ҚМГ мен Samsung E&A екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
13.11.2026
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Samsung E&A» компаниясының атқарушы вице-президенті және сату мен бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Роберт Юнмен кездесті.
Тараптар өңдеу саласындағы, оның ішінде Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта кореялық компанияның Павлодар мұнай-химия зауытының өндірістік қуатын жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін арттыру бойынша жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге қатысу мүмкіндігі талқыланып жатыр.
А.Хасенов өз сөзінде атап өткендей, ҚМГ ұлттық компания ретінде Samsung E&A-ның инжиниринг, сондай-ақ мұнай өңдеу мен мұнай химиясы кәсіпорындарының құрылысы саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытады.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚМГ делегациясы «Samsung E&A» компаниясының Сеул қаласындағы штаб-пәтеріне барып, негізгі жобаларымен және технологиялық шешімдерімен танысқан болатын.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.