Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Sinopec компаниясымен геологиялық зерттеулер жүргізуге келісті

18.05.2023

2023 жылы 18 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Sinopec International Energy Investment Limited (Sinopec) ҚР жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойды.

Құжат негізгі және аз зерттелген шөгінді алаптар шегінде орналасқан 17 барлау учаскесін бірлесіп зерттеуді көздейді. Учаскелердің мүмкіндіктері расталған жағдайда тараптар көмірсутектерді барлау мен өндіру үшін келісімшарт жасау ықтималдығын қарастыратын болады.

Сонымен қатар SINOPEC кен орындарды геологиялық барлау мен игеру саласында тәжірибе алмасу процесін ұйымдастырады.

«Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласы бойынша қол қойылған бұл келісім барынша перспективалы бағыттарды анықтауға және алдағы уақытта Қазақстан аумағында жаңа кен орындарды өнеркәсіптік игеру жұмыстарын қолға алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>