Компанияның жаңа стратегиясы және біздің мақсаттарымыз

Тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы бола отырып, ҚМГ өзінің алдына қойылған міндеттерді табысты шешеді, елдің күш-жігерін мұнай-газ саласын одан әрі дамытуға шоғырландырады және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде Үкіметке жәрдемдеседі.

2017 жылға дейін Компания инвестициялар мен сатып алулар есебінен қарқынды өсу стратегиясын іске асырды, оларды қаржыландыру қарыз капитал арқылы жүргізілді, бұл ҚМГ борышының жоғары деңгейінің негізгі себебі болды. Компания ірі активтерді сатып алып, көмірсутектер қорын өсіре алды, мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырта алды, мұнай мен газды ел ішінде және ҚР аумағынан тыс тасымалдау және экспорттау үшін жаңа инфрақұрылымды кеңейтіп, құра алды. Бұл экономиканың қарышты дамуын қамтамасыз етті және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосты.

Компанияның 2018 жылы қабылдаған Даму стратегиясы біртіндеп органикалық өсуге бағытталған және негізінен қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жылдар ішінде Компания өзінің алдында тұрған орта мерзімді міндеттерін негізінен шешті.

2020 жылы әлемдік дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеру мақсатында ҚМГ 2020-2021 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі. ҚМГ ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай мен конденсат өндіруді қысқарту бойынша өзіне алған міндеттемелерді ҚМГ толық орындады, қызметтің барлық бағыттарында өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етті, қаржылық орнықтылығын сақтап қалды, даму жобаларына инвестицияларды жалғастырып, болашақ өсу үшін әлеуетін сақтап қалды. Әлемдік трендтердің өзгеруі, cтейкхолдердің мүдделеріндегі жаңа стратегиялық міндеттер, сондай-ақ Компанияның жаңа мүмкіндіктері 2021 жылы ҚМГ-нің өзінің Даму стратегиясын өзектендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, оның барысында таяудағы 10 жылдық кезеңге – 2031 жылға дейін басым мақсаттар қалыптастыруына себеп болды.

Компания экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы міндеттердің келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияның негізгі бизнес-процестеріне орнықты даму қағидаттарын интеграциялауды жалғастырады.

Таяудағы он жылда Компанияның өсуі ресурстық базаның өсуі, ағымдағы өндірістің тиімділігі, жаңа бөліністерді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және көміртегі ізін қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Пайымы

Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және орнықты даму қағидаттарына сай келетін, қаржылық нәтижені барынша арттыруға бағдарланған тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы.

Миссиясы

Біз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін болашақ ұрпаққа деген қамқорлықпен табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды игереміз.

мақсаты

Компанияның пайымына сәйкес төрт стратегиялық мақсат айқындалды.

  1. Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база.
  2. Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру.
  3. Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту.
  4. Тұрақты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету.