Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Chevron
chevron

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) пен «Шеврон» корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің «Шеврон Мұнайгаз Инк» филиалы арқылы (бұдан әрі – «Шеврон») Қазақстандағы көміртек шығарындыларын азайту саласындағы әлеуетті жобаларды зерделеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қойылғаны туралы хабарлады. ҚМГ мен «Шеврон» көміртекті ұстау, кәдеге жарату және сақтау (CCUS), төменкөміртекті сутегін пайдалану, метанның шығарындылары мен кемуін басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртекке ішкі баға белгілеу тетіктерін енгізу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін әлеуетті мүмкіндіктерді зерттеуді жоспарлап отыр.

ENI
eni

ҚМГ мен ENI компаниялары арасындағы қолданыстағы меморандумдар шеңберінде компаниялар бірлескен зерттеулерге және баламалы энергетика саласындағы пилоттық жобаларды іске асыруға кірісті. Екіжақты өзара іс-қимылдың үш бағытының бірі Қазақстанның аумағында жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу жобаларын іске асыру болып табылады. Бұл ретте, онда өндірілетін электр энергиясы ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындарында да пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, ҚМГ мен Eni Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мен сутегі жобаларын дамыту және ынтымақтастық бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум кейіннен өңдеу және биоотын өндіру үшін Қазақстан аумағында майлы дақылдарды өсіруге байланысты сутегі өндірісі және ауыл шаруашылығы жобалары саласында техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу үшін негізді айқындайды. Сондай-ақ Eni компаниясы Қазақстан азаматтары мен қазақстандық ұйымдарды тарта отырып, өндірістен қол үзбей оқыту және тәлімгерлік оқыту арқылы білім беруді қамтамасыз етеді.

Еуропалық қайта құру және даму банкі
european-bank

2022 жылғы 8 маусымда ҚМГ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – «ЕҚДБ») декарбонизация саласындағы стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың мақсаты ҚМГ-нің бекітілген төменкөміртекті даму бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін арттыру шеңберінде көміртек ізін қысқарту бойынша ҚМГ-ге қолдау көрсету болып табылады.
Тараптар күш-жігерін мыналарға салады:
1) TCFD ұсынымдарын, TCFD есептілік саласындағы озық халықаралық практиканы іс жүзінде қолдануды түсіну үшін әлеуетті өсіру;
2) нарықты зерттеуді, сондай-ақ кейіннен қаржыландыру мүмкіндігімен пилоттық жобаларды іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуді қоса алғанда, төменкөміртекті сутегі энергетикасын дамыту әлеуетін талдау және айқындау (2022-2023 жж.);
3) ЕҚДБ-ның алдын ала ТЭН әзірлеуіне техникалық жәрдем көрсетуін қоса алғанда, Қазақстанда көміртекті ұстау, сақтау және пайдалану (CCUS) жөніндегі жобаны іске асыруды қолдау;
4) энергия тиімді және энергия үнемдеу іс-шараларын жетілдіру және ЖЭК пайдалану әлеуетін бағалау;
5) Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес келетін және 2050 жылдардағы декарбонизация жөніндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын қамтитын төменкөміртекті жолды (LCP) әзірлеу;
6) климаттық тәуекелдерді басқару жөніндегі жобаларды ЕҚДБ қаржыландыру мүмкіндіктерін талдау;
7) Тараптар арасында жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша білім мен тәжірибе алмасу болып табылады.

Total Energies
total-energies

2022 жылғы 9 маусымда ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Total Eren S. A. Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт (ЖЭС) жел-электр станциясын салу жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісім жасасты.
Келісімге 2021 жылғы 28 қазандағы аталған Тараптар арасында бұрын қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі жұмыс қорытындылары бойынша қол қойылды.
Энергия сақтау жүйесі бар (сыйымдылығы кемінде 100МВт/200МВт) жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы Жамбыл облысындағы Мирный кентінің жанында жүргізіледі деп белгіленді. ЖЭС жобасы кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Жобаны толық аяқтау 2024 жылдан бастап 2026 жылға дейінгі кезеңде жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тараптар жергілікті мамандарды оқыта отырып, Қазақстанда ірі ЖЭК объектілері мен электр энергиясын жинақтау жүйелерін пайдалану саласында озық тәжірибе орталығын құруды жоспарлап отыр.