Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Климаттық күн тәртібінің маңыздылығын ескере отырып, 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ке төмендету бойынша елдік мақсаттарды қолдай отырып, «ҚазМұнайГаз» қызметті бірқалыпты, салмақты және дәйекті түрде декарбонизациялауға назар аударуға ниетті. Бұл міндетті шешу үшін ҚМГ-нің төменкөміртекті дамуының 2022-2031 жылдарға арналған бағдарламасы (ТБЖЖ) қабылданды.

2031 жылға қарай тікелей және жанама шығарындылар
бойынша мақсатты бағыттар
graphic

Бұл мақсат жаңа жобаларды қамтымайтынын және ҚМГ-нің Төменкөміртекті даму бағдарламасының әзірленуіне қарай нақтыланатынын атап өткен жөн. 2019 жыл экономикалық дағдарыс әсер еткен 2018 жылға және коронавирустық инфекция пандемиясы әсер еткен 2020 жылға қарағанда, ҚМГ компаниялар тобының әдеттегі операциялық қызметіне анағұрлым жақын базалық жыл ретінде белгіленді.

ҚМГ жыл сайын Carbon Disclosure Project (CDP) - Climate Change Климаттық рейтингіне қатысады. 2020 жылғы жағдай бойынша ҚМГ «С» бағасына ие, бұл рейтингке қатысатын барлық компаниялардың орташа әлемдік бағасына, сондай-ақ «мұнай мен газды өндіру және өңдеу» санатындағы компаниялардың орташа көрсеткіштеріне сәйкес келеді. ҚМГ-нің 2022-2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде Компания CDP Климаттық рейтингін біртіндеп жақсартуды жоспарлап отыр және климаттық өзгерістерді басқару бойынша ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін көшбасшы компанияларға қолданылатын А бағасына қол жеткізу бойынша мақсат қойып отыр.
Климаттық тәуекелдерді басқару және орнықты даму жөніндегі халықаралық рейтингтерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ҚМГ TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) Климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі мақсатты топтың ұсынымдарына сәйкес есептілікті жүргізу стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр.