Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен SOCAR Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту және сату жөніндегі құжаттарға қол қойды

11.03.2024

11 наурызда Баку қаласында (Әзербайжан) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісімді және Қазақстан мұнайын сатып алу-сату бойынша стратегиялық ынтымақтастық орнату туралы меморандумды қабылдады.

Екіжақты құжаттарға Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы Президенттерінің қатысуымен ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және SOCAR Президенті Ровшан Наджаф қол қойды.

Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім Ақтау – Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін жылына 2,2 млн тоннаға ұлғайтуды көздейді.

Бұл келісім аясында тараптар Ақтау – Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша тасымал тарифтерін төмендету, сондай-ақ Қазақстан мұнайын Баку – Супса бағыты бойынша тасымалдау мәселелерін талқылауды жалғастырады.

Еске сала кетсек, 2022 жылы ҚМГ мен SOCAR Ақтау – Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай транзитіне қатысты келісімге қол қойған болатын.

Қазақстан мұнайын сатып алу-сату бойынша стратегиялық ынтымақтастық орнату туралы меморандум SOCAR тобына қарасты мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу, сондай-ақ өңірлік және әлемдік нарықтардағы трейдингі үшін Қазақстан мұнайын сатып алу-сатудың жалпы талаптары мен қағидаттарын айқындайды.

«Бүгін қол қойылған құжаттар біздің компаниялар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өзінің үлесін қосады және Қазақстан мұнайын әлем нарығына жеткізу үлесін арттырады», — деді М.Мырзағалиев.

Анықтама:

Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) – орталық кеңсесі Әзербайжанда орналасқан жаһандық энергетикалық компания. Энергия ресурстарын өндіру, өңдеу және үлестірумен айналысады. Оңтүстік Кавказ өңірінің интеграцияланған ірі энергетикалық кәсіпорынның әлем бойынша бөлімшелері бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>