Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жақсартылған модельдік келісімшарттың артықшылығы

28.01.2024

Жақсартылған модельдік келісімшарт (ЖМК) өзекті болжамды геологиялық деректерінің болмауына және капиталды қажетсінуіне байланысты, әлеуетті инвесторлар үшін тартымсыз болып табылатын күрделі учаскелері бар жобаларға қаржы тартуға көмектеседі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 29 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамалық түзетулердің пакетін ЖМК тетігін енгізу бойынша ҚР Үкіметі үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып әзірледі, сондай-ақ мемлекет пен инвестордың мүдделері арасындағы теңгерімді тәсілге де негізделген. ЖМК тетігін қолданысқа енгізу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстерге және еліміздің басқа да заңдарына өзгерістер енгізілді.

ЖМК әзірлеу бойынша жұмысқа ірі әлемдік мұнай-газ компанияларының, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» және «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының өкілдері тартылды.

ЖМК нысандарына теңіз және газ жобалары, сондай-ақ құрлықтағы күрделі жобалар жатады.

Жер қойнауын пайдаланушылар ЖМК арқылы келесі преференцияларды ала алады:

  • құрамындағы күкіртсутегі жоғары (3,5% және одан да көп) перспективалық учаскелер, тұзға дейінгі шөгінділердің қалыңдығы кемінде 100 м болатын, сонымен бірге көмірсутек жиналуы мүмкін құрылымдық емес қабаттары бар кен орындарын игеру жобалары үшін мемлекеттен қолдау көрсету;
  • мүлік салығы бойынша жеңілдіктер беруді және табыс салығы мақсаттары үшін күрделі шығындарды есепке алудың жекелеген тәртібін қолдану;
  • ұсынылатын преференциялар пакетінің тұрақтылығы (бұл ретте тұрақтылық тұтастай алғанда салық, экологиялық заңнамаға және бәсекелестік саласындағы заңнамаға қолданылмайды);
  • Қазақстан соттарында да, халықаралық төрелікте де бұзылған құқықтарды қорғау мүмкіндігі;
  • тек тек күрделі жобалар үшін барлау мерзімін 3 жылға ұзарту;
  • барлау кезеңінен өндіру кезеңіне оңайлатылған көшу.

 Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері:

  • мамандар мен жұмысшылар бойынша кемінде 70% елішілік кадрлық теңгерімді сақтау (бүгінгі күні бұл шек кемінде 20% ұлғайтылды);
  • оқытуға, ҒЗТКЖ-ға және өңірді әлеуметтік дамытуға төлемдер жасау бойынша барлық ағымдағы міндеттемелерді орындау, сондай-ақ ірі жобалар үшін қосымша инвестициялық міндеттемелерді бекіту;
  • өндіру кезеңінде тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен жергілікті жеткізушілерді дамыту бағдарламасын міндетті түрде әзірлеу.

2023 жылғы 6 ақпанда күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруде ЖМК қолданылатын, Қазақстандағы көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа қол қойылды: ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық әріптесі «Лукойл» компаниясымен бірлесе іске асырылатын «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы бойынша көмірсутек шикізатын өндіруге арналған жақсартылған модельдік келісімшарт жасасты.

Бұл жобаны іске асыру 32 млн АҚШ доллары көлемінде қол қою бонусын төлеуді, 6 млрд АҚШ долларынан астам сомада тікелей инвестициялар тартуды және жобаны жайластырудың бастапқы кезеңінде шамамен 2 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді

Жақсартылған модельдік келісімшарт (ЖМК өту туралы қосымшаға 2023 жылдың маусымында қол қойылды) преференцияларының қолданылуы аясында іске асырылған Қазақстандағы алғашқы кен орны - 2023 жылғы 4 желтоқсанда өнеркәсіптік өндіріске қосылған Шығыс Өріктау кен орны болып табылады. ЖМК Шығыс Өріктау жобасының экономикасын бірнеше есе жақсартады. Ішкі нарықтағы газ тапшылығына байланысты Өріктау жобасын іске асыру стратегиялық тұрғыдан өте маңызды және Ақтөбе өңірі үшін тауарлық және сұйытылған газдың қосымша көлемін алуға мүмкіндік береді.

2024 жылы Шығыс Өріктауда 89 мың тонна мұнай және 46 млн текше метр газ өндіріледі деп күтілуде. Газ конденсатты Шығыс Өріктау кен орнын іске қосу жылына 1 млрд текше метр көлемінде газ өндіру жоспарланып отырған, табиғи газдың айтарлықтай қорын қамтитын Орталық Өріктау кен орнын толық көлемде игеруге бағытталған маңызды қадам.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