Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Полиэтилен жобасы

Полиэтилен жобасы
Орналасқан жері
Атырау облысы
Іске асыру мерзімдері
2022-2027 жылдар
Қатысушылар
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (29,9%), ПАО "СИБУР" (30%), Sinopec (30%), "KMG PetroChem" ЖШС (10,1%)
Ағымдағы жағдайы
Жобаға Сибур (Ресей) және Sinopec (Қытай) стратегиялық серіктестері тартылды және белсенді жобалау сатысында
Негізгі көрсеткіштер
  • 1250
    полиэтилен, жылына мың тонна
  • 7.6
    жобаның құны, млрд АҚШ доллары
  • 8000
    құрылыс кезеңінде 8000 жаңа жұмыс орны
  • 875
    пайдалану кезеңінде 875 жаңа жұмыс орны
«Силено» ЖШС «Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» инвестициялық стратегиялық жобасының операторы болып табылады. Екінші фаза (Полиэтилен өндірісі)".
Жоба «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы және Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы шеңберінде әзірленуде.  Стратегиялық инвестициялық жобалар тізіміне кіреді. Жоба ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін қуаты жылына 1,25 млн. тонна ірі тоннажды полиэтилен құруға және өндіруге бағытталған.  Шикізат ретінде ТШО кен орнының газы пайдаланылады, одан газ бөлу қондырғысының инфрақұрылымдық жобасында полиэтилен зауытына қажетті этан бөлінетін болады.

Жоба бу крекинг қондырғыларын (пиролиз), этиленді полимерлеу қондырғыларын және этиленді димеризациялаудың бір қосалқы лицензиялық қондырғысын қолдануды көздейді. Пиролиздің әртүрлі эксклюзивті лицензиарлары қарастырылады, ондағы технологиялық процесс шикізат ретінде объектінің шекарасына түсетін этан фракциясынан этиленді алу болып табылады. Полимерлеу бөлігінде өнімділігі жылына 625 мың тонна болатын екі реактормен, төмен қысымды полиэтилен өндірісінің газ фазалы және/немесе суспензиялық процестерінің лицензиялық технологияларымен конфигурация алдын ала қарастырылып, онда пиролизде алынған этиленнен полимерлеу жолымен соңғы өнім алынады.

Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар