COVID-19 пандемиясына ден қою – өндірістегі қауіпсіздік

COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуын болдырмау және таралуын мейлінше азайту, сондай-ақ өндірістік процестерге әсерін азайту мақсатында Компаниялар тобы бойынша эпидемияға қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде және тиісті кешенді шаралар қабылдануда, оның ішінде:

  • ҚМГ корпоративтік орталығы деңгейінде дағдарысты жағдайларды басқару жөніндегі командамен және ҚМГ еншілес ұйымдарындағы жедел штабтармен ахуалға тұрақты мониторинг және бақылау жүргізіледі және КВИ анықтау кезінде іс-қимыл алгоритмдерін іске қоса отырып, КВИ таратпау жөнінде қажетті басқарушылық шешімдер қабылданады, сондай-ақ қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және бизнес-процестерді қалпына келтіру жоспарлары әзірленді;
  • қайта даярлау алдында мердігерлермен бірге барлық ауысымдық персоналдың КВИ-ға зертханалық тексеру жүргізіледі және ЕТҰ қызметкерлерін жаппай тестілеу бойынша жұмыс жолға қойылды, қызметкерлердің аурудың қауіптілігін және эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтауын сезіне отырып, пандемияға қатысты екпе егілді;
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеулер жалғасуда;
  • персоналды қорғау және дезинфекциялық өңдеу үшін қажетті көлемде жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;
  • ауырғандар күдікті немесе анықталған кезде іс-қимыл бойынша іс-шаралар енгізілді, барлық қызметкерлерге КВИ симптомдарының алғашқы белгілері, оң тест нәтижелері, сондай-ақ тест нәтижелерін жасыру немесе бұрмалау және карантиндік режимдерді бұзғаны үшін жауапкершілік жөнінде дереу хабарлау туралы ескертілді;
  • КВИ алдын алу және індетке қарсы шараларды сақтау үшін қызметкерлер арасында алдын алу шаралары (антисептиктерді қолдану, маскаларды пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және температураны өлшеу), санитарлық-гигиеналық және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылуда;
  • қызметкерлер арасында ошақтық аурулар туындаған кезде өндірісте жұмылдырылған персонал санын азайта отырып немесе резервтік бригадаларды жұмысқа енгізе отырып, карантиндік режим енгізіледі, сондай-ақ бұл мүмкін болған жерде персонал қашықтықтан форматына ауыстырылады.

Жалпы ҚМГ компаниялар тобы бойынша індетке қарсы іс-қимыл жөніндегі белгіленген регламенттерге сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу жалғасуда.

Вакцинациялау жөніндегі мемлекеттік науқан басталысымен қызметкерлерді вакцинациялауды ұйымдастыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары енгізілді, оған сәйкес ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және компаниялар тобының тұрақты үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін вакцинациялаудың маңыздылығын түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр.

ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері вакцинаны тұрғылықты жері бойынша емханалардан және жеке медициналық мекемелерден алады. Ол үшін ҚМГ кәсіпорындарында барлық қажетті жағдайлар жасалған: вакцинация пункттері орталық офистерде, кен орындарындағы мамандандырылған пункттерде және медициналық орталықтарда ұйымдастырылған.

Көбіне қызметкерлер вакцинация науқанын жүргізуге оң көзқараспен қарайды және оған белсенді қатысуда. Екі компоненттің әрқайсысын алған кезде барлық қызметкерлерге ақылы демалыс күндері беріледі.

Бұл ретте санитарлық дәрігерлердің қолданыстағы қаулыларына сәйкес вакцинаның екі компонентін алған қызметкерлер ПТР-тесттен өтпей кен орындарына кедергісіз жіберіледі.

Бизнес бағыт

Қызметкерлер саны

Саны/бірінші компонентпен вакцинацияланғандардың үлесі

Саны/толық вакцина алғандардың үлесі (екі компонент)

ҚМГ КО

606

432

71 %

416

69 %

Мұнай өңдеу және мұнай-химия

5 545

5 207

94 %

5 151

93 %

Тасымалдау

7 894

7 176

91 %

7 062

89 %

Сервис

14 790

11 577

78 %

10 884

74 %

Барлау және өндіру*

36 646

25 447

69 %

24 234

66 %

Топ бойынша жиыны:

65 481

49 839

76 %

47 747

73 %

*ІМЖ (ТШО, НКОК, ҚПО) операторларының қызметкерлерін қоса алғанда

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компаниялар тобы бойынша 50 мың қызметкер (жалпы санының 76%) вакцинацияланды, оның ішінде 48 мыңы (73%) вакцинациялаудың толық курсын (екі компонентті) алды.

Сондай-ақ ЕТҰ-да, ҚМГ әкімшілік ғимараттарындағыдай, қызметкерлердің кіруі «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Корпоративтік орталықта ҚББЖ жүйесін (өткізу жүйесі) «Ashyq» ақпараттық жүйесімен интеграциялау сәтті іске асырылды («қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар кіру рұқсаты автоматты түрде ҚББЖ жүйесімен бұғатталады, мәртебе «жасыл» немесе «көк» болып өзгерген кезде кіру қалпына келтіріледі).