Төмен көміртекті даму бағдарламасы

Бағдарлама туралы

Бүгінгі таңда климаттың өзгеруіне қарсы күрес, өнеркәсіпті көміртексіздендіру әлемдік саяси, инвестициялық және сауда күн тәртібіне берік енген. Көміртегі ізін азайту жаһандық жылынуға қарсы күресте маңызды фактор болып табылады.

Көміртексіздендірудің орнықтылығы мен ұзақ мерзімділігі Париж климаттық келісімінде бекітілген, оның жаһандық мақсаты – климаттың өзгеруінің өсуін 2100 жылға дейін 1,5 С-тан асырмай ұстап тұру. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 55%-ға төмендету мақсатын көздейтін ЕО-ның климаттық саясатын қатаңдату арқылы жүзеге асырылады. Осы саясатты іске асыру үшін Еуропалық Одақ көміртекті көп қажет ететін өнімдер импортына шекаралық көміртекті реттеуді енгізуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, Қазақстан Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолында күш-жігерді жандандыру және амбицияларды өрістету бойынша жаһандық күн тәртібін қолдайды және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқартуға ерікті үлес қоспақ.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климаттық амбициялар жөніндегі саммитте сөз сөйлеп, Қазақстанның 2060 жылға қарай климаттың өзгеруімен күресуге және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы мәлімдеген мақсатты іске асыру үшін 2060 жылға қарай Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі доктрина әзірленуде.

2021 жылғы 13 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың қатысуымен «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскерлік орта мен азаматтық қоғамның, қаржы институттарының өкілдері, даму бойынша әріптестер мен БАҚ өкілдері де қатысты. Төменкөміртекті тақырыптарға арналған көрмеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы А.С. Айдарбаев Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің компаниямыздың көміртекті бейтараптығына қол жеткізу мақсаттары мен жолдарын таныстырды.  https://akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-komirtegine-beytaraptykka-kol-zhetkizu-zhonindegi-halykaralyk-konferenciyaga-katysty-1393320

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ елдің төмен көміртекті дамуы жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2021 жылғы 24 мамырдағы № 47 р және 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 32-р хаттамалық тапсырмаларын орындау үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚазМұнайГаз» ҰК » АҚ) 2022-2031 жылдар кезеңіне арналған төмен көміртекті даму бағдарламасын (бұдан әрі – ТКДБ, Бағдарама) әзірледі, оны Компанияның Директорлар кеңесі 2021 жылғы 4 қарашада бекітті.

Бағдарлама ҚМГ-ның төмен көміртекті дамуының бірыңғай негізін айқындайды және Компанияның көміртегі ізін азайту саласындағы қызметін жүйелейді.

Негізгі мақсат – ҚМГ-ның климаттық амбицияларын айқындау, қолда бар әлеуетті талдау, дамудың негізгі бағыттарын айқындау және Компанияның дайындық деңгейін арттыру арқылы көміртегі ізін азайту саласындағы негізгі тәсілдер мен шараларды жүйелеу болып табылады.

Негізгі бағыттар және күтілетін нәтижелер

Бағдарламаның құрылымы бес негізгі бөлімнен тұрады (көміртекті реттеуді талдау және негізгі трендтер, ҚМГ ІГ шығарындыларын түгендеу, сценарийлік модельдеу, ТКДБ стратегиялық бағыттары, іске асыру тетігі).

Бағдарламаның кіріспе бөлімі бірінші кезекте ҚМГ-ның негізгі сауда серіктестерін қоса алғанда, халықаралық және ұлттық климаттық реттеуді, олардың Компанияның орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін сақтауға әсерін талдауға арналған, бұл ҚМГ-ның төмен көміртекті дамуының негізгі алғышарттарын айқындады.

Ағымдағы жағдайды талдау және Бағдарламаны одан әрі әзірлеу үшін базалық желіні айқындау мақсатында парниктік газдар шығарындыларына егжей-тегжейлі түгендеу жүргізілді.

Түгендеу тікелей (Scope 1) және жанама (Scope 2) шығарындылар бойынша жүргізілді.

  • Тікелей – бұл ҚМГ меншігіндегі көздердегі өндірістік процестер кезінде көмірсутек отынын жағумен және еріксіз ұшпа шығарындылармен байланысты парниктік газдардың шығарындылары;
  • сырттан жеткізілетін электр және жылу энергиясын, ыстық су мен буды тұтынумен байланысты жанама шығарындылар.

