Экономикалық нәтижелілік

Сыртқы факторлардың жиынтық әсері аясында 2021 жылы біз Компанияның қаржылық көрсеткіштерінің пандемияға дейінгі кезең деңгейіне біртіндеп қалпына келуін байқадық. Әлемдік сұранысты қалпына келтіру, сондай-ақ ОПЕК+ тарапынан мұнай нарығын реттеу мұнай бағасының өсуінің негізгі факторларына айналды. Сыртқы сын-тегеуріндерге жауап ретінде уақтылы қабылданған шаралар Компанияға біз болжағаннан гөрі жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 1 197 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, қатысу өңірлеріндегі ірі салық төлеушілердің бірі бола отырып, ҚМГ ел бюджетіне салықтар және басқа да төлемдер бойынша өз үлесін қосады. 2021 жылы 787 млрд теңге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленді.

Сондай-ақ Компания елдегі 55 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, қызметкерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр. 2021 жылы қызметкерлер үшін Компанияның әлеуметтік аударымдарға және зейнетақы жарналарына жіберген қаражаты 54 млрд теңгені құрады.

Отандық өндірушілерді қолдау бойынша бағдарламаларға қатысу және сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту ҚМГ басымды міндеті болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша (ҚТГ есепке алмағанда) қазақстандық компаниялардан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 1 216 млрд теңгені құрады. Сатып алудағы жергілікті қамтымның үлесі 78% құрады.

ҚМГ бизнес-жоспарын және бюджетін жоспарлау және орындау Компанияның құнын арттыруда және барлық мүдделі тараптар үшін оның қаржылық тұрақтылығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. ҚМГ-дегі жоспарлаудың мақсаты Даму стратегиясында айқындалған басымдықтар мен мақсаттарға сәйкес ҚМГ қызметін орта мерзімді (бес жылдық) және ағымдағы (бір жылға) жоспарлау жүйесін қамтамасыз ету болып табылады.

ҚМГ шоғырландырылған және жеке даму жоспарын және бюджетін қалыптастыру және бекіту «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Даму жоспарын қалыптастыру, бекіту, түзету және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. Шоғырландырылған бизнес-жоспар ЕТҰ-ның 5 жылдық кезеңге арналған жоспарларын қамтиды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ-ның бизнес-жоспарлары мен бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. ҚМГ-нің Даму жоспары мен бюджеті ҚМГ-нің бекітілген корпоративтік есеп саясаты мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) талаптарына сәйкес автоматтандырылған жоспарлау жүйесінде қалыптастырылады.

ҚМГ басшылығы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық басқару есептерінің негізінде Бизнес-жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

Өзінің негізгі қызметін іске асыра отырып, ҚМГ жыл сайын елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және Компания қатысатын өңірлерді дамытуға елеулі үлес қосады.

Компанияның экономикалық нәтижелілігінің төменде көрсетілген көрсеткіштері ел экономикасына осы салымды бағалауға мүмкіндік береді.

Құрылған және бөлінген экономикалық құн

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2019

2020

2021

Бөлінген экономикалық құн

Жиынтық кірістер

млрд теңге

7 970

5 202

6 743

Бөлінген экономикалық құн

Жиынтық шығыстар

млрд теңге

6 812

5 030

5 897

Бөлінбеген экономикалық құн

Пайда

млрд теңге

1 158

172

1 197

Жиынтық кірістер – жиынтық кіріс туралы есептегі түсімнің және өзге де кірістердің жиынтығы.

Жиынтық шығыстар – жиынтық кіріс туралы есептегі шығыстар мен шығындар жиынтығы.

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2019

2020

2021

Өзге салықтар мен төлемдер (КТС-сыз)

млрд теңге

1 360

1 068

1 440

Өзге салықтар мен төлемдер (КТС-мен)

млрд теңге

1 522

1 156

1 551

Төленген табыс салығы

млрд теңге

162

88

111

Капиталдың өнім берушілеріне төлемдер

млрд теңге

318

331

306

Деректер ҚМГ-нің 2021 жылғы ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есебінен (тікелей әдіс) алынған.

Капиталды жеткізушілерге төлемдер акционерге төленген дивидендтерден, бақыланбайтын қатысу үлесіне төленген дивидендтерден, төленген сыйақыдан және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ пайдасына бөлуден тұрады.

 

Өлшем бірлігі

2019

2020

2021

Күрделі салымдар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

505

454

414

ҚМГ есепті кезеңде мемлекеттен ақшалай түрде қаржылық көмек алған жоқ және мемлекеттік/саяси мұқтаждықтарға қайырымдылықты жүзеге асырмайды.

Қызметкерлердің зейнетақы жоспарлары

Ұлттық заңнамаға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында орналасқан. Компания өз тарапынан Ұйымдардың ұжымдық шарттарына сәйкес жұмыс істемейтін зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау бойынша қосымша міндеттемелерді орындайды, оған сәйкес қызметкерлер зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан кезде, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққаннан кейін Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдау алады, мерейтой жасына жетуіне байланысты олардың құнын ішінара өтей отырып, санаторий-курорттық емделуге жолдамалар және т. б. алады. 2021 жылы Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

ҚМГ кейбір кәсіпорындарында тараптардың келісімі бойынша еңбек қатынастарын бұзу кезінде өтемақы төлеумен, зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек қатынастарын бұзу кезінде өтемақы төлей отырып, зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлерге зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігін беру жөніндегі жоба іске асырылуда.

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2019

2020

2021

Әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары

млрд теңге

52

53

54

ҚМГ Салықтық есеп саясаты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) тобының компанияларында салықтық есепке алуды жүргізуді біріздендіру мақсатында ҚМГ корпоративтік салықтық есепке алу саясаты (бұдан әрі – Корпоративтік СЕС) әзірленді және енгізілді.

Корпоративтік СЕС қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен (ҚЕХС), «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңымен, ҚР өзге заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен, сондай-ақ ҚМГ/ еншілес ұйымның қызметін реттейтін ішкі құжаттармен өзара байланыста ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді. Корпоративтік СЕС ережелері ҚМГ компаниялар тобының коммерциялық және салықтық құпиясы болып табылады.

Корпоративтік СЕС ережелері мен ҚР салық заңнамасының нормалары не ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар арасында қайшылықтар болған кезде салық заңнамасының не тиісті халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

Корпоративтік СЕС-ті еншілес ұйымдардан басқа, ҚМГ мен оның еншілес ұйымдары басшылыққа алады:

  • салық салудың ерекше тұрақты режимі көзделген Өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын;
  • ҚМГ бақылау акцияларының пакеттерінің (қатысу үлестерінің) 50%-дан кеміне иелік ететін;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген, сондай-ақ ҚМГ филиалдары және ҚР шекарасынан тыс жерлерде оның еншілес ұйымдарының филиалдары.

Корпоративтік СЕС-тің мақсаты ҚМГ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының ұйымдық және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, есептілікте ең жоғарғы толық, шынайы және расталған ақпаратты қалыптастыру үшін салықтық есепке алудың біркелкілігіне қол жеткізу болып табылады.

Корпоративтік СЕС міндеті салық заңнамасы мынадай жағдайда, салықтық есепке алуды жүргізу тәсілдемелерінің өзіндік ерекшелігін көрсету болып табылады:

  • ҚР Салық кодексінде көзделген бірнеше нұсқаларды не әдістерді талап ететін немесе олардан таңдау жасауға мүмкіндік беретін нормаларды қамтиды;
  • жалпы нормаларды ғана белгілейді және (немесе) салықтық есепке алуды жүргізу тәсілдерінде анықтықты және нақтылықты, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібін қамтамасыз етпейді;
  • СЕС-ке жекелеген талаптар мен ережелерді көрсетуді талап етеді.

Корпоративтік СЕС ҚР Салық кодексінің келесі қағидаттарына негізделеді:

  • салық салудың міндеттілігі қағидаты – ҚМГ және оның еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтарды уақтылы және дұрыс есептеуге, ұстауға және толық көлемде төлеуге міндетті;
  • салық салудың әділдік қағидаты – ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының операциялары бір кезеңде сол бір салық салу объектісі бойынша салық пен төлемнің бір түрімен қосарланған салық салуға ұшырамауы тиіс;
  • ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының адалдық қағидаты – салықтық үнемдеуді алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өздерінің заңсыз әрекеттерінен пайда алуға жол бермейді.

Корпоративтік СЕС негізінде ҚМГ-нің барлық еншілес компаниялары сияқты ҚМГ-нің салықтық есепке алу саясаты (бұдан әрі – ҚМГ СЕС) әзірленді және енгізілді.

Корпоративтік СЕС және ҚМГ СЕС, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекіту ҚМГ Басқармасының құзыретіне жатады.

Корпоративтік СЕС және ҚМГ СЕС-ке өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

  • корпоративтік СЕС ережелерімен белгіленген салықтық есепке алу тәртібін қозғайтын ҚР Салық кодексінің нормалары өзгертілген;
  • Корпоративтік СЕС ережелерінде белгіленген салықтық есепке алу тәртібін қозғайтын «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының немесе ҚЕХС нормалары өзгертілген;
  • ҚМГ/еншілес ұйым қабылдаған шешімдер салық есебін жүргізу, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібіне әсер ететін ҚМГ компаниялар тобының бухгалтерлік есебін жүргізу әдістері мен қағидаттарын өзгерткен;
  • ҚМГ/еншілес ұйым қабылдаған шешімдер ҚМГ компаниялары тобының бөлек салық есебін жүргізу тәртібі мен қағидаттарын және ҚР Салық кодексінде диспозитивтік нормалар қамтылған өзге де ережелерді өзгертуге алып келген.

Қалған жағдайларда корпоративтік СЕС және ҚМГ СЕС-ке өзгерістер қажеттілігіне қарай, бірақ жылына 2 (екі) реттен жиі емес енгізіледі.

ҚМГ салық салуға өзінің көзқарасында салықтық жоспарлау кезінде ҚМГ коммерциялық қызметінің ерекшеліктерін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына толық сәйкес келетін осындай тәсілдеменің әлеуметтік әсерін ескереді.

ҚМГ-нің 2022-2031 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары

Салық салу тәсілдемесінің стратегиялық мақсаттармен байланысы

мақсаттармен

Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база

Мемлекеттік органдар тарапынан фискалдық ынталандыру

ҚМГ-нің құн тізбегінің тиімділігін арттыру

Осындай кен орындарында өндіруді ұлғайту мақсатында жетілген кен орындары бойынша салық ауыртпалығын одан әрі оңтайландыру туралы мемлекетпен келіссөздер жүргізу

Бизнесті әртараптандыру және өнімдер порт­фелін кеңейту

Салықтық ортадағы өзгерістер және салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды алу/ұзарту мүмкіндігі

Өндірістің көміртекті сыйымдылығын тұрақты дамыту және үдемелі төмендету

Салық органдарының түсіндірмелерін алу және қажет болған жағдайда салық заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы салық салу тәртібін реттеу

ҚМГ Даму стратегиясы ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Компанияның салықтары туралы толығырақ (207-4) 2021 жылғы Салық есебінде жазылған www.kmg.kz/rus/investoram/reporting-and-financial-result

Салықтық әкімшілендіру және бақылау, тәуекелдерді басқару

ҚМГ-де тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекел оқиғаларының туындауының алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару ҚМГ стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару процесінде және қаржылық тұрақтылықты қолдауда ажырамас бөлігі болып табылады.

Тәуекелдерді, оның ішінде салықтық тәуекелдерді басқару тәсілдемесін тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) белгілейді.

