7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.

8-қағидат

Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

Біздің басқару тәсіліміз

Экологиялық менеджмент жүйесі

Жаңа экологиялық талаптар мен жаһандық үрдістерге сәйкес шаралар қабылдау мақсатында Компания 2021 жылды Экология жылы деп жариялады. ҚМГ тұрақты даму принциптеріне бейілділікті және қатысатын өңірлерде қоршаған орта және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша жауапкершілікті мойындайды.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар (бұдан әрі – ӨҚ, ЕҚОҚ) ҚМГ компаниялар тобының 2031 жылға дейінгі даму стратегиясымен (бұдан әрі – Стратегия) тікелей байланысты. Стратегия экологиялық жауапкершілікті арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларды көздейді. ҚМГ компаниялар тобы үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар атмосфералық ауаға шығарындыларды басқаруды, шикі газды алауда жағуды қысқартуды, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқаруды және жерді рекультивациялауды, биоәртүрлілікті сақтауды қамтиды.

ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік принципін ұстанады. Жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес экологиялық ақпаратты жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы ҚМГ Экологиялық саясаты жаңартылды. Компанияның табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша шараларды сақтау жөніндегі міндеттемелері қосымша күшейтілді.

Компанияда сегіз негізгі принциптен тұратын Шығарындыларды басқару саясаты бекітілді, олардың алтауы климаттың өзгеруі мәселелеріне тікелей қатысты, тұрақты алау жағуды толық тоқтатуға бағытталған.

Шикі газды тұрақты жағу көлемін барынша азайту мақсатында Компания 2015 жылы Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту бойынша біздің маңызды міндеттеріміздің бірі ілеспе мұнай газын пайдалы қолдану мен кәдеге жаратуды арттыру, газды алауда жағуды барынша азайту болып табылады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемдері бойынша есептілік жыл сайын Дүниежүзілік банктің ҚР өкілдігіне тапсырылады.

2018 жылы Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт қабылданды, ол ҚМГ–ның су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі басты принциптерін – 8 «су» принципін негіз етіп алады және су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді. Біз су ресурстарын пайдалануда қатаң принциптерді ұстанамыз. Қазір біз тұщы су көлемін халықтың пайдасына босату үшін өндірістік қажеттіліктер үшін сарқынды және тұзды суларды тазарту жөніндегі бірнеше ауқымды жобаларды іске асыруға кірістік.

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ)

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі (МЖ) Қазақстан Республикасы заңнамасының, ISO 14001 және ISO 45001 салалық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, үздік әлемдік практикалар мен тәсілдерді, Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығының (IOGP) ұсынымдарын пайдалана отырып әзірленген және көшбасшылық, мақсатқа қол жеткізу, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру сияқты іргелі приницптерге негізделетін 10 басты элементті қамтиды.

2006 жылдан бастап ҚМГ-де ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біріктірілген басқару жүйесі енгізілді. Энергия тұтынудың елеулі деңгейі бар ЕТҰ ISO 50001 стандартына сәйкестікке сертификатталған. ИСО тиімділігін тәуелсіз аудиторлар үнемі растап отырады.

ҚМГ менеджмент жүйесін жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сертификатталды.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (ӨҚ, ЕҚОҚ) саласындағы басқару бойынша алдыңғы қатарлы және үздік тәжірибелерді ескере отырып, ӨҚ, ЕҚОҚ басқару процестеріне барлық деңгейдегі басшылар мен жұмыскерлерді тарту және бейілділік дәрежесін арттыру үшін компанияда комитеттердің үш деңгейлі жүйесі енгізілген және жұмыс істейді:

  • бірінші деңгей – ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және түрақты даму комитеті (ҚЕҚОҚТДК);
  • екінші деңгей – ҚМГ деңгейіндегі ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ комитеті;
  • үшінші деңгей – ЕТҰ ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі комитеттері.

2019 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті жұмыс істейді. 2021 жылы ҚМГ осы Комитеттің және Комитет жанындағы сарапшылар тобының жұмысына белсенді қатысты. Комитет пен Сараптама тобының жұмысы шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары белсенді түрде тәжірибе алмасады және ӨҚ, ЕҚОҚ қамтамасыз ету саласында, оның ішінде пандемияға қарсы іс-қимыл бөлігінде бірыңғай тәсілдерді әзірлейді. ҚМГ-нің ӨҚ, ЕҚОҚ қамтамасыз ету және пандемияға қарсы іс-қимыл саласындағы көптеген тәсілдерін басқа портфельдік компаниялар ең үздік практика ретінде қабылдады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған орта мәселелері жөніндегі есептер ай сайын ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстарында, егжей – тегжейлі ақпараттық есептер – ҚМГ Директорлар кеңесінің ҚЕҚОҚТДК-да қаралады.



Ішкі бақылау және жақсарту

  • ЕҚОҚ бойынша бағалауды басқару жүйесі.
  • ЕҚОҚ комитеттерінің жүйесі.
  • HSE Compliance and RT Audits.
  • ЕҚОҚ мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені.

 Мониторинг

  • ЕҚОҚ бойынша есеп беру қағидалары.
  • ЕҚОҚ бойынша қозғалыс қауіпсіздігін автоматтандыру.
  • ЕҚОҚ бойынша ҚНК жүйесі.
  • Оқиғаларды тексеру рәсімі.
  • «Авариялардың себептерін тексеру» автоматтандырылған модулі.
  • Салыстырмалы талдау.

Өткізу  

  • Денсаулық сақтауды басқару жүйесі
  • Көлік қауіпсіздігі бағдарламасы.
  • Дағдарыс жағдайларын басқару стандарты.
  • Метанның ағып кетуін анықтау бағдарламасы.
  • Қалдықтарды басқару стандарты.
  • Сумен қамтамасыз етуді басқару стандарты.
  • Энергия пайдалану тиімділігінің жол картасы.

