Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі жаңа ұйымдық құрылымды бекітті

08.02.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «Компания») 2019 жылдың 6 ақпанында Директорлар кеңесінің мәжілісі өткенін хабарлайды. Мәжіліс барысында Компанияның ұйымдық құрылымын өзгертіп, төменде көрсетілген негізгі бизнес-бағыттарды басқару процестерінің ара-жігін ажырату туралы шешім қабылданды:
- геология және барлау бойынша,
- өндіріс бойынша,
- мұнайды қайта өңдеу және маркетингі бойынша,
- мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бойынша.
Жаңа құрылымға сәйкес басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары қызметі қысқартылып, оның орнына басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары мен басқарма төрағасының барлау және геология жөніндегі орынбасары лауазымдары енгізілді. Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары қызметінің орнына басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары және басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбыры құрылысы жөніндегі орынбасары қызметтері енгізілді. Бұдан басқа, «Маңғыстаумұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» жөніндегі басқарушы директор лауазымы қысқартылды.
Осыған орай 2019 жылдың 7 ақпанынан бастап негізгі бизнес-бағыттардың дамуына жетекшілік ететін тиісті салалардағы кәсіби мамандар тағайындалды:

- Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қ.Есқазиев ресурстық базаны кеңейтуге және еншілес кәсіпорындардың қорларын тиімді басқаруға жауап беретін болады;

- Тиесов Данияр Сүйіншілікұлы басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды және басты өндірістік көрсеткіштердің орындалуына жауап беретін болады;

- Берлібаев Данияр Әмірбайұлы басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметте ол мұнайдың экспорты мен тасымалдануына, экспорт нарықтарында мұнайдың әрі қарай өңделуіне, Компания үшін құнды барынша көбейтуге, сондай-ақ газбен қамтамасыз ету жөніндегі «Сарыарқа» стратегиялық жобасын іске асыруға жауап беретін болады.

2019 жылдың 11 ақпанынан бастап Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Ж.Марабаев мұнай мен газ өндірудің жоспарлы көрсеткіштеріне жетуге, өндірістік қызметтің ұйымдастырылуы мен үйлестірілуінің тиімділігін арттыруға жауап беретін болады.
Жаңа ұйымдық құрылым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да өндірістің және корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға, өзекті шешімдердің жедел қабылдануын қамтамасыз етуге және Компанияның орталық кеңсесі мен еншілес тәуелді ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға тиіс.
Компания бұл өзгерістер еңбекақы төлеу қорына қосымша қаржылай шығын келтірмейтінін атап көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>