ҚМГ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) бизнесті жүргізу мен компанияны басқарудың негізгі процестеріне ықпалдастырды. ТБКЖ ҚМГ құнының өсуі, оның пайдалылығы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы балансқа қол жеткізуге бағытталған.

ТБКЖ барлық маңызды тәуекелдерді (оның ішінде салықтық тәуекелдерді) уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақтылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті болып табылады.

ҚМГ-нің және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) ТБКЖ жөніндегі саясатының қолданысы ҚМГ қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.

Тәуекелдерді басқару процесі

ТБКЖ ҚМГ қызметіне байланысты тәуекелдерді басқарудың дәйекті және нақты құрылымы ретінде қызмет етуге арналған. ҚМГ-де тәуекелдерді басқарудың тік процесі және басқарудың барлық деңгейлерінде, жоғарғы деңгейден (ҚМГ) бастап желілік деңгейге дейін (ЕТҰ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшесі) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі жолға қойылған.

Әрбір лауазымды адам шешім қабылдау кезінде тәуекелдердің тиісінше қаралуын қамтамасыз етеді.

Тәуекелдер қауіп-қатер туындаған кезде пайда болу ықтималдығы мен әсерін ескеретін сапалық және сандық құралдардың көмегімен бағаланады.

ТБКЖ жұмыс істеу процесі ҚМГ компаниялар тобын басқарудың бизнес-процестеріне интеграцияланған, ТБКЖ-ның өзара байланысты жеті процесі арқылы іске асырылады:

  1. мақсат қою (стратегиялық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау мақсаттарын байланыстыру);
  2. тәуекелдерді/тәуекел-факторларды сәйкестендіру (ҚМГ компаниялар тобы қызметінің барлық түрлерінің, бизнес-процестерінің басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдердің әсеріне ұшырауын айқындау);
  3. тәуекелдерді/тәуекел-факторларды бағалау және талдау (бағалау тәуекелдердің/тәуекел-факторлардың ҚНК-ге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Өндірістік / Өндірістік емес тәуекелдер және оларға сәйкес тәуекел-факторлар олардың туындау ықтималдығы (іске асыру ықтималдығы) және әсер ету дәрежесі (әлеуетті залал) бойынша талданады;
  4. тәуекелдерді басқару (тән тәуекелдердің және оларға сәйкес келетін тәуекел-факторлардың жағымсыз салдарын және/немесе туындау ықтималдығын азайтуға немесе ҚМГ тобы қызметінің тәуекелдеріне байланысты залалдар туындаған кезде қаржылық өтем алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу және іске асыру процесі);
  5. мониторинг және есептілік (тәуекелдер параметрлерінің өзгеру серпінін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар мен бақылау рәсімдерінің іске асырылу тиімділігін бақылау. Мониторингті ҚМГ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады, Директорлар кеңесінің қарауына ҚМГ ЕТҰ жабылуын ескере отырып шоғырландырылған тәуекелдер бойынша есеп тоқсан сайын шығарылады);
  6. ақпарат және коммуникация (тәуекелдерді басқару процесіне қатысушыларды тәуекелдер туралы дұрыс және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тәуекелдер, тәуекелдерге ден қою әдістері мен құралдары туралы хабардар болу деңгейін арттырады. Тиісті ақпарат қызметкерлерге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік беретін белгіленген нысанда және мерзімде анықталады, тіркеледі және беріледі);
  7. ішкі орта (тәуекелдерді басқару процесінің жоғарыда баяндалған компоненттерін іске асыру ҚМГ компаниялары тобында тәуекелдер туралы, тәуекелдер иелерінің/тәуекел-факторлары иелерінің жауапкершілігі, тәуекелдерді белсенді басқару және уақтылы есеп беру туралы хабардар болудың жоғары деңгейінде және хабардар болудың тиісті «жоғары деңгейдегі түрін (реңкін)» белгілеуге негізделген тәуекел-мәдениеттің дамуына ықпал етеді. ҚМГ ТБКЖ-ның барабар ұйымдық құрылымын құруға ұмтылады, ол тиімді корпоративтік басқаруға ықпал етеді, сәйкестендіру, бағалау, басқару және тәуекелдер бойынша есептілік үшін міндеттерді, өкілеттіктерді және жауапкершілікті тиісінше бөлуді қамтамасыз етеді).
Директорлар кеңесімен өзара іс-қимыл

ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына жылына кемінде бір рет мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Компанияның тәуекел-тәбеті бойынша ұсыныстар;
  • шоғырландырылған тәуекелдер тіркелімі;
  • тәуекелдер картасы;
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Бұдан басқа, ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына тоқсан сайын тәуекелдер бойынша (ҚМГ ЕТҰ жабылуын ескере отырып шоғырландырылған), оның ішінде салықтық тәуекелдер бойынша есеп шығарылады, ол тиісті түрде толық көлемде қаралады және талқыланады. Директорлар кеңесі қолданыстағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін (ТБжІБҚ) Директорлар кеңесі белгілеген қағидаттар мен тәсілдемелерге сәйкес келтіру үшін тиісті шараларды алдын ала қабылдайды.

Компаниядағы негізгі салықтық тәуекелдер мыналар болуы мүмкін:

  1. Салық және кеден заңнамаларының әртүрлі түсіндірілуі.
  2. Салық есептілігін және тауарларға арналған кеден декларациясын дұрыс жасамауы.
  3. Салық есептілігін уақтылы ұсынбауы.
  4. Трансферттік баға белгілеуге байланысты тәуекелдер.
  5. Бақыланатын шетелдік компаниялардың салық салуы (ҚМГ салық салынатын кірісіне ҚИК жиынтық пайдасын қосу).
  6. Бейрезиденттердің (бейрезиденттермен шарттар шеңберінде жеке тұлғалардың) салық салуы.

