ҚМГ басшысы Өзенмұнайгаз және Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында өндірістік жиын өткізді
23.07.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Жиында кәсіпорынның ресурстық базасын толықтыру, мұнай алу коэффициентін арттыру және 2030 жылға қарай мұнай өндірудің тұрақты көлемін 5,9 млн тоннағадейін қамтамасыз ету бойынша шаралар қаралды.
Ескі кен орындарды оңалту бағдарламасын іске асыруға, игеріліп жатқан 157аймақта су айдауды басқару жүйесін жетілдіруге және Өзен мен Қарамандыбас кен орындарының интеграцияланған гидродинамикалық моделін құруға ерекше назар аударылып отыр.
ӨМГ-нің негізгі басымдықтарының бірі – ресурстық базаны толықтыру, оның ішінде тереңдігі 3000 метрденасатын екі бағалау ұңғымасын бұрғылау. Нәтижесінде қор өсімі 500 мың тоннадан астам мұнайды құрайды деп күтілуде.
Стратегияны іске асыру аясында жер қабатынан мұнай өндіру деңгейін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану көзделген. Кен орындарды игеруді ғылыми-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ілеспе қабат суының геохимиялық құрамын талдау және жер қойнауындағы қорды игеру тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеулер ауқымы кеңейіп келеді.
ӨМГ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында өндірістік қызметті цифрлық трансформациялауға бағыт алды. Геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және кен орындарды игеруді одан әрі дамытуға бағытталған «ABAI» интеллектуалды жүйесі базасында инженерлік шешімдерді қолдау үшін жасанды интеллект агенттері енгізілуде.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да (ММГ) өткен кеңесте компанияның кен орындарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру мәселелері қарастырылды.
Жиында ресурстық базаны ұлғайту, оның ішінде жиынтық геологиялық қоры 20 млн тоннаданасатын спутниктік кен орындарын дамыту шаралары талқыланды. Геологиялық барлау жұмыстарын дамыту тұжырымдамасы және 2032 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарға сәйкес алты спутниктік кен орында 3D-сейсмикалық барлау жүргізу, бағалау ұңғымаларын бұрғылау, заманауи геологиялық модельдерді құру, сондай-ақ Қаламқас, Жетібай және Оңтүстік Жетібай кен орындарының белгіленген аумағын кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, терең орналасқан триас-палеозой шөгінділеріне іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі және Оңтүстік Маңғышлақ пен Үстірт Бозашы мұнай-газ алабының жаңа перспективті учаскелері зерттелетін болады.
Мұнай өндіру коэффициентін арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде су айдауды басқару жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылуда. Жаңа ұңғымаларды бұрғылау мүмкіндіктерін бағалау, геологиялық-техникалық іс-шараларды таңдау және кен орындарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіге негізделген ABAI ақпараттық жүйесі қолданылады.
Асхат Хасенов ӨМГ және ММГ басшыларына ресурстық базаны толықтыру және өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау бағытындағы стратегиялық бастамалардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, компаниялардың алдына қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсарту бойынша нақты міндеттер қойды.