Климаттық күн тәртібінің маңыздылығын ескере отырып, 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ке төмендету бойынша елдік мақсаттарды қолдай отырып, «ҚазМұнайГаз» қызметті бірқалыпты, салмақты және дәйекті түрде декарбонизациялауға назар аударуға ниетті. Бұл міндетті шешу үшін ҚМГ-нің төменкөміртекті дамуының 2060 жылға арналған бағдарламасы (ТБЖЖ) қабылданды..
бойынша мақсатты бағыттар (Scope 1, 2)

Бұл мақсат жаңа жобаларды қамтымайтынын және ҚМГ-нің Төменкөміртекті даму бағдарламасының әзірленуіне қарай нақтыланатынын атап өткен жөн. 2019 жыл ҚМГ компаниялар тобының әдеттегі операциялық қызметіне анағұрлым жақын базалық жыл ретінде белгіленді..
Анықтамалық: CDP (Carbon Disclosure Project) компанияларды климаттық есептілік саласындағы ашықтығы мен әрекеттері бойынша бағалайды. 2024 жылы CDP 22 000-нан астам компанияны бағалап, нәтижелерін 2025 жылдың сәуірінде жариялады