Өндірістің тұтастығы

  • Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • LOTO.
  • Өндірістік процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Тәуекелдерді басқару

  • Тәуекелдерді басқару жүйесі.
  • EIA тәуекелдерін бағалау стандарты.
  • «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық қадағалау бағдарламасы».

Мүдделі тараптар

  • Мердігерлер бойынша стандарт.
  • Мердігерлердің есептілігі.
  • Көпшілік тыңдаулар.

Стандарттар 

  • Үздік әлемдік практикаларға негізделген ЕҚОҚ стандарттарын әзірлеу және енгізу.

Курс

  • ЕҚОҚ саясаты.
  • Көлік саясаты.
  • Алкоголь саясаты.
  • Атмосферадағы шығарындыларды басқару саясаты.

Стратегия

  • Жұмыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Экологиялық жауапкершілік.

Мақсаттар

Нөл:

  • оқыс оқиғалар;
  • төгілулер;
  • төгінділер;
  • күнделікті жағу.

Басшылық 

Басшылықтың қызығушылығы:

  • басшылар форумы, SPE.
  • ЕҚОҚ бойынша комитеттердің үш деңгейлі жүйесі.

021 жылы ҚЕҚОҚТДК отырыстарында келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланды:

  • қалдықтарды басқару және тарихи Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі меморандумды орындау туралы;
  • денсаулық сақтау және еңбек гигиенасын басқару жүйесі туралы;
  • ҚМГ мердігерлік ұйымдарын басқару туралы;
  • атмосфералық ауаға шығарындыларды басқару туралы.

Тоқсан сайынғы негізде экологиялық тәуекелдерді, климаттың өзгеруіне және су ресурстарының тапшылығына байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдерге мониторинг жүргізіледі. ҚМГ қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді үнемі талдайды, мұнай-газ саласындағы жетекші халықаралық қауымдастықтардың (IOGP, CDP) ұқсас көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді. Компания экологиялық аспектілерге және экологиялық тәуекелдерді бағалауға ерекше назар аударады.

Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл

Компания ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінде мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және төмендетуге негізделген ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдарды басқару процестерін жақсартуға ұмтылады.

Мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде аса маңызды талаптар мыналар болып табылады:

  • Компанияның барлық деңгейдегі басшыларының ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы көшбасшылығы, бейілділігі және жауапкершілігі;
  • мердігерлерді біліктілік алды іріктеу (сауалнама жүргізу, техника мен жабдықтың, мамандардың біліктілігінің, құжаттаманың ҚТ, ЕҚОҚ талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу);
  • мердігерлердің міндеттемелері және ҚМГ саясаттары мен стандарттарын мүлтіксіз сақтауы;
  • бар тәуекелдерге мөлшерлес барлық деңгейлерде ҚМГ жұмыскерлері мен мердігерлердің ӨҚ, ЕҚОҚ бойынша құзыреттерін қамтамасыз ету және оларды оқыту арқылы тұрақты арттыру;
  • мердігерлердің жұмыстарды жүргізудің немесе қызметтер көрсетудің барлық сатыларында тәуекелдерді басқаруды көздейтін ӨҚ, ЕҚОҚ жоспарын әзірлеуі;
  • техника мен жабдықтың, мамандардың біліктілігінің, құжаттаманың ӨҚ, ЕҚОҚ талаптарына сәйкестігіне жұмылдыру алды аудитін жүргізу;
  • ҚМГ жұмыскерлерінің, мердігерлердің (қосалқы мердігерлердің) және мүдделі тараптардың ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдер туралы хабардар болу деңгейін және коммуникацияны арттыру;
  • мердігерлердің ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы нәтижелілік көрсеткіштерін бағалау және жақсарту шаралары.

Бұдан басқа, Компания ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау және коммуникацияны арттыру үшін тұрақты түрде форумдар, мердігерлік ұйымдардың қатысуымен кездесулер өткізеді.

Жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттану коэффициенті 1 млн адам-сағатқа LTIR (LOST TIME INJURY RATE) – 2021 жылы мердігерлік ұйымдардың қатысуымен – 0,27 құрады.

Мердігерлік ұйымдардың қатысуымен 100 млн адам сағатқа өлім жағдайларының коэффициенті – FAR (FATALITY ACCIDENT RATE) 2021 жылы – 0,00 құрады.

Мердігерлік ұйымдар бойынша деректерді жинау процесі құру сатысында. Жүйе жылдан жылға жетілдірілетін болады.

Мердігерлік ұйымдардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар мен өлім жағдайларының коэффициенті

Көрсеткіш

20204

20215

IOGP6

1 млн адам-сағатқа жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттану коэффициенті

0,00

0,27

0,22

100 млн адам-сағатқа өлім жағдайларының коэффициенті

0,00

0,00

0,54

4 Деректер жоқ.

5 ҚТГ және оның құрылымдық бөлімшелерін есепке алмағандағы деректер.

6 6 2020 жылға қолжетімді IOGP көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).

ЕТҰ-да өз бетінше жүргізілген ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдарды басқару жүйесі бойынша нәтижелілік көрсеткіштерін бағалаудың GAP-талдауы жүйе дамуының оң деңгейін көрсетті.

GAP-талдау деректерін растау және оларды верификациялау үшін ЕТҰ-да мердігер ұйымдарды басқару жүйелеріне аудит жүргізу жоспарланған, олардың негізінде ұсынылған деректер мен осы аудиттерді салыстыру жүргізілетін болады, ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы мердігер ұйымдарды басқару жөніндегі жүйені дамытудағы негізгі тежеуші факторлар (жүйелі себептер) айқындалады.