Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдары өндірістік қызметтің, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік факторларды ескерту нәтижелері қатысы бойынша қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын белгілейді. ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жоғары басшылықтың көшбасшылығына және бейілділігіне негізделген. Компанияның және оның ЕТҰ басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға, алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын және жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Компания ұлттық заңнамадан басқа халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.

2021 жылғы негізгі көрсеткіштер

Компания қызметінің маңызды басымдығы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. ҚМГ стратегиялық бастамаларының бірі «Қызметтің барлық бағыттары бойынша орнықты даму» болып табылады, сондықтан компания әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ-де еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға (2020 жылғы 30-дан 2021 жылы 28-ге дейін), зардап шеккен қызметкерлердің саны 2020 жылғы деңгейде төмендеді.

2021 жылы еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған бір жазатайым оқиға болды, онда 3 қызметкер қайтыс болды («Petromidia» МӨЗ-дегі өрттің нәтижесінде, Румыния).

Жол-көлік оқиғаларының саны 47%-ға артты (2020 жылғы 15 оқиғадан 2021 жылы 22 оқиғаға дейін). Бұл ретте 2021 жылы орын алған 22 ЖКО-ның 10-ы үшінші тараптың кінәсінен болған. 2021 жылғы өрттер саны – 6 оқиға.

ЕҚ және ӨҚ негізгі көрсеткіштері*

Өлшем бірлігі

2019

2020

2021

Ауытқу 2021/2020

%

Жазатайым оқиғалар

Жағдай

41

30

28

-2

-7

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер

Адам

48

32

32

0

Жол-көлік оқиғалары

Оқиға

44

15

22

+7

47

Өрттер

Оқиға

10

6

6

* 2021 жылдың 10 айындағы ҚТГ-де 3 жазатайым оқиға тіркелді, онда 4 адам зардап шекті
«Petromidia» МӨЗ өрт туралы, Румыния

2021 жылдың 2 шілдесінде сағат 12:15-те 122V8 шикізат сыйымдылығының жарылуы орын алып, Петромидия МӨЗ-де өрт басталды. Сағат 15:10-да өрт сөндірілді. Оқыс оқиғаның нәтижесінде 5 адам зардап шекті, оның ішінде 3 әріптес қайтыс болды; 2 әріптес толық қалпына келді. Зардап шеккен әріптестер мен олардың отбасы мүшелері Компания тарапынан қаржылық, медициналық және психологиялық қолдау алды.

Петромидия МӨЗ жұмысын қайта бастау

МӨЗ 2021 жылғы 24 қыркүйекте қайта іске қосылды – мұнай қондырғысында шикі мұнайды өңдеу процесі 83 күнге тоқтатылғаннан кейін (2021 жылғы 2 шілдеден 2021 жылғы 24 қыркүйекке дейін) және қайта қосуға тиісті рұқсат алғаннан кейін басталды. 2021 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында негізгі қайта өңдеу қондырғылары (жұмсақ гидрокрекинг қондырғысы, нафтаны гидротазарту қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы (FCC), баяулатып кокстеу қондырғысы) сәтті іске қосылды. Жалғыз функционалды емес қондырғы – бұл 2021 жылдың 2 шілдесіндегі оқиғадан ең көп зардап шеккен ГОДТ және жаңартылған жоспарға сәйкес 2022 жылдың сәуірінде МӨЗ жоспарлы тоқтатылғаннан кейін қайта іске қосылатын болады.

Іс-шаралар

Жұмыс барысында 20-дан астам компания жұмылдырылды, ал қондырғыларды қайта іске қосу үшін жұмыс істеген адамдардың жалпы саны 1000-ға жуық адамды құрады («Rompetrol Rafinare», «Rominserv» қызметкерлері және мердігерлік компаниялардың мамандары). Құбырларды тексеру, жөндеу және айтарлықтай ауыстыру жүргізілді, қажетті жабдықтар қалпына келтірілді. Сондай-ақ бақылау-өлшеу жабдығы мен автоматиканы, электр кабельдерін ауыстыру жүргізілді, әрбір қондырғыда пайдалану қауіпсіздігіне байланысты барлық элементтер мен жабдықтар тексерілді, ал зауыттың өндірістік персоналы қайта даярлаудан және қайта аттестаттаудан өтті.

ЕКОҚҚ бойынша қабылданған шаралар

KMGI компаниясының және Петромидия MӨЗ басшылығымен HSE-ES конвенциясына түзетулермен қосымша оқыту бойынша шаралар жүзеге асырылды, операциялық персонал мен қосалқы мердігерлер үшін тәуекелдерді талдау, ОТОСБ жоспары, қалдықтарды басқару жоспары, операциялық персонал мен қосалқы мердігерлер үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша оқыту, ЕҚОҚ өкілдерінің және KMGI басшылығының, мердігер және қосалқы мердігерлердің қатысуымен қауіпсіздік бойынша орталықтандырылған кеңес өткізілді. KMGI Румыния заннамасы аясында апатты тергеу мәселесі бойынша ресми билікпен ынтымақтастық жасауда.

Сараптама

  • Румыния прокуратурасының тапсырмасы бойынша Румынияның INSEMEX және KMGI уәкілетті органы өрттің себептерін зерттеп жатыр: есепті алу мерзімі – а.ж. бірінші жартысында.
  • Omniasis Vienna Insurance сақтандыру компаниясы зақымдану дәрежесі және өрт себептері бойынша есеп алды;
  • ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің тапсырмасы шеңберінде КMGI GEXCON компаниясынан өрттің себептері туралы тәуелсіз тергеу есебін және қауіпсіздік шаралары бойынша ұсынымдарды алды.

Алдын алушаралары

GEXCON, KMGI компаниясының ұсынымдары негізінде түзету іс-ш араларының жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалуда:

  • «Петромидия» МӨЗ гидротазарту қондырғыларындағы қауіпсіздікті күшейту шаралары (жоғары қысымды жүйелерді қосымша қорғауды іске асыру);
  • Өрт сөндіру жүйесін қалпына келтіру бағдарламасы (өрт сөңдіру жүйесінің және алаңнан тыс инженерлік желілердің сенімділігі мен тұтастығын арттыру);
  • Орталықтандырылған құлақтандыру жүйесі бойынша іс-шаралар (жоспар бойынша шұғыл қызмет құлақтандыру жүйесін жаңғырту және автоматтандыру);
  • Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) бойынша іс-шаралар (қызметкерлердің арнайы киімі стандартының нормаларына қойылатын талаптарды қатандату).

Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу және технологиялық қауіпсіздікті басқаруды жақсарту үшін KMGI қауіпті зерттеу және қызметкерлерді өндірісте болған және болуы мүмкін оқиғалар туралы хабардар ету үшін ақпараттық материалдар әзірледі.

КMGI түзету іс-шараларының жоспары ҚМГ, АМӨЗ және ПМХЗ өндірісінің қауіпсіздігін басқару департаменттеріне жіберілді.

Алдыңғы оқыс оқиғалардан алынған сабақтар объектідегі өндірістік процестің қауіпсіздігін басқарудың бөлігі ретінде ҚМГ, АМӨЗ және ПМХЗ-ға жіберілді.

ҚМГ-дегі жазатайым мен өлім жағдайларының коэффициенті

Көрсеткіш*

2019

2020

2021

IOGP

Сағатына 1 миллион адамға шаққанда жұмыс уақытын жоғалтуымен жазатайым оқиғаларының коэффициенті

0,31

0,25

0,31

0,20

Сағатына 100 миллион адамға шаққандағы өлім оқиғаларының коэффициенті

1,28

0

2,93

0,56

*Оның ішінде 2021 жылы ҚТГ бойынша жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым оқиғалардың коэффициенті: 0,18, өлім жағдайларының коэффициенті 4,51.
Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

2021 жылдан бастап Компанияда ҚМГ өндірістік объектілеріндегі (PSM) өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, ол ірі апатты оқиғалардың (авариялар, оқыс оқиғалар, өрттер және жазатайым оқиғалар) пайда болуын болдырмауға бағытталған, мынаны қоса алғанда:

  • активтер мен технологиялық жабдықтардың тұтастығын қолдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына, салалық стандарттарға, өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару саласындағы үздік әлемдік практикалар мен тәсілдемелерге (IOGP, OSHA) сәйкес қауіпсіз операциялық қағидаларды, нормалар мен рәсімдерді белгілеу;
  • технологиялық тәуекелдерді анықтау және оларды болғызбау мен жұмсарту жөнінде тиісті шаралар қолдану;
  • Компания қызметкерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қаржылық және құқықтық салдарларға, мүлік пен активтерге, бедел мен имиджге байланысты залалдар мен ысыраптарға жол бермеу болып табылады.

