алатын тұлғаларға арналған
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және осындай ақпаратты инсайдерлердің заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге арналған Қоғамның ішкі бақылау қағидаларына» және «Қоғамның бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі саясатына» сәйкес, Қоғамда басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын адамдарға және олардың байланысты тұлғаларына, Қоғамның жұмыскерлеріне, сондай-ақ Қоғамның инсайдерлік ақпаратына қол жеткізе алатын адамдарға жабық кезең ішінде Қоғамның бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Осыған байланысты, Сізге 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап жабық кезеңнің басталу күні туралы хабарлаймыз.
Жабық кезеңінің аяқталуы туралы ақпарат қосымша хабарланады.
алатын тұлғаларға арналған
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылғы 21 тамызында оның ішінде ресми веб-сайтында (https://www.kmg.kz/) 2025 жылдың 30 маусымда аяқталған үш ай үшін аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілік жарияланған сәттен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бағалы қағаздарымен мәмілелер жасаудың Жабық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.
Жабық кезеңнің басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.
ҚМГ өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына негіздейді. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, мінсіз бедел сақтайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
ҚМГ Комплаенс-жүйесі компания қызметінің заңнамаға, салалық стандарттар мен өзге де міндетті талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Оның элементтері компанияның қызмет түрлеріне интеграцияланған.
Бизнесті адал және этикаға сай жүргізу қағидаттары Іскерлік этика кодексінде бекітілген. Құжатта барлық қызметкерлерге қойылатын стандарттар мен талаптардың базалық жиынтығы бар.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясат
- Құпия ақпараттандыру саясаты
- Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты
- Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты
- Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары
- Іскерлік этика кодексі.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат
ҚМГ-нің әрбір қызметкері немесе кез келген үшінші тұлға кез келген қызметкердің, мердігерлік ұйымның немесе қызметі ҚМГ-мен байланысты басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына қатысты қандай да бір күмән туындаған жағдайда ҚМГ-ні хабардар етуге құқылы.
Бұл ақпарат этика және алаяқтыққа, ұрлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәуелсіз сенім телефоны арқылы хабарлануы мүмкін:
Құпия ақпарат телефоны: 8 800 080 47 47
WhatsApp нөмірі: +7 771 191 88 16
Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz
Интернет-портал: www.sk-hotline.kz