Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Көмірсутектерді игеру үшін Қазақстанның жаңа инвестициялық климаты

12.02.2024

2023 жылғы 28 желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес ірі кен орындары бойынша тікелей келіссөз жүргізу негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты – бұл көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның 50% және одан көп мөлшерде үлестік қатысуы.

Заңнамалық өзгерістер жаңа жұмыс орындарын ашуға және геологиялық барлау ісіне жыл сайын 200 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуға ықпал етпек. Бұдан басқа, заң түрлі сараптамалардың мерзімін 8-12 айға қысқарту және рәсімдер бойынша әкімшілік кедергілерді екі еседен астам, 120 күннен 50 күнге дейін азайту есебінен практикалық геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшуді көздейді.

Жаңа заң шикізат секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде модернизациялау, кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы геологиялық барлау және кен орындарын игеру жобаларын келісу мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту міндетін шешеді.

Бұл өзгерістер көмірсутектерді геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сейсмикалық барлау нәтижелері бойынша айыппұлсыз ұңғыманы бұрғылаудан бас тартуға, қарсы міндеттемелерді бекіте отырып, жұмыстарды толық аяқтау үшін бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзартуға, бір адамға тиесілі жер қойнауы учаскелерін кеңейту/азайту рәсімін жеңілдетуге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционға қатысу үшін құжаттар тізбесін қысқартуға бағытталған.

Заң ескіріп жатқан кен орындарына инвестиция тартуды да ынталандырады: ескі кен орындарының өлшемшарттары және жер қойнауын пайдаланушылардың қарсы инвестициялық міндеттемелері айқындалған, жер қойнауын пайдаланушылардың әкімшілік шығындарын, оның ішінде «қағаз келісімдер» мерзімдерін қысқарту және базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыру есебінен азайтуды көздейді. Мысалы, бюрократиялық әуре-сарсаңға түспеу үшін келесі шаралар қарастырылған:

  • құрлықта барлаудың іздестіру сатысының жобалау құжаттарын ҚР көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия сараптамасынан өткізбей, хабарлама жасау тәртібіне көшу;
  • экологиялық сараптамаға дейінгі базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу;
  • базалық жобалау құжаттарын мемлекеттік сараптау кезінде қаржы-экономикалық көрсеткіштерді бұрын жүргізілген бағалауға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға толықтырулардың экономикалық сараптамасын алып тастау;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың ресми негіздерді өткізіп алған жағдайда оларды болдырмау мақсатында өндіру кезеңін ұзартуға өтініш беру мерзімдерін қысқарту;
  • құзыретті орган анықтаған техникалық қателер жойылғаннан кейін жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционға қатысуға өтінішті қайта беру мүмкіндігі.

Заңнамалық новеллалар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде құқық қолдану практикасындағы олқылықтарды және қосарланған түсіндіруді жоюға бағытталған. Басқаша айтқанда, мұндай нормалар бір мағыналы және айқын түсіндіруге дейін саяды:

  • дайындық кезеңінде жүзеге асырылатын жұмыс түрлерінің толық тізбесін бекіту;
  • Ұлттық пошта операторында жер қойнауын пайдалану салдарын жою үшін ақша сақтау мүмкіндігі.
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-процестерді цифрландыру бойынша пилоттық жобаларды ерікті негізде жүргізу;
  • жер қойнауын пайдалану құқығына және онымен байланысты объектілерге ауыртпалық салудың жеке тәртібін белгілеу.

Жалпы, заң қысқа уақыт ішінде салаға шамамен 9 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция ағынын қамтамасыз етуге, «Шығыс Өріктау» кен орнын іске қосуға және бірқатар газ кен орнын сынамалық пайдалану кезеңіне көшуге мүмкіндік берген «жақсартылған модельдік келісімшарт» тетігін 2023 жылы қаңтар айында енгізуден басталған жер қойнауын пайдалану саласын реформалаудың жалғасы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