Компания инженерлік және басқару элементтерінің үйлесуі, тиімді және технологиялық жабдықтың герметикалығын жоғалтумен байланысты ірі апатты оқиғалардың алдын алуға және конструкциялардың құлауы, жарылыстар, өрттер, қиратушы шығарындылар мен қауіпті заттардың (химиялық заттар, мұнай және мұнай өнімдері) төгілуіне жол бермеу сияқтыларға бағытталғанына сенімді. Осы инженерлік және басқару элементтері жұмыс орнындағы қауіпсіздікті басқару үшін қажет етілетін талаптардан асып түседі, өйткені олар адамдарға, мүлікке және қоршаған ортаға әсер етеді.

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін мониторингілеу және талдау мақсатында Компанияда тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (ТНК) қолданылады:

  • Нақты тұтастықты, жүйедегі іркілістерді, оқиғалар санын бақылауға, тіркеуге мүмкіндік беретін кешіктіру индикаторлары;
  • Кедергілерді құрайтын қорғаныс және бақылау жүйелері мен механизмдерінің жұмыс қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді жүйелі түрде өлшейтін озық индикаторлар.

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін одан әрі енгізу үшін 2022 жылға Компанияның өндірістік объектілерінде аса маңызды қорғау шараларының/кедергілердің жұмыс істеуін тексеру бойынша бағалау парағын әзірлеу жоспарлануда.

Көлік қауіпсіздігі

ЖКО статистикасы бойынша Компанияға тәуелді емес оқиғалардың туындау тәуекелінің факторлары бар екенін атап өткім келеді. Осындай факторлардың бірі біздің өндірістік объектілерімізге күн сайын іске қосылатын көлік құралдарының көп саны (10,5 мыңнан астам) болып табылады. Екінші фактор – Қазақстан Республикасының барлық аумағына шашыраңқы орналасқан Компанияның еншілес ұйымдарының географиялық орналасуы, сондай-ақ олардың үшінші тараптың кінәсінен ЖКО туындау қаупі жоғары ірі қалалар мен елдімекендерде орналасуы. Атап айтқанда: 2021 жылы орын алған 22 ЖКО, 10 ЖКО жол қозғалысының басқа қатысушыларының кінәсінен туындаған.

ЖКО пайда болу тәуекелін төмендету мақсатында Компанияда көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келесі шаралар кешені орындалды:

  • Көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану шеңберінде, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін «Еншілес ұйымдардағы ЖКО-ның алдын алу тізбесі жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша ұсынымдар жолданды.
  • Кестеге сәйкес жүргізушілерге ҚР Жол қозғалысы ережелері және Компанияның жер үсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі саясаты мен регламентінің актуалдандырылған корпоративтік құжаттары бойынша білімдерін тексерумен оқыту курстары өткізілді.
  • Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында 2021 жылдың наурыз айында Компания мен мердігер ұйымдарда «Қауіпсіздік белдігі» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
  • Компания мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында насихаттау және хабардарлықты арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениеті мақсатында 2021 жылғы қыркүйекте «Автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу» тақырыбына бейнеролик түсіру жүзеге асырылды.
  • Күзгі-қысқы кезеңнің басталуына және ЖКО жағдайларының маусымдық ұлғаюына байланысты жоғары қауіп-қатерге байланысты 2021 жылғы қарашада «Қысқы кезеңде қауіпсіз жол қозғалысы» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.
  • Үздік халықаралық тәжірибелер, заманауи цифрлық шешімдер және процестерді автоматтандыру негізінде қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру арқылы «Ембімұнайгаз» АҚ-та «сапарларды басқару» пилоттық жобасы қолға алынып, жүзеге асырылды. ЕМГ объектілерінде осы жобаның I кезеңін іске асыру аяқталды – автокөлік құралдарына арналған мониторингтің бірыңғай жүйесі енгізілді. 2022 ж. 1-тоқсанға жоспарланған II кезең «Бағдардан ауытқуды бақылау» бөлігінде функционалдың кеңеюін және мердігер компаниялардың автокөлік құралдарын мониторингілеудің бірыңғай жүйесіне қосылуды қамтиды.

