚМГ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жобаларды қаржыландыру үшін қайырымдылыққа 2 079 млн теңге жұмсады.

Қор «Самұрық-Қазына» АҚ-тың барлық компаниялар тобынан халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды іске асырады. Қордың қызметі мемлекеттік органдардың, ҚР Үкіметінің және қоғамдық және әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылардың жәрдемімен жүзеге асырылуда. Корпоративтік қордың қайырымдылық жобаларының әкімшілері конкурстық негізде айқындалған үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Қордың қызметі туралы толығырақ Сіз мына сілтеме арқылы біле аласыз: http://sk-trust.kz/ru/about.