Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біз компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты жыл сайын ашып көрсетеміз. Бұл бізге өз қызметіміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін өткізгенге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің күрделі құрылымы мен түрлеріне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең тобымен өзара әрекеттеседі.

Мүдделі тараптарды айқындау

ҚМГ мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдайды.

ҚМГ-де тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсерді, әртүрлі (алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралауды есепке ала отырып жасалған Мүдделі тараптардың картасы бекітілді. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалып жатыр.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл әдістері мыналарды қамтиды:

Өзара іс-қимыл деңгейі

Өзара іс-қимыл әдістері

Консультациялар:

Екіжақты өзара іс-қимыл; мүдделі тараптар ұйымдардың сұрақтарына жауап береді

  • Сауалнамалар;
  • фокус-топтар;
  • мүдделі тараптармен кездесулер;
  • жария кездесулер;
  • семинарлар;
  • коммуникация құралдары арқылы кері байланысты ұсыну;
  • консультациялық кеңестер

Келіссөздер

Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық келіссөздер

Тартылуы

Екіжақты немесе жан-жақты өзара іс-қимыл; барлық тараптардан тәжірибе мен білімді арттыру, мүдделі тараптар мен ұйымдар тәуелсіз әрекет етеді

  • Жан-жақты форумдар;
  • консультациялық панельдер;
  • консенсусқа қол жеткізу процесі;
  • шешімдерді бірлесіп қабылдау процесі;
  • фокус-топтар;
  • кері байланысты ұсыну схемалары

Ынтымақтастық

Екіжақты немесе жан-жақты өзара іс-қимыл; тәжірибе мен білімді бірлесіп арттыру, шешімдер мен шаралар қабылдау

  • Бірлескен жобалар;
  • бірлескен кәсіпорындар;
  • серіктестік;
  • мүдделі тараптардың бірлескен бастамалары

Өкілеттіктер ұсыну

Мүдделі тараптар (егер қолданылса) басқаруға қатысады

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл мәселелерін басқаруға, стратегияға және операциялық қызметке ықпалдастыру

ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.