Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

S&P Global Ratings агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кредиттік рейтингін «ВВВ-» деңгейіне көтерді, болжам «тұрақты»

30.06.2025

2025 жылы 27 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ, Компания) кредит төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығының жақсаруына байланысты кредиттік рейтингін «ВВВ-» деңгейіне көтерді, болжам «тұрақты». Нәтижесінде компанияның кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингімен теңесті.

ҚМГ-ның меншікті кредит төлеу қабілеті қарыз мөлшерінің айтарлықтай төмендеуі, дивидендтерді бөлу кезінде теңгерімді тәсілді қолдану және құйылған инвестициялардың қайтарымы аясында «bb»-ден «bb+» деңгейіне көтерілді, бұл компанияның бизнес үлгісінің орнықты екенін растайды.

«Тұрақты» болжам компанияның қалыптасқан қаржы саясатын ескере отырып, ҚМГ-ның алдағы күрделі шығын көлемін тиімді басқаруы, сондай-ақ мұнай бағасының құбылмалығы және басқа да факторлар жағдайында сырттан келетін қиындықтарға қарсы тұру мүмкіндігін көрсетеді.

Рейтингтің жоғарылауына ҚМГ қызметін және оның мұнай-газ секторындағы даму стратегиясын мемлекеттік қолдау шараларының сақталуы мен жақсаруы, сондай-ақ жаңа бағыт — мұнай-газ химиясының дамуы септігін тигізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>