Осы бағдарламаның мақсаттары үшін тікелей шығарындыларда СО2 ғана ескеріледі.

Базалық жыл ретінде 2019 жыл таңдалды, өйткені ол экономикалық дағдарыс әсер еткен 2018 жылдан және коронавирустық инфекцияның пандемиясы әсер еткен 2020 жылдан айырмашылығы ҚМГ компаниялар тобының әдеттегі операциялық қызметіне жақын.

Түгендеу нәтижесінде жиналған деректер базасында ҚМГ дамуының сценарийлік моделі жасалды. Модельде үш сценарий қарастырылды – базалық, жасыл даму сценарийі және төмен көміртекті даму сценарийі.

Модель ҚМГ ЕТҰ «Business as usual» сценарийі кезінде ІГ шығарындыларының 2030 жылға дейінгі өзгеруінің әртүрлі динамикасын көрсетеді деп болжайды. Барлық активтер бойынша ІГ шығарындыларының жалпы өсімі 2019 жылға қарағанда шамамен 4% құрайды. Бұл ретте модельдің болжамы талданатын деректердің шектеулілігіне байланысты болашақта жоспарланатын мұнай-газ химиясы жобалары ескерілмей келтірілген.

Жасыл сценарийде энергия тиімділігі, электрлендіру, сондай-ақ жаңартылатын энергетиканы пайдалану жөніндегі шаралар арқылы активтердің ағымдағы операциялық құрылымын сақтай отырып, ІГ шығарындыларын азайту көзделеді.

Төмен көміртекті даму сценарийінде жоғарыда көрсетілген шараларға сутегі өндіру, көміртекті ұстау және сақтау технологияларын, белсенді офсеттік саясатты (климаттық жобаларды дамыту) белсенді енгізу жобалары қосылады. Алайда, елдің жаңа технологияларға дайындығы бойынша ағымдағы жағдайды, көміртегі бағасының төмен деңгейін, рұқсаттық және заңнамалық базадағы жекелеген олқылықтарды, инфрақұрылымның нашар дамуын және т.б. ескере отырып, көрсетілген бағыттар көп инвестицияны қажет етеді, бірақ 2031 жылға қарай көміртегі ізін төмендету тұрғысынан айтарлықтай нәтиже бермейді.

Баяндалғанды ескере отырып, энергия тиімділігі шаралары мен ЖЭК-ке назар аударыла отырып, 2031 жылға дейін неғұрлым перспективалы сценарий ретінде жасыл даму сценарийі таңдалды.

Сонымен қатар, перспективалы бағыттар қолайлы жағдайлар туындаған жағдайда, кейіннен масштабтау үшін құзыреттер мен не өз әлеуетін арттыру мақсатында пилоттық режимде тестіленуі тиіс. Бағдарлама шеңберінде көрсетілген шаралар «көміртексіздендірудің қосымша шаралары» жеке блогына бөлінген.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ елдік саясат пен ҚМГ даму болжамдарын ескере отырып, Компания үшін жасыл даму сценарийі шеңберінде қол жеткізуге болатын мақсат 2019 жылғы шығарындылар деңгейінен 2031 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15%-ға немесе СО2 1,6 млн тоннаға қысқарту болып табылады.

Cуретте көрсетілген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін негізгі шаралар көрсетілген.

ҚМГ 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасы

Көмірқышқыл газының шығарындыларын СО2 экв 1,6 млн тоннаға азайту ЖЭК ні белсенді пайдалану есебінен қамтамасыз етілетін болады, олардың энергия балансындағы үлесі 2031 жылға қарай 2019 жылғы деңгейден 15%-ға ұлғаюы тиіс, сондай-ақ ҚМГ операциялық процестерінің энергия тиімділігін арттыру есебінен де қамтамасыз етіледі. Энергия тиімділігі бойынша қолда бар әлеуетті айқындау мақсатында ҚМГ қолда бар және әлеуетті шараларға талдау жүргізді. Іс-шаралар бірыңғай тізілімге жинақталған, ол инвестициялар, энергия ресурстарын үнемдеу әлеуеті, ІГ шығарындыларын азайту және енгізуден болатын қаржылық әсер параметрлері бойынша көміртексіздендіру бағдарламасын серпінді жаңартуға мүмкіндік береді.

Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚМГ объектілердің белгіленген қуаты кемінде 300 мВт болатын ЖЭК жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр (2031 жылға қарай жиыны), ол үшін ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру бойынша әлеуетті әріптестермен (оның ішінде ірі халықаралық компаниялармен) келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚМГ 2021 жылғы 26 шілдедегі Eni S.P.A. ірі итальяндық мұнай-газ компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде ЖЭК объектілерін салу және пайдалануға беру бойынша бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда. https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/

Бұдан басқа, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Total Eren S.A Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжат Қазақстан аумағында жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын жел энергиясын пайдаланатын гибридті электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған. https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/

ТКДБ негізіне енген жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа, ҚМГ Компанияның төмен көміртекті дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында перспективалы болуы мүмкін көміртексіздендірудің қосымша шараларын әзірледі. Оларға мыналар жатады:

  • көміртекті ұстау және сақтау саласындағы жобаларды іске асыру (CCS);
  • сутегі энергетикасын дамыту;
  • орман-климаттық жобалар.

Бұл жобалар Компанияның көміртегі ізін азайтуға қосымша үлес қосуды қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ҚМГ үшін бизнестің жаңа бағыттары болуы мүмкін. Осыған байланысты ағымдағы кезеңде ҚМГ көрсетілген бағыттарды пилоттауға кірісті. «Пилоттық» жобаларды іске асыру Компанияның әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді және ұзақ мерзімді перспективада ҚМГ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазірдің өзінде ҚМГ көміртегі диоксидін (CCUS) ұстау, сақтау және өндірілген мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру үшін CO2 айдау әлеуетін айқындау жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл 2031 жылға дейін орта мерзімді перспективада мыналарға мүмкіндік береді:

  1. Өндірілген мұнай резервуарларына немесе су тұтқыш жиектерге ұстап алу және айдау есебінен ҚМГ өнеркәсіптік объектісінде парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендету.
  2. Технологияларды сынақтан өткізу (көміртегі диоксидін (CCUS) ұстау, сақтау жөніндегі жобаларды іске асыру және оларды кейіннен масштабтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық және рұқсаттық базасын қалыптастыру үшін нәтижелерді пысықтау).

Осы жұмыс шеңберінде әлеуетті объект-көздерді бөле отырып, ЕТҰ-да СО2 шығарындылары көздерінің скринингін жүргізу, өндірілген мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру үшін СО2 айдау бойынша перспективаларды зерделеу және бағалау, кейіннен эксперименттік объектіні жобалау, салу және пайдалануға беру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау (таңдалған локацияның ерекшелігін ескере отырып) болжанып отыр. ҚМГ активтерінде скрининг жүргізу жөніндегі жұмыстардың алдын ала кезеңін 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр, бұл 2024-2025 жылдары жобаның бірінші кезеңін (зерттеу және жобалау) іске асыруға мүмкіндік береді.

Қызметтің осы бағыты бойынша құзыреттілікті арттыру үшін 2021 жылғы қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы Көміртекті ұстау, кәдеге жарату және сақтау технологиясын (CCUS) дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум көміртекті ұстау мен кәдеге жаратудың негізгі критерийлерін айқындау және әзірлеу мақсатында CCUS технологиясын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске асыру үшін әлеуетті мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеуді көздейді. Құжат тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін нығайтуға, сондай-ақ Париж келісімі шеңберінде республика қабылдаған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерге қол жеткізу жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін қолдауға бағытталған. Қол қойылған құжат шеңберінде «Шелл» техникалық сарапшылары ұқсас CCUS жобаларды іске асырудағы халықаралық тәжірибесімен бөлісуге ниетті.

ҚМГ дайындық жұмыстары Қазақстанда сутегі энергетикасын дамыту бағытында жүргізілуде. Осы жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдан кешіктірмей Қазақстан аумағында сутегі ұтқырлығы бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл технологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының сутегі отыны саласындағы заңнамалық және рұқсаттық базасын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Осы бағытты дамыту мақсатында 2021 жылғы 12 қазанда «Эр Ликид Мунай Тех газа» ЖШС-мен (көлік секторындағы сутегі бастамаларын дамытуға бағытталған Air Liquide бөлімшесі) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық сутегі қозғалтқышы бар автомобильдерге арналған сутегі құю станциясын (СҚС) салу бойынша тараптардың өзара іс-қимылын көздейді. Бұл технология Қазақстанда алғаш рет ұсынылады.

Air Liquide-тің сутекті жеткізудің барлық тізбегі бойынша: өндірістен бастап соңғы тұтынушыларға арналған қосымшаларды сақтауға, таратуға және дамытуға дейін құзыреттілігі мен тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда компания бүкіл әлем бойынша 120-дан астам сутегі құю станцияларын жобалап, орнатты.

https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/

Сондай-ақ, 2021 жылғы 29 қазанда сутегі энергетикасы бойынша перспективалық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Linde технологиялық компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстандағы таза энергетика саласындағы ынтымақтастық пен жобаларды бірлесіп әзірлеу туралы уағдаласты. Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі шеңберінде табиғи газды шикізат ретінде («көгілдір» сутегі және «көгілдір» аммиак) және/немесе су электролизін («жасыл» немесе «көгілдір» сутегі және «жасыл» немесе «көгілдір» аммиак) пайдалана отырып, сутегі мен аммиакты өндіру мүмкіндігі зерделенетін болады. Техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіліп, сәтті келісімдерге қол жеткізілгеннен кейін Қазақстан аумағында «жасыл» сутегі мен «жасыл» аммиак өндіру жобасын іске асыру жоспарлануда. https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/

ТКДБ Іске асыру шеңберінде ҚМГ табиғи шешімдерге негізделген жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ҚМГ жалпы ауданы 2 000 га болатын орман климаттық жобаларды дамыту мақсатын қойды. Компания орман өсіру жобасы көміртекті сіңіруге қарсы күресте оң нәтиже беріп қана қоймай, сонымен қатар климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына өз үлесін қосуы керек деп болжайды.

Қазіргі уақытта ҚМГ Павлодар орман мекемесінің аумағында орналасатын Павлодар қаласының жасыл аймағын құруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бұл аумақ 7 533,0 га құрайды, оның ішінде 4 532,0 га орманды жерлер. Халықты жасыл екпелермен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық стандарттарға сәйкес дала аймағында (Павлодар облысының аумағы) тұратын 1 мың адамға 20 га орман тиесілі болуы тиіс.

Осылайша, 333 мың адамнан астам халқы бар Павлодар қаласының жасыл аймағы кемінде 6 670 га болуы тиіс. Орман алқабының қазіргі дефицитін ҚМГ өз жобасы шеңберінде жабуды жоспарлап отыр.

Климаттың өзгеруі. Парникті газдар ШЫҒАРЫЛЫМЫ

Біз табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана отырып және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту жөніндегі шараларға бірінші кезекте назар аударамыз. Табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдалану, экологиялық тәуекелдерді барынша азайту біздің басымдықтарымыз болып табылады. Нысаналы бағдарламалар шикі газды алауларда жағуды азайтуға, жаңартылатын энергия көздері негізінде «жасыл» энергетиканы дамытуға және жалпы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.

ҚМГ корпоративтік орталық деңгейінде парниктік газдар шығарындылары және атмосфераға ластаушы заттар саласындағы еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін басқарады, эмиссияларға рұқсат, парниктік газдар шығарындыларына квота, шикі газды жағуға рұқсат сияқты қызметті жүргізуге барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын уақтылы алуды бақылайды.

Атмосфералық ауаға әсерді азайту саласындағы бағдарламалар: өндіруші секторда шикі газды дамыту және өңдеу бағдарламаларын орындау, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бағдарламасы, тасымалдау секторында Жаңа объектілерді салу кезінде жаңа қолжетімді технологияларды қолдану және т. б. бағдарламаларды кезең-кезеңімен орындау атмосфераға ластаушы заттар мен парниктік газдардың үлестік шығарындыларын қысқартуға, шикі газдың пайдалы пайдаланылуын арттыруға әкеледі.

ҚМГ компаниялар тобындағы Шығарындыларды басқару саясаты жұмыс істейді, онда атмосфераға зиянды әсерді төмендету жөніндегі қызметті басқарудың негізгі қағидаттары айқындалған:

  1. қызметін заңнамалық талаптарға және Компанияның өзге де міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;
  2. шығарындылардың белгіленген нормативтерін және ластаушы заттар шығарындыларына лимиттерді, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сақтау;
  3. рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу, құзыреттілікті арттыру, оқыту және хабардар болу;
  4. шығарындыларды тұрақты есепке алуды, түгендеуді және мониторингілеуді жүргізу;
  5. көмірсутек шикізатын өндіру кезінде шикі газды тұрақты жағуды тоқтату;
  6. парниктік газдар шығарындыларын азайту және «көміртегі ізін» азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
  7. көміртегі активтерін басқару;
  8. шығарындыларды басқару жөніндегі қызметті тұрақты жақсарту.

