Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
ҚР МӨЗ-де компьютерлік тренажерлық кешендерді (КТК) енгізу

Штаттық және штаттан тыс жағдайларда персонал жұмысының сапасын арттыру, қондырғылар жұмысының сенімділігін арттыру және жоспардан тыс тоқтауға жол бермеу.

ҚР МӨЗ-де компьютерлік тренажерлық кешендерді (КТК) енгізу
Орналасқан жері
Павлодар, Атырау, Шымкент
Іске асыру мерзімдері
2019-2024
Қатысушылар
ПМХЗ, АМӨЗ, ПҚОП, KPI
Ағымдағы жағдайы
Іске асырылуда
Жобаның функционалдық периметрі процестің математикалық моделіне және зауыттың технологиялық қондырғысын визуализациялауға негізделген технологиялық процестің серпінді моделін әзірлеуден тұрады. Компьютерлік тренажерлерде қондырғы операторлары имитацияланған жағдайларда авариялық және штаттық жағдайларды пысықтайды. Жобаның ұйымдастырушылық периметрі АМӨЗ-дің 11 технологиялық қондырғысын, ПМХЗ-нің 9 қондырғысын және ПҚОП-тың 1 қондырғысын қамтиды.
Қазіргі уақытта КТК баяу кокстау, изомерлеу және нафталық сплиттер қондырғыларында, ПМХЗ-нің дизель отынын гидротазарту және керосинді гидротазарту  қондырғыларында, ПКОП каталитикалық риформинг қондырғысында, каталитикалық крекинг (FCC), каталитикалық риформинг (CCR) қондырғыларында және АМӨЗ хош иісті көмірсутектерді өндіру кешенінде (PX) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Болашақта АМӨЗ төрт қондырғысында мынадай КТК өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда: изомерлеу (Parisom), дизель отынын гидротазарту (Prime D), бензинді гидротазарту (Naphtha HT), СКГ күкіртсіздендіру қондырғысы (Sulfrex), сондай-ақ ПМХЗ күкірт өндіру қондырғылары кешені (КУПС).
Жобаның сапалы пайдасы - қондырғылардағы адами факторға байланысты өндірістегі бұзылушылықтарды азайту.
Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар