Есеп туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) орнықты даму саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізіп, 2012 жылдан бастап есептілікті Жаһандық есептілік бастамасына (Global Reporting Initiative – GRI) сәйкес жариялап келеді.

Мүдделі тараптар алдында өз қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ жыл сайын орнықты дамуға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікке өзінің көзқарасын жариялайды.

Осы Есеп Global Reporting Initiative Sustainability Reporting Standards: Core option (негізгі нұсқа) орнықты даму саласындағы есептілікті дайындау жөніндегі халықаралық басшылығына, сондай-ақ GRI G4 Oil and Gas Sector Disclosures мұнай-газ компанияларына арналған салалық қосымшаны сәйкес дайындалды.

Есепте 2021 күнтізбелік жылға арналған ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы шоғырландырылған ақпарат ұсынылған (есепте – ҚМГ, Компания, Компаниялар тобы деп аталады)1

Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды қамтиды (бөлімдер бойынша есептілік шекараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы Eсепке 1-қосымшада 166-бетте  берілген).

Компанияның қаржылық жағдайы мен өндірістік қызметінің нәтижелері Компанияның тиісті блоктарының ұйымдастырушылық қолдауымен Компанияның шоғырландырылған деректері пайдаланыла отырып ұсынылған. Осы Есепті дайындау кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша жасалған ҚМГ басқарушылық және аудиттелген қаржылық есептілігі пайдаланылды.

Есепті дайындау процесі, маңызды тақырыптарды айқындау және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу туралы «Тұрақты дамуды басқару» бөлімінде толығырақ айтылған.

Көрсеткіштер бойынша деректерді салыстыру және салыстырмалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат бірнеше жыл ішіндегі динамикада ұсынылған.

ҚМГ Тұрақты дамуы туралы есебі ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі.

ҚМГ-ның орнықты дамуы туралы есептер электрондық форматта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚМГ веб-сайтында қолжетімді: http://www.kmg.kz/kaz/ustoichivoe_razvitie/reports/.

Есептің интерактивті нұсқасы ҚМГ сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған http://www.kmg.kz/kaz/ustoichivoe_razvitie/reports/.

Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының (бұдан әрі – БҰҰ ЖШ) қағидаттарын ұстанады және өз қызметіне Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) интеграциялайды.

1 ҚМГ мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында жасалған 11.03.2021ж. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚТГ ) 100% жай акцияларын сенімгерлікпен басқару шартының 3.6-тармағына сәйкес Сенімгерлікпен басқарушы ҚМГ-мен белгілі бір құқықтар мен міндеттерді іске асыруды келісуге міндетті болатын мәселелер тізбесі айқындалды. Бұл тізімге еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адами ресурстарды басқару және әлеуметтік жауапкершілік, сондай-ақ сатып алу қызметі бойынша шешімдер қабылдау мәселелері кірмеген. Сондай-ақ ҚМГ ДК 09.09.21ж. № 14/2021 (18-тармақ) шешіміне сәйкес ҚТГ 2021 жылғы қарашада Қор пайдасына иеліктен шығарылды және осы сәттен бастап бұл актив ҚМГ шоғырлануына кірмейді. Осыған байланысты, осы бөлімдер бойынша есептегі ақпарат ҚТГ-ны қоспағанда, ҚМГ тобы бойынша ұсынылды және осы актив бойынша ақпарат жеке ұсынылды.

БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттары

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1-қағидат

Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.

2-қағидат

Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

ЕҢБЕК ҚАРЫМҚАТЫНАСТАРЫ

3-қағидат

Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.

4-қағидат

Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.

5-қағидат

Іскерлік топтар балалар еңбегін толық жоюды қолдауы тиіс.

6-қағидат

Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.

ҚОРШАҒАН ОРТА

7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.

8-қағидат

Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ.

10-қағидат

Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.

2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ ЖШ мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және БҰҰ ЖШ он қағидатына және 17 ОДМ-ға адалдығын қолдайды.

Компанияның Тұрақты даму туралы жыл сайынғы есебі БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады және https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810 сілтемесі бойынша қолжетімді. https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810