Біз ұлттық заңнаманың, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың талаптарын, Компанияның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі құжаттарының және басқа да ішкі корпоративтік құжаттардың ережелерін ұстанамыз, экологиялық тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды жүргіземіз, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз іс-қимылдарымыздың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Біз атмосфералық ауаға әсерді төмендету бойынша өндірістік объектілердің қызметін жақсарту жұмыстарын жалғастырудамыз. Біз еліміздің нормативтік заңнамалық базасын жетілдіруге белсенді қатысамыз, эмиссияларды басқару жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткіземіз, климаттың өзгеруіне байланысты форумдарға, конференцияларға қатысамыз, шығарындыларды азайту стратегиясын іске асыруда өз қабілеттерімізді арттыру үшін біліміміз бен дағдыларымызды жетілдіреміз.

ҚМГ ұзақ мерзімді Даму Стратегиясында климаттық аспектілер бойынша мынадай басым бағыттар айқындалды:

  1. парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларын басқару;
  2. ілеспе мұнай газын күнделікті алауда жағуды қысқарту;
  3. өндірілген өнім көлеміне шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру;
  4. метанның ағып кетуін азайту;
  5. жасыл жобаларды қаржыландыруды ұлғайту.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің жаһандық тренді бүкіл әлемдегі компаниялардың қызметіне көбірек әсер етеді. ҚМГ қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және орнықты даму қағидаттарына жауап беретін 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. ҚМГ даму стратегиясына сәйкес көміртегі ізін азайту мақсатында төмен көміртекті даму Компания дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

ҚМГ мемлекет декарбонизацияға алған бағытты қолдай отырып, 2022-2031 жылдар кезеңіне арналған өзінің төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірледі және бекітті, оның мақсаты 2019 жылмен салыстырғанда көміртегі ізін 15%-ға төмендету болып табылады. Климаттың өзгеруі мәселелері стратегиялық деңгейде бақыланады: Директорлар кеңесі, ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті.

Біз энергияға өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін мұнай және табиғи газ өндіруді ұлғайтуға ұмтыламыз, осыған байланысты табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана отырып және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайту жөніндегі шараларға бірінші кезекте назар аударамыз.

Біз сыртқы ортаның өзгерістерін және мүдделі тараптардың сұраныстарын ескере отырып, атмосфералық ауаға шығарындыларды қысқарту бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындауды жоспарлап отырмыз.

Парниктік газдар шығарындылары

2021 жылы Carbon Disclosure Project алаңында 2020 жылға арналған Климаттық сауалнама жарияланды, ол Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ-ның барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректерді қамтиды.

Есепке көмірқышқыл газы (CO2), метан (CH4), азот оксиді (N2O) кіреді. Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жөніндегі деректер әрбір ЕТҰ бойынша аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың қорытындыларымен расталған. 2021 жылғы Ақпарат CDP есебінде 2022 жылдың III тоқсанында ашылады. Ақпаратты ашу кезінде біз жүйелілік пен салыстырмалылық принципін ұстанамыз. Біз ақпаратты ашудың толықтығын арттыру және 3-деңгейдің жанама шығарындылары бойынша есептілік салаларын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс істейміз.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша 2021 жылы парниктік газдардың (СО2) тікелей шығарындыларының көлемі СО2 6,9 млн тоннаны (СО2 экв 11,4 млн тонна) құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден сәл жоғары.

1-деңгей

Тікелей шығарындылар

Қызмет бағыттары бойынша бөлу

 

2019

2020

2021

Өндіру

млн т СО2 экв*

3,8

4,1

4,3

Өңдеу

млн т СО2 экв*

4,8

6,2

6,1

Тасымалдау

млн т СО2 экв*

6,6

5,5

0,2

Елдер бойынша бөлу

 

 

 

 

Қазақстан

млн т СО2 экв*

14,2

14,9

9,9

Румыния

млн т СО2 экв*

1,0

0,9

0,7

Грузия

млн т СО2 экв*

0,007

0,01

0,01

Парниктік газдар түрлері бойынша шығарындыларды бөлу

СО2

млн т СО2

9,7

8,7

6,9

CH4

млн т СО2 экв*

5,5

6,6

3,2

N20

млн т СО2 экв*

0,02

0,5

0,5

2-деңгей

Жанама шығарындылар

млн т СО2 экв*

3,4

3,5

Ақпарат CDP Климаттық сауалнамасында 2022 жылдың 3-тоқсанында ашылады https://www.kmg.kz/ kaz/investoram/reporting-and-financial-result/

3-деңгей

сатылған өнімдерді пайдаланудан

млн т СО2 экв*

71,7

61,3

ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2021 жылы парниктік газдардың (СО2) тікелей шығарындыларының көлемі 2,6 млн тонна СО2 (7,4 млн тонна СО2 экв.), бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 24%-ға жоғары.

СО2 шығарындыларының қарқындылығы 1 000 тонна өндірілген көмірсутек шикізатына 102 тоннаны құрады, бұл Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) салалық орташа көрсеткішінен 10%-ға төмен, ол 1 000 тонна КСШ-ға 113-ті құрайды.

СО2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ (ТОННА / 1 000 ТОННА ӨНДІРІЛГЕН КСШ)

СH4 ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ(ТОННА / 1 000 ТОННА ӨНДІРІЛГЕН КСШ

Парниктік газдар шығарындылары қарқындылығының өсуі парниктік газдар шығарындыларын есептеу тәсілдерінің өзгеруімен байланысты.

Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттардың шығарылуын жүзеге асырмайды. Мерзімді бақылау және мониторинг жүргізіледі. Климаттың өзгеруі мәселелері тәуекелдерді сәйкестендіруді және қоршаған ортаға жүктемені азайту жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі Корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрауышы болып табылады және стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекел оқиғаларын уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға бағытталған. Компания климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді ескереді және өз қызметінің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерді және парниктік газдар шығарындыларын барынша төмендете отырып, тұрақты болашаққа өз үлесін қосуға ұмтылады. Корпоративтік тәуекелдер тізілімі климаттың өзгеруіне байланысты жаңа тәуекелмен кеңейтілді. Біз тоқсан сайын Директорлар кеңесінің алдында ОТОС саласындағы тәуекелдер туралы есеп береміз.

Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер

Төменкөміртекті экономикаға көшуге байланысты тәуекелдер

Саяси және нормативтік-құқықтық тәуекелдер (мысалы, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін көміртегі бағасын белгілеу/көтеру тетіктерін енгізу; мемлекеттің шығарындылардың үлестік коэффициенттерін пайдалану арқылы ғана квоталарды бөлу әдісіне көшуі, соның салдарынан кейбір кәсіпорындарда квоталар тапшылығы туындауы мүмкін; шығарындыларды төмендету үшін энергия тұтынуды қысқарту; энергия тиімді шешімдер қабылдау; парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін энергия тұтынуды пайдалану тиімділігін арттыру және Жерді пайдаланудың неғұрлым тұрақты әдістерін ілгерілету).

Нарықтық тәуекел (климатқа байланысты белгілі бір тауарларға, өнімдерге және қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қаупі).

Технологиялық тәуекел (ЖЭК, энергия тиімді технологиялар, ҒТ, көміртекті ұстау және сақтау технологиялары және декарбонизацияның өзге де технологиялары сияқты жаңа технологияларды әзірлеу және пайдалану).

Төменкөміртекті экономикаға көшуге оның үлесі не осы ауысудан жалтаруы тұрғысынан мүдделі тараптардың компанияны қабылдауын өзгертуге байланысты бедел тәуекелдері.

Климаттың өзгеруінің физикалық әсеріне байланысты қауіптер

Циклондар, дауыл, су тасқыны сияқты төтенше ауа-райының әсерінен болатын қысқа мерзімді қауіптер.

Климаттық модельдердегі ұзақ мерзімді өзгерістерден туындаған жүйелі (созылмалы) тәуекелдер (мысалы, жоғары ауа температурасының ұзақ кезеңі, теңіз деңгейінің көтерілуі және жағалау ұңғымаларының су басуы).

ПЭнергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру

ҚМГ компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасын жалғастыруда. ҚМГ корпоративтік орталығы энергия тұтыну және энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша деректерді жинайды және талдайды, прогресті қадағалайды және жақсарту үшін мүмкіндіктерді сәйкестендіреді, өткен кезеңмен және саланың ұқсас компанияларының көрсеткіштерімен (IOGP) бенчмаркинг жүргізеді.

Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, ол осы қызметте жүйелі басқару бойынша үздік жалпыға танылған халықаралық практика болып табылады.

Энергия ресурстарын тұтыну

2021 жылы барлығы 118,0 млн ГДж3 отын-энергетикалық ресурстар (2020 жылға қарағанда 1%-ға артық), оның ішінде электр энергиясы – 12,8 млн ГДж, жылу
энергиясы – 4,3 млн ГДж, мотор отыны – 1,2 млн ГДж, қазандық – пеш отыны – 99,7 млн ГДж тұтынылды (бұл ретте табиғи газ энергия ресурстарын жалпы тұтынудың 24%-ын және ІМГ 24%-ын құрайды). Энергия тұтыну көлемі үш бизнес-бағыт арасында бөлінген: «Мұнай және газ өндіру», «Мұнай тасымалдау» және «Мұнай және газ өңдеу».

2021 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша меншікті өндірілетін энергия көлемі 466,8 млн кВт электр энергиясын және 3 985 мың Гкал жылу энергиясын құрады.

 Инновациялық технологияларды қолдану және ЖЭК пайдалану мұнай-газ саласындағы салыстырмалы түрде жаңа, бірақ соған қарамастан перспективалы бағыт болып табылады.

2021 жылы ЖЭК, қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес АМӨЗ және ММГ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген өз қажеттіліктеріне 7 264 мың кВт көлемінде электр энергиясын сатып алды. 2021 жылы аумақты жарықтандыру үшін ПКОП күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 47 мың кВт сағатты құрады.

Ұйымнан тыс энергияны тұтыну

Қазіргі уақытта біз ұйым ішінде ғана энергетикалық ресурстарды тұтынудың есебін жүргіземіз, осыған байланысты ұйымнан тыс энергияны тұтыну осы есепте көрсетілмеген.

ОТЫН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫН ТҰТЫНУ, %

Ескертпе: ҚТГ-да 2021 жылдың 10 айында тұтыну – 48,45 млн ГДж отын-энергетикалық ресурстарды, оның ішінде электр энергиясын – 0,26 млн ГДж, мотор отынын – 0,26 млн ГДж және табиғи газды – 47,9 млн ГДж құрады.
Энергияны тұтынуды азайту

ҚМГ компаниялары тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіруді және тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті, оның ішінде ІМГ пайдалана отырып, генерациялау көздерін дамыту.

2021 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 49 іс-шара орындалды, отын – энергетикалық ресурстардың жылдық жоспарлы үнемделуі 0,34 млн ГДж, заттай көріністе-5,3 млн кВт электр энергиясы және 8 107 мың м3 табиғи газды құрады.

Энергия сыйымдылығы

2021 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша орташа энергия тұтыну өндірілген КСС тоннасына 2,4 ГДж құрады, бұл Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) көрсеткішінен 58%-ға жоғары қалып отыр, ол 2020 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына 1,4 ГДж құрады. Мұнай өндіруде энергия ресурстарын нақты тұтынудың артуы, ең алдымен, жетілген кен орындарында өндірістің сулануының артуымен байланысты, өйткені өндірілетін сұйықтықтың нақты тығыздығы және, тиісінше, өндірудің механикаландырылған әдістеріне тұтынылатын энергия артады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

ҚТГ-ға енгізілген ЖЭК тиімді жұмыс істеді 2021 жылы ҚТГ компаниялар тобы бойынша көздер бойынша бөле отырып, өндірілетін (өндірілетін) жаңартылатын энергияның жалпы көлемі мынаны құрады:

  • 2021 жылы жылу сорғыларымен геотермалдық (жылу) энергия өндіру – 678,54 Гкал құрады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған Waterkotte типті геотермалдық жылу сорғылары жұмыс істейді.
  • ҚТГ бойынша күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 2021 жылы – 109 068 кВт*сағ құрады.
  • «ИЦА» АҚ инженерлік-техникалық орталығының аумағын жарықтандыру үшін күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – 7 776 кВт сағат.
  • «Тереңөзяк» АГРС және «Жосалы» АГРС, «Қызылорда» МГҚБ тазарту құрылғыларын іске қосу тораптарында орнатылған күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – 5 092 кВт сағат.
  • «Қазақстан – Қытай» МГҚ желілік бөлігіндегі кран тораптарында орнатылған күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – 96 200 кВт сағат.
  • 2021 жылы аумақты жарықтандыру үшін ПКОП күн панельдерімен электр энергиясын өндіру 47 мың кВт сағатты құрады.