2022 жылы көлік қауіпсіздігінің жай-күйін жақсартуға, ЖКО-ны қысқартуға, ақылды жоспарлау мен есепке алуға, сондай-ақ көлік құралдары мен ЖЖМ тиімділігін бақылау мен мақсатты пайдалануға бағытталған «Сапарларды басқару» жобасының таралымын көбейту жоспарлануда.

2022 жылы сондай-ақ OPITO, ROSPA және т. б. халықаралық аккредитациялар бойынша «Defensive driving» курсы бойынша Компания қызметкерлері (көлік қауіпсіздігі/жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженерлер) қатарынан жаттықтырушыларды оқыту жоспарлануда.

Өрт қауіпсіздігі

2021 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша 6 өрт болды (2020 жылы ұқсас өрттер саны), оның ішінде 2 оқиға адам шығынымен (3 қаза тапқан және 1 зардап шеккен) және елеулі материалдық шығынмен ірі өрттер болып табылады.

Өрттердің туындау себептері мен мән-жайларын тексеру нәтижелері бойынша мынадай негізгі жүйелі себептер анықталды:

  • жоғары басшылық пен желілік менеджерлердің нашар бейілділігі мен көшбасшылығы;
  • қауіпсіздік мәдениетінің және басшылардың/жауапты қызметкерлердің құзыретінің төмен деңгейі;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
  • тәуекелді тиісті емес бағалау және «кедергілерді» басқару;
  • жатақханалар мен вахталық кенттерде өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарының сапасыз өткізілуі.

Өрт пен жанудың алдын алу және болдырмау үшін Компанияда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келесі алдын алу шаралары қабылданды:

  • Орын алған ірі өрттерден кейін дереу «Компаниядағы өрттердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар» орындауға жіберілді, бұл ретте өндірістік объектілерде де, вахталық кенттерде де өрт-тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларды өткізуге ерекше көңіл бөлінді.
  • Еншілес ұйымдар ұсынған есептерді талдау нәтижелері бойынша 2021 жылғы қараша мен желтоқсанда Компанияның барлық бизнес-бағыттары бойынша жатақханалар мен вахталық кенттерде өрттердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына ішінара тексерулер жүргізілді.
  • Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, Компанияның өрттерге жедел ден қою және оларды жоюға әзірлігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай-ақ Компания объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды көздейтін 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді және бекітілді.
  • ҚМГ компаниялар тобына кіретін ұйымдардың өрттердің алдын алуға және сөндіруге дайындығын тексеру және бағалауды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының, ҚМГ компаниялары тобындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын, халықаралық стандарттар мен IOGP ұсынымдарын ескере отырып актуалдандырылды және қайта бекітілді.
  • Өртке қарсы насихат және қызметкерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында қызметкерлер мен келушілерге арналған өрт қауіпсіздігі бойынша жадынама әзірленді, сондай-ақ Компанияның офисінде 2021 жылғы 4 қазан мен 4 қараша аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді.
  • Жаңа жылдық мерекелер мен ұзақ демалыс күндері өрттер мен жанудың туындау тәуекелін төмендету мақсатында және 2021 жылғы желтоқсанда Компанияның барлық бизнес-бағыттары бойынша өндірістік объектілерде де, вахталық кенттерде де өрт және электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау бөлігінде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хат жолданды

2022 жылға Компанияда өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған келесі бастамалар жоспарланған:

  • Rompetrol-ға бөгде мамандандырылған компанияны тарта отырып, HAZOP талдау бойынша жаңа тәсілдемелерді енгізу;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Risk Based Inspection (RBI) әдісімен ықтимал қауіпті объектілер мен жабдықтарды анықтай отырып, тәуекелдерге кешенді бағалау жүргізу;
  • Компанияның Басқарма төрағасы бекіткен 2022-2024 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспардың қысқа мерзімді іс-шараларын іске асыру;
  • Мердігер ұйымдарды басқару процесі шеңберінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Компания объектілеріндегі өрттердің алдын алуға және сөндіруге әзірлігіне тексеру және бағалау жүргізу.