Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Бүгінгі таңда ҚМГ-нің 25 өндірістік кәсіпорнында әртүрлі әлеуметтік қолдау көзделген ұжымдық шарттар жасалды.

ҚМГ-де қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін әлеуметтік қолдаудың 50-ден астам түрі көзделген.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрлі жәрдемақыларды, кепілдіктер мен өтемақыларды қамтиды: сауықтыруға материалдық көмек, жүктілікке және босануға байланысты төлемдер, қызметкерлерге бала күтімі бойынша демалыста төленетін ай сайынғы төлемдер, басқа жұмысқа ауысу мүмкін болмағанда еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы, жалпы еңбекке жарамсыздығына және басқаларына байланысты төленетін өтемақы. Сондай-ақ Компания ерікті медициналық сақтандыруға және қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыруға әлеуметтік кепілдіктер береді.

Жыл сайын ҚМГ 20 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

Әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктердің барлық нормалары ұжымдық шарттарға сәйкес орындалады

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арқылы ҚМГ жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктерін негізге ала отырып, әкімдіктер бөлетін өңірлерді дамытуға қаражат бөледі.

Сондай-ақ, ҚМГ «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асыратын «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық бағдарламасы аясында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда.

Қордың жобалары туралы ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://sk-trust.kz/projects.