Компаниядағы негізгі тәуекел факторлары (себептері) мыналар болуы мүмкін:

  1. Ішкі факторлар:
    1. ҚМГ ЕТҰ нашар салықтық әкімшілендіру;
    2. Бухгалтерияға бағдарламалардың әкімшілерімен құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынбауы/бермеуі;
    3. Салық есептілігін жасау және тауарлардың кедендік декларациялау кезіндегі қателер;
    4. Салық заңнамасы білімінің жеткіліксіз деңгейі;
    5. Келісімдер/шарттарды тиісінше салықтық сараптау;
    6. Салық заңнамасында салық преференцияларын/өзгерістерін уақтылы дайындамау/жеткіліксіз негіздеу.
  2. Сыртқы факторлар:
    1. Салық заңнамасын әртүрлі түсіндіруі;
    2. ҚР салық заңнамасын ретроспективті өзгеруі;
    3. Салық органдары АТ-инфрақұрылымының жаңылысуы;
    4. Трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы әртүрлі түсіндірілуі.

Компаниядағы ескерту әсерінің негізгі іс-шаралары:

  1. ҚР салық заңнамасындағы өзгерістерге тұрақты мониторинг жүргізу және оларды жұмыста ескеру.
  2. Қызметкерлердің семинарларға, форумдарға қатысуы, салық заңнамасы және трансферттік баға белгілеу саласында өздігінен оқуы.
  3. Салық есебінің енгізілуіне және салық есептілігінің жасалуына кейінгі бақылау жасау.
  4. Тұрақты негізде салық органдарымен салыстырып тексеру жүргізу.
  5. Ірі мәмілелер бойынша салық сараптамасының қорытындыларын ұсыну (шарттардың жобаларын келісу).
  6. Салық, кеден және трансферттік заңнама мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының түсіндірулерін алу.
  7. Салық есептілігінің аудитін жүргізу (қажет болған жағдайда).
  8. Нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша уәкілетті органдармен хат алмасу жүргізу.
  9. Сот тәртібінде компанияның мүдделерін қорғау.
  10. Ірі мәмілелерде бағалардың ауытқу тәуекелдерін талдау (ТЦ).
  11. Мемлекеттік органдар бастамашылық жасайтын трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға өзгерістердің жобаларын мониторингілеу.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау және салықтарға байланысты проблемаларды басқару

ҚМГ салық заңнамасына сәйкес салық мониторингіне жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілді.

ҚМГ-де тұрақты негізде ҚМГ тобының компанияларында туындайтын салық заңнамасын қолданудың проблемалы мәселелерін талдау бойынша жұмыс жүргізіледі, кейіннен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді, сондай-ақ ҚМГ тобы компанияларының қызметіне салық салу үшін қолайлы жағдайлар жасау, салық заңнамасын, Кеден одағы мен ҚР кеден заңнамасын, ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын жүйелі жетілдіру, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру және жалпы ҚМГ құнын ұлғайту мақсатында ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашылық етеді.

Мемлекеттік органдармен қарым-қатынастар мен өзара іс-қимылдар салық саясатының дұрыстығын айқындау, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ акционермен, салалық қауымдастықтармен ұйымдастырылатын кездесулерге, талқылауларға қатысу мақсатында іскерлік хат алмасу арқылы ҚР Салық кодексінің нормалары шеңберінде құрылады.

Заңнаманы жетілдіру арқылы ҚМГ компаниялар тобының мүдделерін қорғау мыналарды:

  • салық салу бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар (оның ішінде негіздемелер, таныстырылымдар және есептеулер) әзірлеуді;
  • салық заңнамасын және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы орындау бөлігінде тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындыларды қарауды және ұсынуды;
  • салалық қауымдастықтар (Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы (ҚСҚ), KAZENERGY қауымдастығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ҚР Парламентінің қатысуымен жұмыс топтарына тікелей қатысу арқылы ҚМГ компаниялары тобының заңнамалық бастамаларын сүйемелдеуді қамтиды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру

ҚМГ қосылған құнды құру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық біріктіріліп, Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы болып табылады. Мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы және тігінен біріктірілген компания бола отырып, ҚМГ өзінің ұзақ мерзімді орнықты дамуы үшін тұрақты платформаға ие. ҚМГ активтері барлау, өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және маркетингтен тұратын көмірсутектердің қосылған құнын құру тізбегінің толық циклін қамтиды. Қызмет Қазақстан мен Румыния аумағында жүргізіледі.

ҚМГ-нің жоғарыда көрсетілген бағыттары шеңберінде көмірсутегі қорларын өсіруге, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға бағытталған 50-ден астам инвестициялық жоба іске асырылуда.

Келесі инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстанның орнықты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді:

ҚР ӨҢІРЛЕРІН ГАЗДАНДЫРУ, МАГИСТРАЛЬДЫҚ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ, РЕСУРСТЫҚ БАЗАНЫ ҰЛҒАЙТУ ЖОБАЛАРЫ

2021 жылы мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру табысты аяқталды:

  • Алматы қаласын газдандыру, Алматы қаласындағы газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау Жоба Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді және 4 мыңға жуық жаңа абоненттерді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, олардың жартысынан көбі 2021 жылдың соңына қарай газ тарату желісіне қосылған, қалған үй шаруашылықтары да газға қол жеткізе алады және мүмкіндігіне қарай қосылатын болады. Жобаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 265 шақырым жаңа газ құбырлары салынды, 94 шақырым қолданыстағы газ құбырлары қайта жаңартылды, 35 газ реттегіш шкафтық пункт орнатылды.
  • Нұр-Сұлтан қаласында 2-кезектегі 1 және 2 іске қосу кешендерінің газ тарату желілерін салу 1-ші іске қосу кешені шеңберінде АГТС-2-ден «Восток» бас газ тарату пунктіне (БГТП) және «Оңтүстік-шығыс» БГТП газ беру қамтамасыз етілді; 2-ші іске қосу кешені шеңберінде «Восток» БГТП-дан Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын аудандарына және қазандықтарға газ беру қамтамасыз етілді.

