Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өріктау Оперейтинг 2025 жылдың бес айында 38,2 мың тонна мұнай және 32,1 млн текше метр газ өндірді

25.06.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Өріктау Оперейтинг» ЖШС-нің қызметі бойынша жиын өткізді.

2025 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша компания 38,2 мың тонна немесе жоспарлы көрсеткіштен 9%-ға жоғары мұнай өндірді, сондай-ақ газ өндіру көлемі жоспардағы 22,6 млн текше метр орнына 32,1 млн текше метрді құрады, өсім 42%.  2025 жылы 94 мың тоннаға дейін мұнай және 78 млн текше газ өндіру жоспарланған.

 Биыл Шығыс Өріктау кен орнында екі пайдалану ұңғымасын бұрғылау жұмыстары аяқталмақ, бұл мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен ынтымақтастық аясында технологиялық шешімдерді қабылдау мақсатында газдың физикалық-химиялық қасиеттері мен құрамын нақтылау үшін Орталық Өріктау кен орнындағы екі газ ұңғыманы сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа бес мұнай ұңғымасын игеру жоспарлануда.

Орталық Өріктау кен орнын өнеркәсіптік игеру 2026 жылы басталады деп белгіленіп отыр. Бұл кен орнында газ өндіру көлемі жылына 1 млрд текше метрге дейін біртіндеп ұлғайтылады.  

ҚМГ басшысы жиналыс қорытындысы бойынша Өріктау кен орны бойынша белгіленген барлық жоспарды орындауды жеделдетуді тапсырып, оның Ақтөбе облысы мен республиканың басқа өңірлері үшін газ саласын дамытудағы рөлі мен әлеуметтік маңызын ерекше атап өтті.

Бұдан бұрын «Орталық Азия — Қытай» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында «Өріктау Оперейтинг» пен «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниялары «Өріктау» жобасы бойынша стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат Өріктау кен орнында жылына 1 млрд текше метр көлемінде өндірілетін шикі газды Жаңажол газ өңдеу зауытында өңдеуді қарастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>