Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының орынбасары KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының «EmpowerHER energy forum» форумының пленарлық сессиясына қатысты

05.10.2023

2023 жылы 3 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ, Компания) Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының «EmpowerHER energy forum» тақырыбында өткен форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Пленарлық сессияда энергетика секторындағы тең мүмкіндіктер мәселесі   талқыланды.

Отырысқа Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының, мемлекеттік органдардың, KAZENERGY қауымдастығының басшылары мен іскер топтардың өкілдері қатысты. Д.Арысова «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тұрақты даму бағыттарының бірі – әйелдердің іскерлік мүмкіндіктерін қолдау тақырыбында сөз сөйледі.

Бүгінде «ҚазМұнайГаз» 47 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. ҚМГ-нің адам капиталын дамыту қағидаларының бірінде гендерлік теңдікті сақтау және кез келген деңгейде кемсіту әрекеттерінің болмауы көрсетілген. Сондықтан компания тұрақты даму саласындағы жаһандық ұсыныстарды, соның ішінде ерлер мен әйелдерге тең мүмкіндік беру бастамаларын қолдайды.

«ҚазМұнайГаз» компанияның даму стратегиясы шеңберіндегі басым мақсаттардың бірі ретінде тұрақты даму бағытын таңдады. Компания бұл бастамаларды іске асыруды жалғастырады және компанияның дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдерге қолдау көрсетеді», — деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Д. Арысова.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>