2021 жылы жалпы ұзындығы 100,581 км газ тарату желілері салынды, 5 газ реттегіш блок пункті, 5 газ реттегіш шкаф пункті орнатылды.

Жоспарланған абоненттер саны – 1 644. 2021 жылдың соңында «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» тұрғын алаптарында 71 абонент және 1 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын қосылды.

2021 жылы  ҚТГ басым жобалары бойынша жұмыстар басталды:

  • Сарша жерін және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша туристік саланы дамыту шеңберінде Маңғыстау облысының Сарша жерінде көпфункционалды қонақ үй-туристік кешеннің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сарша жеріндегі қонақ үй-туристік кешеннің және «Жылы жағажай» курорттық аймағының жаңа тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы өткізу қабілеті сағатына 80,000 м3 автоматты газ тарату станциясын орната отырып, ұзындығы 85 км «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан бұру газ құбыры салынды 2022 жылы Сарша жері мен «Жылы жағажай» курорттық аймағына дейін ұзындығы 59 км тарату желілерінің және екі бірлік газ реттегіш блокты пункттердің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
  • Қолданыстағы «Мақат – Солтүстік Кавказ» МГ-ге Лупинг құрылысы. Атырау қаласы мен Атырау облысының халқы мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету, авариялық жағдайлардың алдын алу және «Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында  ҚТГ 2021-2023 жылдар кезеңінде «Мақат – Солтүстік Кавказ» газ құбырында лупинг салу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
  • «Бейнеу – Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының 2-ші тармағын салу. Аталған міндеттерді шешу үшін  ҚТГ 2021-2023 жылдар кезеңінде «Бейнеу – Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағын салуды жоспарлап отыр. Маңғыстау облысында газ тұтынудың жоспарлы ұлғаюына байланысты «Бейнеу – Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының өткізу қабілеті газдың болжамды қосымша көлемдерін айдау үшін жеткіліксіз. 2021 жылы Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта жаңарту бойынша жұмыстар басталды, бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін және өңірдің табиғи газға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді.
  • «Қашаған» ГКӨҚ-дан компрессорлық станциясы бар «Мақат – Солтүстік Кавказ» МГ-ге дейін магистральдық газ құбырын салу. Сондай-ақ, ресурстық базаны және ҚХР-ға газ экспортының көлемін ұлғайту мақсатында «Қашаған» ГКӨҚ-дан компрессорлық станциясы бар «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырына дейін магистральдық газ құбырын салу жобасы басталды. Бұл жоба Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын – газды кешенді дайындау қондырғысын (ГКӨҚ) салу жөніндегі ауқымды жобаның бір бөлігі болып табылады, оның қуаты жылына 1 млрд текше метрге дейін шикі газды қайта өңдеу. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, оны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

2021 жылы келесі инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар жалғасты:

  • «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырын салу 2021 жылы өткізу қабілеті жылына 15 млрд мдейінгі «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасы шеңберінде жұмыстар жалғастырылуда. Осы газ құбыры арқылы тасымалданатын газ ҚР өңірлерінің тұрғындары үшін де, ҚХР-ға экспорттау үшін де жеткізіледі. Қазіргі уақытта қажетті (мәлімделген) қуатты қамтамасыз ететін газ құбырының барлық негізгі объектілері пайдалануға берілді. 2021 жылы «Бозой –Шымкент» МГ учаскесінде «Бейнеу» газ өлшеу станциясы және 1-кезектегі SCADA жүйесі пайдалануға берілді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ салған «Түркістан» компрессорлық станциясы сатып алынды (барлығы 2021 жылға салынған 4 станцияның 2-уі сатып алынды). 2022 жылы «Бейнеу» ГӨС және «Бозой» КС кеңейту жөніндегі іс-шараларды аяқтау және қалған 1 және 2-кезектегі объектілерді салу (жөндеу-пайдалану учаскелері, SCADA жүйесі және трасса бойындағы өткел), газ құбырының қуатын жылына 15 млрд м3 дейін кеңейту шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ салған «Арал» компрессорлық станциясын сатып алу жоспарлануда.
  • «Аманкелді» кен орнының Бархан – Сұлтанқұдық құрылымында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу Барлау тобы бойынша 2021 жылы 690 км2 алаңда 3Д сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталды, ағымдағы сәтте Бархан құрылымында №Б-5 бағалау ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстар басталды, оны сынау нәтижелері бойынша КСШ қорлары есептелетін болады.
  • «Аманкелді газ кен орындары тобын игеру» жобасының өндіру тобы Өндіру тобы бойынша жұмыстар Жұмыс бағдарламасы мен ҚЭМ сәйкес жүргізілуде, Анабай кен орнын 2022-2023 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.
  • Қостанай облысының үш елді мекенін (Жітіқара қ., Тобыл ауылы және Үлкен Чураковка ауылы) газдандыру Жоба 2021 жылы басталды, Жітіқара қаласының кейбір аудандары мен Тобыл және Үлкен Чураковка ауылдарын газдандыруды көздейді. 2022 жылы осы елді мекендерге жалпы ұзындығы 127,8 км жоғары, орта және төмен қысымды газ тарату желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жоба экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп, 3 275 жаңа абонентті қосуға мүмкіндік береді. 2021 жылы 52,4 км газ құбыры салынды, 3 газ реттегіш блок пункті орнатылды. 42 жаңа абонент қосылды.
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай, Қайнар к. жоғары қысымды жеткізетін газ құбырын және газ тарату желілерін салу» (1 және 2 ПК) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай және Қайнар елді мекендеріндегі тұтынушыларды (1 150 тұрғын үй, 36 әлеуметтік нысан) одан әрі Еңбекшіқазақ ауданының жақын маңдағы 25 елді мекенінің (12 144 тұрғын үй, 288 әлеуметтік объекті мен бюджеттік ұйым) газ тасымалдау желісіне қосу перспективасымен газбен жабдықтау жоспарлануда. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 89,79 км болатын жоғары, орта және төмен қысымды газ тарату желілерінің құрылысы жоспарланған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13 км газ құбыры салынды. Жобаны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр.

Мұнай тасымалдау жобалары

Өнімділігі жылына 20 млн тоннаға дейін мұнайды ұлғайта отырып, «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегі» бірлескен жобасы шеңберінде «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі» жобасы. Жоба Батыс Қазақстан мұнайын жылына 20 млн тоннаға дейін ПМХЗ, ПҚОП тасымалдауға және ҚХР-ға мұнай экспортын арттыруға бағытталған. 2021 жылғы 30 маусымда екінші іске қосу кешенінің объектілерін («Аман» МАС технологиялық мақсаттағы объектілері) пайдалануға қабылдау жүзеге асырылды, бұл мұнайды реверсті режимде тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Кешеннің барлық объектілері 2022 жылдың наурыз айында пайдалануға берілетін болады.

Мұнай және газ өңдеу жобалары

  • Tazalyq Еңбекті, қоршаған ортаны қорғауды және қауіпсіздікті басқару (HSE) мәселелері бойынша үздік практикаларға бейілділікті растай отырып, «АМӨЗ» ЖШС 2020 жылы Tazalyq жобасы шеңберінде зауыт үшін жаңа механикалық тазарту құрылыстарын жобалау және салу бойынша жұмыстарды жалғастырды. «Tazalyq» жобасы мемлекеттік басқару органдарының экологиялық талаптарын орындау үшін Атырау қаласының сол жағалауында орналасқан сарқынды суларды механикалық тазарту құрылыстарын жаңғыртуды және «Сасыған сай» булану алаңдарын қайта жөндеуді көздейді. Жаңа механикалық тазарту құрылыстарын өткізудің экологиялық әсері мұнай өнімдерінің булануының 8 мың м2 ашық алаңдарын жою және тазартылған ағындардың 15%-ын өз өндірісіне қайтару болып табылады. Булану алаңдарын қалпына келтірудің экологиялық әсері атмосфераға, жер асты суларына, жергілікті флора мен фаунаға теріс әсерді болдырмайды. Кіші жобаларды іске асыру мерзімдері: 1. «Атырау МӨЗ-де механикалық тазарту құрылыстарының қондырғыларын қайта жөндеу» – 2019–2022 жылдар; 2. «Нормативті-тазартылған ағын суларды қайта реконструкциялау және булану алаңдарын қалпына келтіру» – 2019-2023 жылдар.
  • Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу Жаңаөзен қаласындағы жұмыс істеп тұрған газ өңдеу зауытының негізгі технологиялық жабдығының, техникалық құрылғылары мен инженерлік желілерінің барынша тозу дәрежесін, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтаумен, экологиялық салдарлары бар техногендік қатермен байланысты елеулі тәуекелдерді, жер қойнауын пайдаланушыларда газды кәдеге жарату жөніндегі тәуекелдерді, Маңғыстау облысының халқын газды қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етудің мүмкін болмау тәуекелдерін ескере отырып. 2021 жылы pre-FEED жобасы әзірленді, жобаның ТЭН әзірленді және Мемлекеттік сараптамаға жіберілді. 2022 жылы зауыт құрылысына ЕРС-келісімшартқа қол қою, ЖСҚ әзірлеу, жабдыққа тапсырыс беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда. Зауыт құрылысын аяқтау 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына жоспарланған.
Сумен жабдықтау жобалары
  • ҚМГ Қаражанбас кен орнында қабатты суды тұщыландыру бойынша зауыт салу жобасын іске асыруға, сондай-ақ суды тұщыландыру бойынша зауытқа инженерлік желілерді жүргізуде CITIC ENVIROTECH LTD компаниясына жәрдем көрсетеді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау мәртебесі 98%-ды, ал зауыттың өзі 80,5%-ды құрайды. Сондай-ақ, 2021 жылы және ағымдағы жылдың басынан бастап зауыттың желдету жүйесі мен химиялық реагенттерден басқа, жоба бойынша барлық технологиялық жабдықтар жеткізілді (жолда). Зауыт құрылысын аяқтау (ОЗПВ) мен пайдалануға берудің жалпы мерзімі 2022 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
  • Сондай-ақ ҚМГ Қазақстан Республикасы Атырау және Маңғыстау облыстарының қолданыстағы тапшылығын және су тұтыну көлемінің перспективалық өсуін қанағаттандыру үшін «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық сутартқышының өткізу қабілетін ұлғайту және тозған жабдықты жаңарту бойынша жобаны іске асырады. Жобаның 1-ші кезегі шеңберінде су беру қуатын 2024 жылдың соңына қарай жылына 30 100 мың м3-ден жылына 68 388 мың м3-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ әзірленді және жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасалды.
  • ҚМГ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес қуаты тәулігіне 50 мың м3 Кендірлі демалыс аймағы ауданында теңіз суын магистральдық құбырмен тұщыландыру бойынша зауыт салу жобасын іске асыруда. Аталған зауыттың мақсаты су тапшылығын қанағаттандыру үшін Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Зауыт құрылысын аяқтау мерзімі 2024 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Сатып алу практикасы

Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келуге ұмтыла отырып, тиімді сатып алу қызметін қамтамасыз ету стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін ҚМГ қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚМГ компаниялары тобының сатып алу қызметінің негізгі қағидаттары заңнамалық және ішкі талаптарды сақтау, сатып алудың ашықтығы, адал бәсекелестікті дамыту және контрагенттер үшін тең мүмкіндіктер беру болып табылады. Сонымен қатар, ҚМГ қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау үшін сатып алу қызметінде бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.

ҚМГ компаниялары тобының сатып алу рәсімдеріндегі ең озық халықаралық стандарттар мен технологиялар негізінде ашықтық пен тиімділік деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін сатып алудың барлық қатысушыларына арналған мүмкіндіктер теңдігіне, барлық мүдделі тұлғалардың сатып алу туралы ақпаратына (жекелеген жағдайларды қоспағанда, бірінші кезекте мемлекеттік құпияға байланысты) кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін «Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі» порталы https://www.skc.kz/ru/regulations/ (бұдан әрі – ЭСАЖ) қолданылады.

ЭСАЖ сатып алу циклінің барлық рәсімдерін автоматтандыруға және стандарттауға (жоспарлау процесінен бастап шарттарды басқаруға дейін), міндеттерді орындау кезінде уақытты қысқартуға және адам факторының әсер ету дәрежесін әлсіретуге мүмкіндік береді. Электрондық сатып алу нарыққа қол жеткізуді жеңілдетеді және осылайша тиімділікті арттыруға, бәсекелестіктің өсуіне және әкімшілік жүктеме мен операциялық шығыстардың төмендеуіне ықпал етеді.

Сауда-саттыққа қатысуға шақырулар және шарттар жасасу талаптары туралы ақпаратты қоса алғанда, сатып алу рәсімдері мен сатып алуға арналған келісімшарттарға қатысты сатып алу туралы ақпаратты жария таратудан басқа, ЭСАЖ іріктеу өлшемшарттары мен сауда-саттықты өткізу қағидаларын және оларды жариялауды қоса алғанда, бәсекелес сатып алуға қатысу үшін талаптарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭСАЖ нормативтік құжаттарда белгіленген қағидалар немесе рәсімдер сақталмаған жағдайда сатып алу нәтижелеріне шағым жасауды қоса алғанда, тиімді ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, ЭСАЖ мемлекеттік деректер қорымен біріктірілген, бұл сатып алуға қатысушылардың ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді: уақыт, тендерлік құжаттаманы дайындауға арналған қағаздың үлкен көлемі, құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін дайындауға арналған ақша қаражаты, құжаттаманы жіберуге арналған пошта шығыстары, іссапар шығыстары.

Сатып алудың жалпы көлемі

ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелі сатып алу үлесін арттыру болып табылады. Осыған байланысты ҚМГ және еншілес және тәуелді қоғамдардың (ЕТҚ) басшы қызметкерлерінің жауапкершілігі, оның ішінде басшылар қызметінің негізгі көрсеткіштері картасында нысаналы индикаторды (ҚНК) белгілеу арқылы көзделген.

Бәсекелес нарықты дамытуға ұмтылуға қарамастан, холдингішілік кооперация шеңберінде және (немесе) бір көз арқылы жүзеге асырылатын бәсекеге қабілетсіз сатып алу үлесі айтарлықтай басым, бұл, ең алдымен, бәсекелес ортаның болмауына (мысалы, мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдау, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнайды қайта өңдеу және т. б.) және орналастыру өңірлеріндегі (мысалы, мұнай-сервистік қызметтерді сатып алу) әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.

Есепті кезеңде жеткізілген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы сомасы (жылдық және ұзақ мерзімді сатып алуды ескере отырып) 1 216 млрд теңгені құрады, оның 78%-ы жергілікті қамтым үлесіне келеді.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жалпы сомасы және жергілікті қамту үлесі, млрд теңге

Жыл

Тауарлар

Жұмыстар мен қызметтер

Жиыны

 

Жалпы сомасы  (млрд теңге)

Жергілікті қамтым үлесі, %

Жалпы сомасы (млрд теңге)

Жергілікті қамтым үлесі, %

Жалпы сомасы (млрд теңге)

Жергілікті қамтым үлесі, %

2019

473

63

1 659

83

2 132

81

2020

472

71

1 354

86

1 826

82

2021

273

57

943

85

1 216

78

Ескертпе: ҚТГ шығарылған компаниялар тобы бойынша 2021 жылғы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы сомасы және жергілікті қамтым үлесі: тауарлар – 201 млрд теңге, ЖҚ үлесі – 97%, жұмыстар мен қызметтер – 341 млрд теңге, ЖҚ үлесі – 86%, жалпы сомасы – 541 млрд теңге, ЖҚ үлесі – 90%.

021 жылмен салыстырғанда тауарларды сатып алудағы жергілікті қамтым үлесінің 14%-ға төмендеуі 2021 жылдың басында ҚМГ құрылымынан  ҚТГ (газ сатып алу) шығарумен байланысты.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі және «Самұрық-Қазына» АҚ реттейтін сатып алу рәсімдерінің субъектілері болып табылатын ҚМГ-нің барлық еншілес ұйымдары бойынша шоғырландырылған деректерді көрсетеді.

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Сатып алу қызметі саласындағы халықаралық практика әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу тетігінің кеңінен дамуын көрсетеді. Қазақстандық және халықаралық практиканың талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін тұрақты жетілдіру ҚМГ үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.

Алдын ала біліктілік іріктеу (АБІ) – әлеуетті өнім берушілерді сауалнама және аудит арқылы жүзеге асырылатын, Стандартқа сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау процесі.

АБІ негізгі мақсаттары:

  1. белгіленген біліктілік өлшемшарттары бойынша өнім берушілерді бағалаудың қарапайым, ашық және тиімді процесін ұйымдастыру;
  2. нақты жергілікті өндірушілерді қолдау;
  3. сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (ТЖҚ) сапасын арттыру;
  4. өткізу мерзімдерін қысқарту және сатып алу рәсімдерін оңайлату.

ПКО РӘСІМІ

* ҚТГ-нің активтер құрылымынан шығуына байланысты көрсеткіштер деңгейінің төмендеуі
Санаттық сатып алулар

Сатып алу санаттарын басқару басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды азайтудың кешенді тәсілдемесін әзірлеу процесі болып табылады.

Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір және бірнеше атауын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындар деңгейі жоғары, сыни, үнемдеу және басқару әлеуеті бар санаттар анықталады.

Санаттық басқару сатып алудың санаттық стратегиясын әзірлеу және бекіту арқылы егжей-тегжейлі талдау арқылы үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша көбейтілуін негізге ала отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға оңтайлы тәсілдемені айқындайды. Сатып алудың санаттық стратегиялары мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдемелері, жеткізушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспарын қамтуы тиіс.

Санаттық басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей-тегжейлі талдау және меншіктің жалпы құнын есептеу арқылы, сондай-ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен кросс-функционалды өзара әрекеттесу арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және пайдалану шығындарын едәуір төмендетеді. Жабдықтаудың бұл әдісі сенімді өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны да, ашық бағаны да қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндер үшін тиімді.

Сатып алудың санаттарын басқару өзінде мыналарды қамтиды:

  • сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді санаттауды және сатып алудың басым санаттарын айқындауды;
  • басым санаттар бойынша сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеуді (актуалдауды) және бекітуді;
  • сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыруды;
  • сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыру мониторингі;
  • жеткізушілерді дамытуды.

ҚМГ бойынша 2021 жылы санаттық сатып алу көлемі 117 436,49 млн теңгені құрады. Осы әдісті қолдану кезінде басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде 13 527 млн теңге сомасында экономикалық тиімділікке қол жеткізу жоспарлануда.

2017-2021 жылдардағы санаттық сатып алудың көлемі мен пайдасы:

Көрсеткіш

2019

2020

2021

Санаттық сатып алудың көлемі, млн теңге

41 531,68

49 716,04

117 436,49

Сатып алуды санаттық басқару пайдалары, млн теңге

4 101,81

7 011,23

6 494,76

Импорт алмастыру

Мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін компания бола отырып, ҚМГ оффтейк-шарттар жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты жаңа өндірістерге бастамашы болған жеке кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларында сұранысқа ие өнім шығару мақсатында технологиялық қайта жарақтандыру болып табылады.

Оффтэйк-шарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде өндірісі құрылатын тауарларды сатып алу мен жеткізудің кейінге қалдыру шартымен импортты алмастыратын жобаларды іске асыруды көздейді.

Тұрақты сатып алуға бейілділігі

ҚМГ-нің орнықты даму саласындағы қағидаттары заңдылық пен ашықтық, шарттар талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік негізінде контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, сондай-ақ факторларды: үздік баға, сапа және шарттар, контрагенттің іскерлік беделі негізінде контрагенттерді іріктеуде көрініс тапты.

Бұл ретте ҚМГ өз кезегінде контрагенттерге қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау, қызметкерлерге әділ қарым-қатынас жасау, балалар еңбегін пайдаланбау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және этикалық мінез-құлықтың өзге де қағидаттарын ұстану бойынша қарсы міндеттемелер ұсынады.

Бұл шарттар ҚМГ-нің контрагенттермен еңбек құқықтарын сақтау және Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы еңбек жағдайларын жасау, балалардың құқықтарын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасасатын шарттарының талаптарына енгізілген. ҚМГ-нің пікірінше, бұл шаралар ҚМГ-мен ынтымақтасатын компаниялардың заңсыз қызмет ету жағдайларының санын азайтуға көмектеседі.

Тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде ҚМГ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаттарын беру туралы әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды да белгілейді.

Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету

Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері үшін еңбек қатынастары саласында белгіленген кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ЕТҰ-ның ҚМГ объектілерінде қызметін жүзеге асыратын мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылы кезіндегі қызмет жөніндегі үлгілік регламент бекітілді және қазіргі уақытта оны ҚМГ ЕТҰ-ға енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Регламент жеке персоналы бар мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасу және олардың орындалуын мониторингілеу кезінде ЕТҰ-ны орындау үшін міндетті және ЕТҰ-ның мердігерлік ұйымдармен шарттарының құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған регламенттің негізгі мақсаты мердігер ұйымдар қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

ЕТҰ-дағы жағдай ҚМГ-нің тұрақты мониторингінде тұр және салыстырмалы тұрақтылықты сақтайды. Пандемия кезеңінде мердігерлік ұйымдардың тоқтап қалуынан туындаған ықтимал жағымсыз салдарларды сезіне отырып, ҚМГ қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын сақтау үшін жұмыс көлемін бөлу арқылы мердігер ұйымдарды барынша қолдау, компания мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық жағдай арасындағы балансты қолдау жөнінде шаралар қабылдады.

ҚМГ мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін ЕТҰ мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің айлық тарифтік мөлшерлемелері/лауазымдық жалақылары ҚМГ ЕТҰ кәсіптерінің ұқсас атауларының айлық тарифтік мөлшерлемелерінің/лауазымдық жалақыларының 70%-ынан төмен болмауы және ең төменгі әлеуметтік пакетті енгізуі үшін шарт жасасу кезеңінде мердігерлерге қойылатын талаптарды белгілеуді ұсынады. Осы мақсатта ҚМГ тобы 2021 жылы 3,8 млрд теңге сомасында қаражат бөлді.

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық

Есепті кезеңде ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарына қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты 26 әкімшілік іс қозғалды (бәрі ЕТҰ-ға қатысты).

Оның ішінде 1 әкімшілік іс ЕТҰ пайдасына ішінара қаралды, 12 әкімшілік іс ЕТҰ пайдасына қаралмады, 13 іс қаралуда.

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлыққа, трастқа қарсы және монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты азаматтық істер жоқ.

Әлеуметтік-экономикалық сәйкестік

Әлеуметтік және экономикалық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік актілермен сәйкессіздік, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтармен даулар болған азаматтық және әкімшілік істер болған жоқ.